О приписке граждан 1995 года рождения проживающих в Улытауском районе к призывному участку в период январь-март месяца 2012 году Қолданыста
Басқа 0
Ұлытау ауданы аумағында тұратын 1995 жылы туған азаматтарды 2012 жылы қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес, Ұлытау ауданының әскерге шақыру учаскесіне 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған азаматтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 1995 жылы туған азаматтарды Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеу жұмыстары 2012 жылдың қаңтар-наурыз айлар аралығында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. "Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (майор Руслан Нүсіпханұлы Шакерхановқа келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;
Тармақша 2
2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс беру тапсырылсын;
Тармақша 3
3) Барлық аудан орта мектептер арасында жоғары әскери оқу орындарына үгіт насихат жұмысын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Берик Базылұлы Ақышбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
2011 жыл 14 желтоқсан
"Ұлытау ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Р. Шакерханов