Об утверждении лимита добычи сайгаков в Республике Казахстан в 1996 году Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасында 1996 жылы ақбөкендердi аулау лимитiн бекiту туралы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомстволары, 1993 ж., N 18, 439-бет) 13 және 20-баптарына сәйкес республикада жануарлар дүниесi ресурстарын ұтымды пайдалану және ақбөкендердi аулауды ұйымдастыруды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
Тармақ 1
1. Ақбөкендердi аулаудың 1996 жылға арналған 60 мың бас мөлшерiндегi лимитi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi Экология және биоресурстар министрлiгiмен келiсiм бойынша ғылыми ұсыныстар негiзiнде ақбөкендердiң өсуi бойынша оларды аулаудың лимитiн бөлсiн, ақбөкендердi аулау құқығына рұқсаттар берудi және осы жануарлар кәсiпшiлiгiн жүргiзуге, қорғауға және ұдайы өсiруге
бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгi жануарлар дүниесiн пайдалануға, оларды қорғаудың
жай-күйiне және ұдайы өсiруге мемлекеттiк бақылау орнатсын.