О проведении приписки граждан 1995 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Карагандинской области Қолданыста
Басқа 0
1995 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласының бiрiктiрiлген қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi (Бекмағамбетов Б.Ә. келiсiм бойынша) 2012 жылғы қаңтар-наурыз аралығында 1995 жылы туған азаматтарды, сондай-ақ бұрын Балқаш қаласының бiрiктiрiлген қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң шақыру учаскесіне тiркелмеген жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскесіне тiркеуді жүргiзсiн.
Тармақ 2
2. Мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың басшыларына, оқу орындары мен басқа қоғамдық салалардың директорларына әскерге дейiнгi жастарды медициналық тексеруден өту және құжаттарды жинау үшiн, шақыру қағаздарын алысымен жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Приозерск қаласы әкімінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 2 "1994 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласы біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру теліміне тіркеуді жүргізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-4-212 тіркелген, 2011 жылдың 22 қаңтарында № 2 (211) "Приозерский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
КЕЛIСIЛДI
Балқаш қаласы қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
подполковник
________________ Б.Ә. Бекмағамбетов
2011 жылғы 23 желтоқсан