О дополнительных мерах по реализации региональной программы поддержки и развития малого предпринимательства на 1997-1998 годы Күшін жойған
Басқа 0
1997-1998 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
1997-1998 жылдарға арналған шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламасы үстiмiздегi жылдың 29 қыркүйегiнде Республикалық ведомствоаралық комиссияда тыңдалғанын атап ету керек. Сонымен қатар, бағдарлама жобаларын, шаруаларының байланысын, жаңа өндiрiс орындарының тiзбесiн ұлғайтуды жетiлдiру және нақтылау қажет екендiгi аталып өттi.
Ұсыныстарға сәйкес бағдарламаны жетiлдiре түсу мақсатымен ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы бойынша 1997-1998 жылдарға шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөнiнде қосымша шаралар қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкiмдерi әдiстемелiк ұсыныстарға сәйкес аумақтық бағдарламалар жобаларын жетiлдiре түссiн және оны осы жылдың 22 қазанынан кешiктiрмей облыстық экономика басқармасының жанындағы шағын бизнестi, кәсiпкерлiктi қолдау комитетiне берсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық өнеркәсiп және сауда, ауыл шаруашылығы басқармалары тендерлiк негiзде өз қызметi үшiн материалдық-техникалық құндылықтарды сатып алуды жүргiзетiн кәсiпорындар тiзбесiн анықтасын.
Осы кәсiпорындарға кәсiпорындардың шет елдерден қазiргi уақытта сатып алып жүрген құны аз және тез тозығы жететiн заттарын айырбастайтын, жабдықтайтын, материалдармен қамтамасыз ететiн, олардың қатысуымен өндiрiстi ұйымдастыра алатын шағын кәсiпорындар құру ұсынылсын. Осы жылдың 1 қарашасына дейiн, әрбiр iрi кәсiпорын бойынша жергiлiктi жерде өндiрiстi ұйымдастыру үшiн шағын кәсiпкерлiктiң объектiлерiне ұсынылатын өнiм тiзбесi анықталсын.
Тармақ 4
4. Облыстық экономика басқармасы осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Басқа 5. Қостанай облысы бойынша 1997-1998 жылдарға арналған
шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту бағдарламасын
жүзеге асыру жөнiндегi қосымша шаралар
Қостанай облысы әкiмiнiң
1997 жылғы 22 қазандағы
№ 173 шешiмiне
қосымша
Қостанай облысы бойынша 1997-1998 жылдарға арналған
шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту бағдарламасын
жүзеге асыру жөнiндегi қосымша шаралар
_____________________________________________________________________
| Рет| |
| № | Шаралар |
|____|_______________________________________________________________|
| | II тарау. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың құқықтық |
| | шарттарын құру |
| 1 | Аймақтардың қажеті бойынша жекеленген тауарлар шығару мен |
| | қызмет көрсетудің теңдестігінен, отандық тауар өндірушілердің |
| | импорттан келетін тауарларды айырбастайтын халық тұтынатын |
| | тауарлар шығаруын белгілеу жөнінде жұмыс жүргізу |
| | |
| 2 | Қолданылып жүрген заңдардың мемлекеттік органдар тарапынан |
| | заңсыз бұзылу фактісін анықтау және шешім қабылдау үшін |
| | облыс Әкімінің қарауына енгізу |
| | |
| 3 | Қостанай қаласында шағын бизнес кәсіпкерлерінің облыстық |
| | слетін өткізу. Осы сияқты шараларды облыстың қалалары мен |
| | аудандарында өткізу. |
| | |
| 4 | Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын шағын кәсіпкерлікті|
| | қолдау жөнінде мына материалдарды жариялап айдар ашу: |
| | - қаржылай қолдау көрсететін қаржы институттары туралы; |
| | - шағын кәсіпкерліктің субъектілерін мемлекеттік мүліктік |
| | қолдау туралы. |
| | |
| 5 | Облыс Әкімінің жанындағы алқа мәжілісіне 1997-1998 жылдарға |
| | арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағдарламала- |
| | рының шарасын жүзеге асыру жөнінде мәселе енгізу |
| | |
| | III тарау. Шағын кәсіпкерлікті дамытуды қаржылық, |
| | инвестициялық және өндірістік-технологиялық мәслихат |
| | қолдау. |
| 1 | Облыстық мәслихат мәжілісіне ерекше бағыттар бойынша |
| | өндірістік қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік |
| | субъектілеріне салық жағынан жеңілдік беру туралы мәселе |
| | дайындау. |
| | |
| 2 | Облыс Әкімінің бекітуіне жергілікті кепілдік қорлар құру |
| | үшін коммуналдық меншіктің тез ететін объектілерінің |
| | тізбесін бекітуге енгізу |
| | |
| 3 | Облыстық бюджеттен бөлінетін қаржыны конкурстық негізде |
| | облыстың шағын аудандарында кәсіпкерлікті дамытуға |
| | бағыттау |
| | |
| | IV тарау. Кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту, |
| | кадрлармен қамтамасыз ету. |
| 1 | Кәсіпкерлікті қолдаудың Республикалық қоры мен жұмыспен |
| | қамтуға ықпал жасаудың мемлекеттік қорының талаптарына |
| | сәйкес бизнес-жоспарлар құру жөнінде кәсіпкерлермен оқу |
| | өткізу. |
|____|_______________________________________________________________|
Таблицаның жалғасы
________________________________________________________________
Орындалу | |
мерзімі | Орындаушылар |
___________|____________________________________________________|
| |
| |
Тұрақты | «Шағын бизнес орталығы» АҚ, шағын бизнес пен |
жылдары | кәсіпкерлікті қолдау комитеті, қалалар мен |
1997-1998 | аудандар әкімдері |
| |
| |
Тұрақты | «Шағын бизнес орталығы» АҚ, баға және монополияға |
жылдары | қарсы саясат комитеті, шағын бизнес пен |
1997-1998 | кәсіпкерлікті қолдау комитеті |
| |
1997 ж. | «Шағын бизнес орталығы» АҚ, Қостанай облысы |
желтоқсаны| кәсіпкерлерінің конгресі, шағын бизнес пен |
1998 ж. | кәсіпкерлікті қолдау комитеті. |
қаңтары | |
Тұрақты | Облыс Әкімі аппаратының ішкі саясат және |
| әлеуметтік сала бөлімі, телерадиокомпания, «Қоста. |
| най таңы», «Костанайские новости» газеттерінің |
| редакциялары, шағын бизнес пен кәсіпкерлікті |
| қолдау комитеті |
| |
Тоқсан | Шағын бизнес пен кәсіпкерлікті қолдау |
| комитеті |
| |
| |
| |
| |
| |
Қазанның | Қостанай облысы бойынша салық комитеті облыстық |
үшінші | қаржы басқармасы |
онкүндігі | |
| |
| |
1997 ж. | Меммүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитет, |
қазаны | кәсіпкерлерге практикалық көмек көрсету жөніндегі |
| облжұмысшы комиссиясы |
| |
1998 жыл | Кәсіпкерлерге практикалық көмек көрсету жөніндегі |
| облжұмысшы комиссиясы, облқаржы басқармасы |
| |
| |
1997 ж. | Шағын бизнес пен кәсіпкерлікті қолдау комитеті, |
қазанынан | «Шағын бизнес орталығы» АҚ, облыстық жұмыспен |
тұрақты да| қамту орталығы - еңбек биржасы, екінші деңгейдегі |
| банкілер |
| |
| |
___________|____________________________________________________|