О реализации Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, "О республиканском бюджете на 1996 год" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға: шығыстар 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен 3474300 мың теңгеге көбейтiлсiн; 1997 жылдың 15 қаңтарына дейiн шығыстардың түрлерi бойынша бюджеттiк тағайындамалар нақтылансын, олар ведомстволық бағыныстағы ұйымдар бойынша бөлiнсiн және ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне қаржы 13685200 мың теңге сомасында бөлiнсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 1997 жылдың 15 қаңтарына дейiн облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерiнiң арасында осы қаржының атаулы бөлiнуiн жүзеге асырсын; республикалық бюджеттен облыстардың әкiмдерiне бұрын берiлген қарыздары 2-қосымшаға сәйкес аталған соманың есебiне есептелсiн. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi бөлiнген қаржыны жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттiк мекемелердiң тұтынылған электр және жылу энергиясы және басқа да шығыстары үшiн берешектерiн өтеуге бағыттасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiн бюджет қаражатының есебiнен ұсталатын мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп толық пайдаланылмаған қаржыны ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасындағы олар көрсеткен қызмет үшiн борыштарды өтеудi соңғыларының республикалық бюджеттiң алдындағы мiндеттi төлемдерi мен басқа да қаржылық мiндеттемелерi бойынша берешектерiн өтеудiң есебiне өтеудi жүзеге асырсын. Аталған борыштарды өтеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 339-бабына сәйкес несие берушi құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы тәртiбiн пайдалана отырып шарттық келiсiмдерге орай жүргiзiлiне алады; үстiмiздегi жылдың 5 ақпанына дейiн осы мәселе бойынша атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы Үкiметке баяндалсын.
Тармақ 4
4. Бюджеттiк мекемелердiң 1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бар берешектерiн толықтай жоюды қамтамасыз ету мақсатында облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне бюджеттiк борыштарды өтеу жөнiнде осы секiлдi жұмыс жүргiзу ұсынылсын. Қорытындылары туралы 1997 жылдың 10 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне баяндасын.
Тармақ 5
5. "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 48
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "487 1996 жылы мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығына алынған мемлекеттiк iшкi борыш пен несиелерге қызмет көрсету нолдiк ставка бойынша жүзеге асырылады деп белгiленсiн"; аталған қаулыға 1-қосымшада: "Кiрiстер" бөлiгiнде: "Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар" деген I бөлiмде: "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнен және екiншi сатыдағы банктерден бюджетке алынатын түсiмдер, барлығы" деген жолдар бойынша "4983800" деген сан "824300" деген санмен ауыстырылсын; "үстiмiздегi жылдың пайдасынан" деген жол бойынша "4159500" деген сан "0" деген санмен ауыстырылсын; "алымдар және салыққа жатпайтын түрлi кiрiстер, барлығы" деген жол бойынша "17772400" деген сан "21931900" деген санмен ауыстырылсын; "өзге де түсiмдер" деген жол бойынша "9607400" деген сан "13766900" деген санмен ауыстырылсын; "Шығыстар" бөлiгiнде: "Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар" деген 1 бөлiмде: "Халық шаруашылығын қаржыландыру, барлығы" деген жол бойынша: "халық шаруашылығын" деген сөз "экономиканы" деген сөзбен ауыстырылсын; "35151717" деген сан "31651717" деген санмен ауыстырылсын; "Материалдық резервтер жөнiндегi комитет, барлығы" деген жол бойынша "4754437" деген сан "1254437" деген санмен ауыстырылсын; "Кешендерге кiрмегендер бойынша жиынтығы" деген жол бойынша "19202904" деген сан "15702904" деген санмен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қажетiне жұмсалатын шығындар" деген жол бойынша "13168340" деген сан "8168340" деген санмен ауыстырылсын; "Мемлекеттiк iшкi қарызға қызмет көрсету жөнiндегi шығындар, барлығы" деген жол бойынша "8064750" деген сан "3905250" деген санмен ауыстырылсын; "Бюджет тапшылығы үшiн кредитке проценттер төлеу" деген жол бойынша "1067000" деген сан "0" деген санмен ауыстырылсын; "Iшкi қарыз бойынша проценттер төлеу жөнiндегi шығыстар" деген жол бойынша "3092500" деген сан "0" санмен ауыстырылсын; "1 бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы" деген жол бойынша "153534799" деген сан "158034799" деген санмен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
Тармақ 14
"14. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне қаржы - 17159500"; "Сыртқы экономикалық қызмет" деген III бөлiмде: "Елшiлiктер, өкiлдiктер қажетiне және басқа да мақсаттарға валюта сатып алуға, барлығы" деген жол бойынша "28584479" деген сан "24084479" деген санмен ауыстырылсын; "сыртқы займдар мен мiндеттемелердi өтеуге жұмсалатын шығыстар" деген жол бойынша "22046458" деген сан "17546458" деген санмен ауыстырылсын; "III бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы" деген жол бойынша "36749479" деген сан "32249479" деген санмен ауыстырылсын.
Басқа 8. Шығыстары көбейтiлетiн, республикалық бюджеттiң қаражатынан қаржыландырылатын министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1766 қаулысына 1-қосымша Шығыстары көбейтiлетiн, республикалық бюджеттiң қаражатынан қаржыландырылатын министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ТIЗБЕСI мың теңге ___________________________________________________________________                                                        Сомасы ___________________________________________________________________ Iшкi iстер министрлiгi                                1227351 Бiлiм министрлiгi                                     131371 Денсаулық сақтау министрлiгi                          66202 Әдiлет министрлiгi                                    169 Өнеркәсiп және сауда министрлiгi (Кентау "Водоотлив" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны)        620000 Көлiк және коммуникациялар министрлiгi                31652 Президенттiң Шаруашылық Басқармасы                    392877 Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма              2025 Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi                                          8254 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi                 61510 Президент Iс Басқармасының  Медицина орталығы         3300 Қорғаныс министрлiгi                                  456408 Бас прокуратура                                       69000 "Алматыметроқұрылыс" АҚ                               49578 Орталық мемлекеттiк архив                             795 Мемлекеттiк тергеу комитетi                           300000 Республикалық ұлан                                    13108 Президенттiң Күзет қызметi                            40700 ЖИЫНЫ                                                 3474300
Басқа 9. Республикалық бюджеттен тыс облыс әкiмдерiне
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1766 қаулысына 2-қосымша Республикалық бюджеттен тыс облыс әкiмдерiне берiлген қарыздар мың теңге ___________________________________________________________________      Облыстар                                         Сомасы ___________________________________________________________________      Ақмола                                         180000      Ақтөбе                                         165000      Шығыс Қазақстан                                116286      Жезқазған                                      60000      Жамбыл                                         120000      Қарағанды                                      550000      Қостанай                                       1148589      Маңғыстау                                      20000      Павлодар                                       530000      Оңтүстiк Қазақстан                             767000      ЖИЫНЫ                                          3656875