Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1995 года рождения к призывному участку в 2012 году Қолданыста
Басқа 0
2012 жылы шақыру учаскесіне 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына сәйкес Таран ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылғы қаңтар-наурызда "Қостанай облысы Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне аудан аумағындағы 1995 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. "Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Таран аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) "Қостанай облысы Таран ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге (келісім бойынша) тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізуге ұсыныс етілсін.
Тармақ 3
3. "Қостанай облысы Таран ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) "Таран ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге 1995 жылы туылған ер азаматтарды 2012 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар өткізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Таран
ауданының қорғаныс жөніндегі
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________________ О. Имашев
"Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
"Таран аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
____________________ Н. Әбішев