1996-1999 жылдардағы облыстық «Инвестиция-Газ» орналастырудан түскен табыстарды әрі қарай пайдалану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 281 «Арысқұм иінінің Оңтүстік Торғай құламасындағы мұнай және газ кен орындарының ілеспе және табиғи газдарын кешенді және тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы» қаулысын және облыс әкімінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 184 «1996-1999 жылғы облыстық «Инвестиция-Газ» заемын орналастырудан түскен табыстарды әрі қарай пайдалану туралы» шешіміне сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1996-1999 жылдардағы облыстық «Инвестиция-Газ» орналастырудан түскен табыстарды әрі қарай пайдалану туралы от 29.03.2001 г. № 436 (1996-1999 жылдардағы облыстық «Инвестиция-Газ» орналастырудан түскен табыстарды әрі қарай пайдалану туралы)
0
1
1. 1996-1999 жылдардағы облыстық «Инвестиция-Газ» заемын орналастырудан түскен табыс 27401790 (жиырма жеті миллион төрт жүз бір мың жеті жүз тоқсан) теңге көлемінде шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда-Инновация» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның (одан әрі - «Қызылорда-Инновация» МКК) жарғылық қорын өсіру үшін облыс әкімінің құрылтайшы жарнапұл ретінде анықталсын.
2
2. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген ақшалай қаражаттар «Қызылорда-Инновация» МКК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 ақпандағы № 281 қаулысының 2 тармағын жүзеге асыру үшін пайдаланады.
3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары К.Нүрекешовке жүктелсін.