Об итогах социально-экономического развития области за 1997 год Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1997 жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың қорытындылары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. 1997 жылы облыс өнеркәсiбi 82.6 миллиард теңгенiң өнiмiн шығарды. Өнiмнiң нақты көлемiнiң индексi 105,8 процент болды. Өнеркәсiп өнiмi жөнiнде өткен жылдың дәрежесiнен Өскемен, Семей, Лениногор қалалары, Глубокое, Абай, Бородулиха, Шемонайха, Көкпектi, Аягөз аудандары бойынша асып түстi. Сонымен қатар өндiрiстiң ең көп құлдырауы Зайсан, Ұлан аудандарында болды және ол 1996 жылдың дәрежесiнен 22,5 және 35.7 процент құрады. Өндiрiс көлемiнiң күрт төмендеуi есебiнен бiрқатар өнеркәсiп кәсiпорындарында өткен жылы кем берiлген өнiмнiң көлемi 9 миллиардқа жуық теңге болды, оның iшiнде қалалар мен аудандар бойынша мынадай болды: Өскеменде-4,1 миллиард теңге, Семейде-2,5 миллиард теңге, Лениногорда-1,1 миллиард теңге,Зырянда - 0,9 миллиард теңге, Жарма ауданында-0,075 миллиард теңге, Аягөз ауданында-0,01 миллиард теңге. 1997 жылы сыртқы сауда айналымы АҚШ-тың 901,9 миллион доллары (1996 жылдағымен салыстырғанда 127,9%) болды. Селода нарықтық қайта ұйымдастыруларды жүзеге асыру жөнiнде белгiлi шаралар қолданылуда. Сонымен қатар мал басы азаюда, мал шаруашылығының өнiмдiлiгi төмендеуде, көптеген ауыл шаруашылығының құрылымдары шығын шегушiлер болып табылады, жер нарығы ақырына дейiн қалыптастырылған жоқ. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң сапалық өсуi байқалуда. Өнiм өткiзу көлемi өнеркәсiп өндiрiсiнiң жалпы көлемiмен салыстырғанда 17,1 процентке өстi және 14419,7 миллион теңге болды. II дәрежедегi банктердiң шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне кредиттер беруi 1335,1 миллион теңге болды. Шығын шегушi кәсiпорындардың едәуiр процентi Бесқарағай, Тарбағатай, Жарма, Күршiм, Аягөз, Көкпектi, Үржар, Зайсан, Абай, Глубокое, Бородулиха, Ұлан, Шемонаиха аудандарында және Зырян қаласында байқалады. Семей қаласында және Катонқарағай ауданында әрбiр екiншi кәсiпорын-шығын шегушi. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дебиторлық берешек 58,9 миллиард теңге болды, одан мерзiмi өтiп кеткенi -44,2%(26,0 миллиард теңге); жыл басынан берi дебиторлық борыш 1,9 есе немесе 28,5 миллиард теңгеге өстi. Облыс кәсiпорындары мен ұйымдарының 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттiк берешегi 70,7 миллиард теңге болды, жыл басынан берi 32,9% немесе 17,5 миллиард теңгеге өстi. Облыс аймақтары бойынша жыл iшiнде кредиттiк борыштың өсуiнiң ең көп процентi қалалар бойынша: Курчатовта - 93,6%, Өскеменде - 65%, Семейде - 44,1%. Ортажылдық көрсеткiштен жоғары өскендiк Семей қаласында және 12 ауданда: Ұлан, Бесқарағай, Глубокое, Шемонаиха, Үржар, Күршiм, Көкпектi, Бородулиха, Тарбағатай, Катонқарағай, Жарма, Аягөз аудандарында және Зырян қалаларында байқалады. 1997 жылдың нәтижелерi бойынша облыс бюджетi 13805,7 миллион теңге болжамның орнына 99,1% орындалды, облыстық бюджеттiң кiрiс бөлегiне нақты түскенi 13675,1 миллион теңге, бұдан басқа республикалық бюджеттен субвенциялар - 3612,5 миллион теңге. Облыстың 19 қалалары мен аудандарынан 8-iнде кiрiстер болжамдағыдан артық алынды, ең көп артық орындауға Аягөз ауданында және Лениногор мен Зырян қалаларында қол жеттi. Бүтiндей облыс бойынша жұмыссыздық деңгейi экономикалық белсендi халықтан 5,8 процент болды. Ол ортаоблыстық көрсеткiштен жоғары болып Бородулиха, Күршiм, Ұлан, Бесқарағай, Көкпектi, Жарма, Тарбағатай, Үржар аудандарында және Курчатов қаласында қалыптасты. Денсаулық сақтау, бiлiм, физкультура және спорт органдарында елеулi олқылықтар орын алуда. Құқық қорғау органдарының жұмысында проблемалар ақырына дейiн шешiлген жоқ. ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң орынбасарлары, қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыс әкiмiнiң 1998 жылға арналған iс-қимылдар жоспарын және облысты дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бұлжытпай орындау жөнiнде шаралар қолдансын.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.С. Бергенев, қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық салық комитетi (Аханаев О.К.) 1998 жылғы бюджеттiң кiрiс бөлегiн және бюджеттен тыс қорлардың толық орындалуын қамтамасыз етсiн, салық және басқа төлемдер бойынша мезгiлiнде төленбегендердi қысқарту жөнiнде шара қолдансын.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмiнiң орынбасарлары Ю.П. Швайченко және А.Б. Қалиев, қалалар мен аудандардың әкiмдерi: - бiрiншi тоқсанның iшiнде өнеркәсiп және өңдеушi сала кәсiпорындарын басқаруға алған отандық және шетелдiк фирмалардың инвестициялық бағдарламаларды орындау барысын 1997 жылдың қорытындылары бойынша қарасын. - кәсiпорындарды қаржылық сауықтыру, олардың дебиторлық және кредиттiк берешектерiн қысқарту жөнiнде нақты шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң орынбасары Ю.П. Швайченко, облыстық өнеркәсiп және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы (Саркисов А.Б.) « "машина жасау", "жеңiл өнеркәсiп" бағдарламасын жасасын, облыстық клирингтiк орталық құрсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Т.Носиков, қалалар мен аудандардың әкiмдерi: - облыстың елдi мекендерiнiң санитарлық жағдайын жақсарту бағдарламасын орындауды қамтамасыз етсiн; - қар көшкiндерi мен қызылсулар туғызатын кездейсоқ апаттардың алдын алу жөнiнде әзiрлiк жұмыстарын жүргiзсiн; - бюджеттiк сала объектiлерiн жылумен жабдықтауды оңтайлауды және сұйық отында жұмыс iстейтiн автономды қазандықтарды енгiзудi қамтамасыз етсiн; - бюджеттiк ұйымдар және облыс халқының жеңiлдiк алатын санаты үшiн алдағы от жағу маусымына көмiр мен сұйық отынға қажеттiлiгiн анықтасын, оларды үстiмiздегi жылғы мамыр-маусым айларында сатып алу жөнiнде облыстық тендер өткiзу үшiн барлық материалдарды әзiрлесiн.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Т. Носиков, облыстық құрылыс, сәулет және аумақта құрылыс салу басқармасы (Никитин Н.Л.). Өскемен қаласындағы Пролетар көшесiндегi елу пәтерлi тұрғын үйдi iске қосуды қатаң бақылауға алсын.
Тармақ 7
7. Облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдин, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бас басқармасы (Шерубаев А.С.), облыстық денсаулық сақтау департаментiнiң бастығы (Жiгiтаев Х.Т.) халықты адрестiк әлеуметтiк қорғау механизмiн жетiлдiруге бағытталған әлеуметтiк саясатты жандандыру, кедейшiлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күрес, Зейнеткерлiк реформаны жүзеге асыру, салауатты тұрмыс салтын қалыптастыру, бастауыш медициналық-санитарлық көмектi күшейту, бiлiм жүйесiн нығайту, көш-қон және демографиялық процестердi реттеу жөнiнде нақты шаралар қолдансын.
Тармақ 8
8. Өскемен қаласының әкiмi А.А. Лукин Жiбек маталар комбинаты мөлтек ауданындағы тұрғын үйдi үстiмiздегi жылы пайдалануға берудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi, облыстың бюджеттiк ұйымдардың басшылары "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурстық (тендерлiк) негiзде бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражаттар есебiнен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетудi сатып алудың бәрiн жүргiзсiн.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ә.) жұмыстарды, қызмет көрсетудi және тауарлар сатып алуды қаржыландыру үшiн бюджеттiк қаражаттарды бөлудi конкурстар (тендерлер) өткiзгеннен кейiн жүргiзсiн.
Тармақ 11
11. Облыстық қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.ә.), "Қазагроөнеркәсiп" банкiнiң Шығыс Қазақстан филиалы (Күзенбаев Н.К.), облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы (Томашенко А.П.) облыстық бюджеттiң қаражаттарынан селоны кредиттеуге 60 млн.теңге ақша қаражаттарын, "Агроөнеркәсiпбанкiнiң"қаражаттарынан 60 млн.теңге бөлсiн.
Тармақ 12
12. Мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру жөнiндегi комитет (Егiзбаев Ж.К.), облыстық салық комитетi (Аханаев О.К.) акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакетi үшiн дивидендтер есептеудi және оларды бюджетке аударуды бақыласын, нәтижелерiн облыс әкiмiнiң аппаратына үстiмiздегi жылғы 1 мамырға жiберсiн.