Об увеличении предельной численности аппарата управления Государственного комитета Республики Казахстан по статистике и анализу на период 1995-2001 годы Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1995-2001 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi басқару аппаратының шектi санын ұлғайту туралы "1999 жылы Қазақстан Республикасында Халық санағын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылдың 3 сәуiрдегi N 389 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң басқару аппаратының шектi саны 1995-2001 жылдары 28 адамға, соның iшiнде орталық аппараты 7 адамға ұлғайтылсын. Осы көрсетiлген кезеңге "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құрылымдық қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 маусымдағы N 813 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрамына халық санағы жөнiндегi бөлiм мен Төрағаның орынбасары - халық санағы бөлiмiнiң бастығы лауазымы енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi алқасының құрамына Төрағаның орынбасары - халық санағы жөнiндегi бөлiм бастығы кiредi деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қызмет бабындағы жеңiл автомашиналарының шегi, 1995-2001 жылдарға 21-ге, соның iшiнде орталық аппарат үшiн 1-ге көбейтiлсiн.
Тармақ 4
4. Халық санағына байланысты шығыстарды қаржыландыру республика бюджетiнiң "Халық шаруашылығы" тарауында көзделген жалпы шығыстардың есебiнен жүргiзiлсiн.