О проведении приписки граждан 1995 года рождения к призывному участку Қолданыста
Басқа 0
1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу 2012 жылдың қаңтарынан наурызы аралығында жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның селолық және ауылдық округтердің, селолар мен кенттердің әкімдері азаматтардың ұйымшылдықпен келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары (Асхат Сағадиұлы Әли) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесін өткізсін.
Тармақ 4
4. 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу қорытындылары туралы ақпарат 2012 жылдың 10 сәуіріне дейін Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратына ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Бұқар жырау ауданы әкімінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 7 "1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-11-105 болып тіркелген, аудандық "Сарыарқа" № 51 газетінде 2010 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.