Об утверждении Земельного баланса за 1997 год Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1997 жылғы жер балансын бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 114-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет жасаған "Жер көлемi және оны санаттар, жер учаскелерiнiң иелерi, жер пайдаланушылар және басқа алқаптар бойынша бөлу туралы есептi" қарап, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстың 1997 жылғы 1 қаңтардағы жер қорының көлемi және бөлiнуi туралы есеп 1,2 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандардың, қалалардың, ауылдық және кенттiк округтердiң әкiмдерi, облыстық және аудандық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттер "Агроөнеркәсiптiк кешендi 2005 жылға дейiн дамытудың концептуалды бағдарламасына"және iс-қимылдар жоспарына сәйкес оны орындау үшiн: - шаруа қожалықтарына жер пайдалану құқын беретiн актiлердi ресiмдеу жөнiндегi жұмыстарды 1998 жылғы 1 сәуiрге дейiн аяқтасын; - жер және қозғалмайтын мүлiктi пайдалану, содан кейiн шағын бизнес пен кәсiпкерлiктi, бiрiншi кезекте өндiрiстi дамыту мақсатында аукциондар, конкурстар арқылы сатуға енгiзумен ұштастыру негiзiнде жер рыногын құрсын; - мемлекеттiк жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзу негiзiнде жер учаскелерi туралы деректер банкiн қалыптастыруды жалғастырсын; - жеке меншiк иелiгiндегi, тұрақты пайдаланылудағы, немесе меншiк нысандарына қарамастан азаматтар, агроқұрылымдар, ұйымдар мен мекемелер жалға алған жерлердiң пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерiне 1999 жылдың 1 қаңтарына дейiн жер үлестерiнiң нақтылы персонификациясын 56834 жер учаскесi көлемiнде N 3 қосымшаға сәйкес жүргiзу мiндеттелсiн. Азаматтар бөлiнген жер үлесiнен бас тартқан жағдайда (көшiп кетсе немесе басқа себептермен) "Жер туралы" Заңның 61-бабына сәйкес бұл жерлердi кейiннен бөлiнiп берiлетiн иесiз жер ретiнде есепке алынсын.
Тармақ 4
4. Шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Б. Қалиевқа жүктелсiн.
Басқа 5. Санаттар, меншiк иелерi және жер пайдаланушылар көлемiнде бекiтiлген жерлер туралы мәлiметтер
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 16 ақпандағы N 471 шешiмiне N 1 қосымша Санаттар, меншiк иелерi және жер пайдаланушылар көлемiнде бекiтiлген жерлер туралы мәлiметтер