О проведении приписки граждан 1995 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Осакаровского района Қолданыста
Басқа 0
Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде 1995 жылы туған азаматтарға тіркеу өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарға Осакаров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде 2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында тіркеу жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахметуллаұлы Бикеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.