О ходе выполнения программы поддержки и развития малого предпринимательства на 1997-1998 годы по Мангистауской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы бойынша шағын кәсiпкерлiктiң қолдау мен дамытудың 1997-1998 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы мәслихатының 31.03.2004 № 4/54 шешімімен. Облыстық мәслихат облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Ж.Р.Аманқұловтың "Маңғыстау облысы бойынша шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1997-1998 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы туралы" баяндамасынтың деп және талқылап, 1997 жылы және 1998 жылдың 5 айы iшiнде 1997-1998 жылдарға арналған шағын кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасын орындауда бiрқатар жұмыстар жасалғандығын атап көрсетедi. Шағын бизнес 4039 кәсiпорнының өндiрiстiк өнiмдер шығарумен, оның iшiнде 327-i немесе, 8,1 процентi ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен, 36812 (9,1 процентi) - құрылыспен, 2508 (62,1 процентi) - саудамен, 144 кәсiпорын (3,6 процентi) көлiкжәнебайланыспен, 692-i (17,1 процент) әртүрлi қызметпен айналысады. Осы жылдың бес айы iшiнде шағын бизнес субъектiлерi жеке кәсiпкерлiк пен шаруа (фермер) қожалықтарда 2,95 млрд. теңгенiң өнiмдер iшығарылды. Немесе, облыс бойынша шығарылған өнiмнiң 10.3 процентiн құрайды. 1998 жылдың 1-маусымына шағын кәсiпкерлерге берген қарыз ресурстарының жалпы сомасы 282389 мың теңге құрайды, оның iшiнде қысқа мерзiмдi қарыздар 274511 мың теңге және орта мерзiмдi қарыздар 7848 мың теңге. Қысқа мерзiмдi қарыздардың үлесi берiлген қарыз ресурстарының жалпы көлемiнiң 97,2 процентi. Жер қатынасы және жерге орналастыру комитетi облыстың қала, аудан әкiмдерiмен бiрлесе отырып, 4,84 млн. гектар болатын, бос жердi анықтау бағытында жұмыстар жүргiздi. Жеке бизнес iсiне қызмет адамдарының негiзсiз араласуын болдырмау мақсатында, шағын бизнестiң барлық субъектiлерiне ұсынылған бақылау органдарының баруы мен тексеруi журналының түрі бақылау органдарының баруы мен тексеруi журналының түрi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Сонымен бiрге, бизнес-жоспарлар жасау арқылы жаңа идеялар ментехнологияларды iске асыруға көмектесетiн оқу-ақпарат орталығының осы кезге дейiн құрылмағандығын атап өту қажет. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бизнес-жоспарларын кепiлдiкпен қамтамасыз ету iрi проблема болып қалуда. 1998 жылға шағын және орта бизнестi дамытуға облыстықбюджеттен қаралған 5.0 млн. теңге игерiлген жоқ, оның iшiнде ауыл шаруашылығы өндiрушiлерi де бар. Облыстық мәслихат шешiм етедi:
Тармақ 1
1. 1997-1998 жылдарға арналған шағын бизнестi қолдау және дамыту бағдарламасын орындауда облыста мақсатты жұмыстар жүргiзiлуде екендiгi атап көрсетiлсiн.
Тармақ 2
2. Қала, аудан әкiмдерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 27.05. 1998 жылғы "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк жұмыспен еркiн айналысу құқын қорғау туралы" Жарлығын орындаудағы жұмысты белсендi жүргiзсiн. Облыс әкiмiнiң 28.04.98 жылғы "Маңғыстау облысы бойынша шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру үшiн коммуналдық меншiктi кепiлдiк қамту ретiн деп пайдалану туралы" шешiмiн орындаудың барлық шарасы алынсын.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi жердегi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн 5 миллион теңгеден кем емес сомада несиелендiру үшiн филиалдар директорларына өкiлдiк беру мәселесiн шешудi II-деңгейдегi банктер басшылығынан сұрау облыс әкiмiне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Шағын бизнестi қолдау және дамыту жөнiндегi облыстық басқармасы облыстық қаржы басқармасымен бiрлесе отырып, кәсiпкерлiктi қолдауға және республикалық мектептердiң қатысуымен оқытуға бөлiнген қаражаттан қаржыландыру жұмысын бастасын.
Тармақ 5
5. Шетелдiк үлесi бар мұнай компаниялары қаражаттарын облыстағы кәсiпкерлiктi дамытуға қатыстыру мүмкiндiктерiн қарау облыс әкiмiне ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Парламентi мәжiлiсiне мынандай ұсыныс берiлсiн: - Лизингілік келiсiмдi iстер бойынша шағын кәсiпорындарды қосымша құн салығынан (Қ.Қ.С.) босату; - ҚҚС ставкасын 12-15 процентке азайту және мәселенi ТМД шеңберiнде мемлекетаралық келiсiммен шешу; - ТМД республикаларынан әкелiнген шикiзаттарға ҚҚС бойынша қосарланған салық салуды алып тастау; - Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрiп және сонымен бiр кезде өңдейтiн, азық-түлiк тауарын, халық тұтынатын тауарлар, құрылыс материалдарын өндiрудің шағын бизнес субъектiлерiнен алғашқы екi жыл iшiнде, егер олардың осы көрсетiлген қызмет түрлерiнен түскен табысы, өнiмдердi (жұмыс, қызмет) өткiзуден алынған табыстың жалпы сомасынан 70 процент артық болған жағдайда, табыс салығын алмау. Мұндай кәсiпорынның жұмыс бастаған күнiн оның мемлекеттiк тiркеуден өткен күнi деп есептеу. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiншi және төртiншi жыл жұмыс жасағанда, егер көрсетiлген қызмет түрлерiнен алынған пайда өткiзуден түскен пайданың жалпы сомасының 90 процентiн құраған жағдайда, табыс салығының белгiленген мөлшерiнiң (ставкасы) тиiсiнше 25 және 30 процент деңгейiнде салық төлеу.
Тармақ 7
7. Облыстық газет редакцияларына, облыстық телерадиокомпаниясына шағын бизнестi дамыту барысындағы оңды iстердi де, сондай-ақ, туындаған проблемаларды кеңiнен жариялап отыру ұсынылсын.