О проведении приписки по Актогайскому району граждан 1995 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Қолданыста
Басқа 0
Ақтоғай ауданы бойынша 1995 жылы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған азаматтарды тіркеу, оларды әскери есепке қою, санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында 2012 жылғы 01 сәуірге дейін жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Тіркеуге жататын азаматтар шақыру қағаздарын алған күннен бастап білім беру ұйымдарының және басқа ұйымдардың басшылары оларды дәрігерлік сараптамадан өту және құжаттар жинау үшін жұмыстан, оқудан босатсын.
Тармақ 3
3. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіретін денсаулығы жарамды адамдарды анықтау жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы (Б.А. Бекмагамбетов - келісім бойынша) 1995 жылы туған азаматтарды тіркеудің қорытындылары туралы ақпаратты Ақтоғай ауданының әкіміне 2012 жылғы 15 сәуір қарсаңында ұсынсын.
Тармақ 5
5. Ақтоғай ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы N 02-ш "Ақтоғай ауданы бойынша 1994 жылғы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне N 8-10-126 болып тіркелген, 2010 жылғы 31 желтоқсандағы "Тоқырауын тынысы" газетінің N 52 (7266) жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Әбеуоваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Балқаш қаласының қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімінің бастығы
_______________ Б.А. Бекмагамбетов
2012 жылғы 17 қаңтар