Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1995 года рождения к призывному участку Жангельдинского района Костанайской области Қолданыста
Басқа 0
1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды Қостанай облысы Жангелдин ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес Жангелдин ауданының әкімі ШЕШТI:
Тармақ 1
1. 2012 жылғы қаңтар-наурызда аудан аумағында "Қостанай облысы Жангелдин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарының тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Ауылдық округтер мен селолардың әкімдері тіркеуге жататын азаматтарды шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының "Жангелдин орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Жангелдин ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп, тіркеу бойынша іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің Жангелдин аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеуден жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы ішкі
істер Министрлігі Қостанай
облысының ішкі істер
Департаменті Жангелдин
ауданының ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
______________ А. Қабажаев
"Қостанай облысы Жангелдин
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ Қ. Төлебаев
Қостанай облысы әкімдігінің
Денсаулық сақтау басқармасының
"Жангелдин аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорынының бас дәрігері
______________ Қ. Исмайлов