О проведении приписки граждан 1995 года рождения к призывному участку Қолданыста
Басқа 0
1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа алып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысы Жылыой ауданының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары ұйымдастырылсын және жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Ахметовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.