О проведении приписки граждан 1994 года рождения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1994 жылы туған азаматтардың жазуын өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, 37-бабының 3-тармағына, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына, 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" № 371 Қаулысына, 2005 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының әскери басқару жергілікті органдары туралы Ережені бекіту туралы" № 1232 ҚҚҮ Қаулысына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Павлодар облысы Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ҚІБ) шақыру учаскесіне 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1994 жылы туған азаматтарды жазу бойынша шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға және ҚІБ бастығы А.К.Саринге жүктелсін. Келісілді Ертіс ауданының ҚІБ бастығы А. Сарин 2010 ж. 20 желтоқсан