"1997-1998 жылдары есірткі заттарды теріс пайдалану мен заңсыз таратуға қарсы әрекеттің кешенді шаралары" облыстық нысанды бағдарламасы туралы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«1997-1998 жылдары есірткі заттарды теріс пайдалану мен заңсыз таратуға қарсы әрекеттің кешенді шаралары» облыстық нысанды бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімнің өтіп кеткендігіне байланысты - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. «1997-1998 жылдары есірткі заттарды теріс пайдалану мен заңсыз таратуға қарсы әрекеттің кешенді шаралары» үкіметтік нысанды бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылдың 5 наурыздағы № 305 қаулысын іске асыру мақсатында облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «1997-1998 жылдары есірткі заттарды теріс пайдалану мен заңсыз таратуға қарсы әрекеттің кешенді шаралары» облыстық нысанда бағдарламасы бекітілсін /қосымша/.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы мудандардың әкімдері есірткі заттарды теріс пайдалану мен олардың заңсыз айналысқа түсуіне қарсы әрекеттің қалалық және аудандық бағдарламаларын жасап, қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Е. Н. Дошаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс Әкімінің 1997 жылдың «14» 05 қабылдаған № 98 шешімінің қосымшасы «1997-1998 жыддары есірткі заттарды теріс пайдалану мен заңсыз таратуға қарсы әрекеттің кешенді шаралары» облыстық нысанды бағдарламасы Шаралар Орындаушылар Орындау мерзімі 1. Есірткі заттарға заңсыз сұраныстан сақтандыру және оны қысқарту мақсатында балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу тақырыбы бойынша телехабарлар ұйымдастыру Облыстың білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, облтелерадио компаниясы 1997-1998 жж. 2. ЖОО мен орта арнаулы оқу орындарына, жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептердің ағартушылық бағдарламаларына қосымша есірткі заттарда теріс пайдалану мен олардың заңсыз айналысқа түсуі тақырыбындағы енгізу. Облыстық білім басқармасы, ЖОО, ОАОО. 1997-1998 жж. 3. Есірткі заттарды теріс пайдаланудың алдын алуға бағытталған оқу орындары мен тұрғылықты жерлердегі жасөспірімдердің дене шынықтыру-спорттық орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қала және аудандардың әкімдері,білім басқармасы, облжастурспорт комитеті 1998 ж. 4. Есірірткіні пайдалануға бейім баларлар мен жасөспірімдерді медико-әлеуметтік педагогикалық сауықтыру ортылығын құру мәселесін қарау. Облыстық денсаулық сақтау, білім басқармалары, Ақтөбе қаласынык әкімі. 1998 ж. 5. Нашақорларға кеңес беретін және жасырын емдейтін сенім телефоны орнатылған кабинеттер ұйымдастыру Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Ақтөбе қаласының әкімі 1997 ж. 6. Жалпы білім беретін мектептерде нашақорлық қостарының жұмыстарын қайта жандандыру. Есірткі, жүйкені бұзатын, токсикалық заттарды пайдалануға әуестенуші оқушыларды анықтап, есепке алу. Олардың емделуін ұдайы бақылауға алу. Облыстың білім басқармасы Тұрақты 7. Есірткі заттарды пайдалануға кері әсерді қалыптастыратын алдын алу бағытындағы лекциялар жасау және оларды мектеп оқушылары, кәсіптік-техникалық мектептер мен ата-аналар үшін пайдалану. Облыстың білім басқармасы, облыстың ғылими әдістеме орталығы 1997 ж. 8. Жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептер оқушылары арасында «Жасөспірім және заң» байқау-шығармасын өткізу Облыстың білім басқармасы 1997-98 ж 9. Есірткіден емдеу мекемелерін нашақорлықтан емдеуге бағытталған заманға сай дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету Облыстық денсаулыұ сақтау басқармасы 1997-98 ж 10. Есірткі заттар сақталатын дәріханаларға, қоймаларға, басқа сақтау орындарына кешенді тексеру жүргізу. Олардың қорытындысы бойынша мұндай обьектілердің тізімі қайта қаралып, мұндай қызмет түріне лицензия берілсін. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ІІБ бірлесіп 1997-98 ж. 11. Құрамында есірткілік заттары бар өсімдіктер егістіктері мен жабайы өскіндерді анықтап, жоюдың ұдайы шараларын өткізіп отыруды қамтамасыз ету. Аудандардың әкімдері, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы, IІБ. Барлық нысандағы меншік иелерінің басшылары Тұрақты 12. Есірткі заттардың негізгі бағыттары бойынша Қазақстан аумағында заңсыз тасымалдануы мен транзитін кесудің шараларын жасау. ОІІБ, ОМТК, ҰҚК /келісім бойынша/ көліктегі ОМТКБ 1997-98 ж. 13. Компьютерлік техника негізінде есірткінің заңсыз айналуына қатысушы адамдар туралы хабарлар, талдаулар және қорытындылар жинақтайтын бірыңғай автоматтандырылған жүйе құру ОІІБ 1997-1998 ж 14. Тұрғындар үшін пошта байланысы мекемелерінде пошталық сәлемдеме жөнелтушілердің пошталық ережені сақтау жауапкершілігі, әсіресе есірткі жөнелтуге тыйым салынғаны жөніндегі хабарламамен қамтамасыз ету. Ақтөбе қаласы мен ауд. әкімдері, облыстық мем. пошта байланысы қызм. 1997-1998 ж 15. Есірткілік және әсері күшті дәрі-дәрмектердің жасырын айналымға түсу көзін анықтау және оны жою мақсатында жыл сайын соған сәйкес кешенді операциялар жүргізу. ОІІБ, кеден басқармасы 1997-1998 ж. 16. Өсімдік есірткілердің айналымға заңсыз түсуін кесу мен оны жою мақсатында жыл сайын "Мак", "Допинг" алдын алу операцияларын жүргізу. ОІІБ, кеден басқармасы, көліктегі МТКБ 1997-1998 ж. 17. Есірткі заттарды теріс пайдалану мен олардың заңсыз айналымға түсуімен басқармасы мен күрес жүргізуші халықаралық ұйымдармен ынтымаыты кеңейту. ОІІБ, МТКБ, кеден басқармасы 1997-98 ж.