Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 1995 года Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.1995. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды 1995 жылғы қазан-желтоқсанда мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк әскери қызмет туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметшiлердi запасқа шығару туралы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1995 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" 1995 жылғы 2 қыркүйектегi N 2474 Жарлығының негiзiнде:
Тармақ 1
1. 1977-1968 жылдары туылған, шақырудан кейiнге қалуға құқы жоқ азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке және Қарулы Күштер қатарына шақыру мен жөнелту 1995 жылдың 2 қазанынан бастап 1 желтоқсанға дейiн жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстың аудандық /қалалық/ шақыру комиссияларына басшылық ету және қызметiне бақылау жасау үшiн мына құрамда облыстық шақыру комиссиясы құрылсын: - Нұров Т.М. - облыстың әскери комиссары, комиссия төрағасы - Шкут А.М. - облыс әкiмшiлiгi iшкi iстер басқармасы бастығының кадрлар жөнiндегi орынбасары - Щербина В.В. - облыс әкiмшiлiгi денсаулық сақтау департаментi бастығының орынбасары Аудандық шақыру комиссиясы жұмысын 1995 жылғы 2 қазанда, облыстық шақыру комиссиясы 9 қазанда бастасын. Облыстық шақыру комиссиясы өзiнiң машықтық жұмысында Қазақстан Республикасының жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Оңтүстiк Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының талаптарын басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Облыстың жиналу пунктiнiң, облыстық шақыру комиссиясының жұмысы Еңбекшi ауданының әскери комиссариат базасында ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмшiлiгiнiң денсаулық сақтау департаментi /Момынов/: - Қорғаныс Министрлiгiнiң 1987 жылғы N 260 бұйрығымен анықталған, медициналық айғақтаудың мөлшерi мен әдiстемесiне сәйкес облыстық, аудандық және қалалық әскери комиссариаттар белгiленген мерзiмiнде облыстық жиналу пунктiнде және аудандық, қалалық шақыру комиссияларында маман-дәрiгерлердiң шақырушыларды, әскери училищелер мен республикалық әскери мектеп-интернаттарға үкiметтердi қатаң түрде медициналық айғақтаудан өткiзуiн ұйымдастырсын; - шақыру комиссияларының жолдауы бойынша шақырушыларды стационарлық тексеруден жедел өткiзсiн. Шақырушыларды барлық шақыру учаскелерiнде флюорографиядан өткiзсiн, медициналық бақылау комиссиясының жұмысы кезiнде облыстың жиналу пунктiне жылжымалы рентген қондырғысын бөлсiн; - 1996 жылғы 10 қаңтарға дейiн аудандық, қалалық және облыстың медицина комиссияларының жұмыс нәтижесiн талдасын, әскери бөлiмдерден, жиналу пунктiнен шақырушылардың қайту себебiн зерттесiн және шақыру мерзiмiне дейiнгi жастар мен шақырушыларды медициналық жағынан айғақтауды, жастардың Қарулы Күштер қатарына даярлығын медициналық жағынан қамтамасыз етудi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрленсiн; - шақыру мерзiмiне дейiн шақырушылардың медициналық жағынан айғақталуын ұйымдастыру жөнiнде облыстық, аудандық және қалалық медицина комиссияларының дәрiгерлерiмен жиындар өткiзсiн; - облыстық, қалалық және аудандық денсаулық сақтау органдарының өтiнiштерi бойынша шақыру кезеңiнде дәрiгер мамандарын жiберсiн, сонымен қатар қажеттi медициналық құралдармен қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмшiлiгiнiң мәдениет басқармасы /Әжiбеков/: - облыстың жиналу пунктiнде, шақыру учаскелерiнде көркемөнерпаздар ұжымының өнер көрсетуiн және басқа да бұқаралық мәдени шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық кинобейне өндiрiстiк бiрлестiгi /Хаятов/ облыстың жиналу пунктiнде хроникальды-құжатты және көркем суреттi кинофильмдердiң көрсетiлуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық мемлекеттiк сауда департаментi /Әбибуллаев/ мен облыстық тұтынушылар одағы /Реймер/ шақыру учаскелерi мен облыстың жиналу пунктiнде күнделiктi сұранымдағы тауарлар мен тағамның сатылуын ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Облыс әкiмшiлiгiнiң iшкi iстер басқармасы /Сұлтанов/: - команданы жөнелту күндерiнде облыстың жиналу пунктiнде, темiржол бекеттерi мен шақыру учаскелерiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуына және азаматтардың әскери қызметке шақырылуын өткiзуде, сондай-ақ шақырушыларды тасымалдау кезiнде жол қауiпсiздiгiн сақтауда әскери комиссариаттарға көмек көрсетсiн; - "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет туралы" Заңды орындаудан бас тартқандарды iздестiрудi жүргiзсiн.
Тармақ 9
9. ДОСААФ-тың облыстық комитетi /Шанбаев/, облыс әкiмшiлiгiнiң жастар iсi, саяхат және спорт жөнiндегi басқармасы /Бектаев/: - шақырушылар арасында спорттың әскери қолданбалы түрлерi бойынша спорттық разрядтар, ГТО кешенiнiң нормативтiк тапсыруын және бұқаралық-қорғаныс жұмыстарын күшейтсiн, сонымен қатар облыстық жиналу пунктiнде ГТО кешенiнiң жекелеген нормативтерiн айғақтауда шақырушылардың бiр бөлiгiн тексерудi ұйымдастырсын.
Тармақ 10
10. Жолаушылар тасымалдау автокөлiгi Шымкент өндiрiстiк бiрлестiгi /Әлиев/ әскери комиссариаттардың өтiнiштерi бойынша аудандар мен қалалардың облыстың жиналу пунктiне, темiр жол бекетi мен ұшақжайға шақырушыларды тасымалдау үшiн қажеттi мөлшерде тариф бойынша ақы төлеу арқылы техникалық жағынан жарамды автобустар бөлсiн.
Тармақ 11
11. Қалалық көрiктендiру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы /Ордабаев/ облыстық комиссариаттың тапсырысы бойынша әскери бөлiмдерден толықтырушы жастар үшiн келген әскери қызметкерлердi Шымкент қаласының мейманханаларына орналастырсын.
Тармақ 12
12. Облыстық баспахана /Напзаров/ азаматтардың әскери қызметке шақырылуын қамтамасыз ету үшiн бiрiншi кезекте қажеттi бланкiлер әзiрлесiн.
Тармақ 13
13. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi: - 1995 жылғы қазан-желтоқсан аралығында шақыру өткiзу және жастарды Қарулы Күштер қатарына даярлау жөнiндегi қажеттi шараларды өткiзсiн; - шақыруды ұйымдастыру және өткiзу, шақырылғандарды әскери бөлiмдерге жөнелту үшiн әскери комиссариаттарды жарамды жабдықтармен, жайлармен қамтамасыз етсiн және қажеттi мөлшерде дәрiгерлер,техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететiн адамдар бөлсiн; - Шымкент қаласының әкiмi /Белгiбаев/ облыстық әскери комиссариаттың өтiнiшi бойынша облыстың жиналу пунктiнiң жұмысын қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер мен дәрiгерлер бөлсiн.
Тармақ 14
14. Бағыныштылығы мен меншiк нысанына қарамастан кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары шақырушыларды iссапардан /демалыстан/ шақырып алсын және олардың шақыру учаскесiне өз мерзiмiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 15
15. Шақырудың қорытындылары облыс әкiмшiлiгiнiң 1996 жылғы қаңтардағы мәжiлiсiнде қаралсын.
Тармақ 16
16. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмi аппаратының құқық қорғау органдары бөлiмiне /Бейсалиев/ жүктелсiн.