О проведении приписки граждан мужского пола, 1995 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Жанааркинского района Қолданыста
Басқа 0
Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес, Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу, оларды әскери есепке алуды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпыбілімділік деңгейін және мамандығын белгілеу, шақырушылардың дене шынықтыруының дайындық деңгейін анықтау мақсатында, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2012 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін өткізілсін.
Тармақ 2
2. Жаңаарқа ауданының ауылдық округтар және кент әкімдері ұландардың Жаңаарқа ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Жаңаарқа ауданы әкімінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы "Жаңаарқа ауданы аумағында тұратын 1994 жылы туған азаматтарды 2011 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу шараларын ұйымдастыру туралы" № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-12-97 болып тіркелген, "Жаңаарқа" газетінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 66-67 (9422) санында жарияланған) күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Марат Жандаулетұлы Жандаулетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.