О проведении приписки граждан мужского пола, 1995 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны Абайского района Қолданыста
Басқа 0
Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес, Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу және оларды әскери есепке алу мақсатында, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу 2012 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін өткізілсін.
Тармақ 2
2. Абай ауданының кент, ауылдық округтар және ауыл әкімдері ұландардың Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Абай ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы "Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы" N 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-91 тіркелген, 2011 жылғы 7 қаңтардағы N 1 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Махамбет Төлеубайұлы Жаңабергеновке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.