Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в апреле-июне 1997 года Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 1997 жылғы сәуiр-маусымдағы мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы
"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының , "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өтеген әскери қызметкерлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылғы сәуiр-маусымдағы мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы" Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1997 жылғы 27 наурыздағы N 3034 негiздерiнде:
Тармақ 1
1. 1979-1969 жылдары туылған , шақырудан кейiнге қалуға хұқы жоқ азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке және Қарулы Күштер қатарына шақыру мен жөнелту 1997 жылдың 1 сәуiрден 1997 жылдың 31 маусымына дейiн жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық, аудандық /калалық/ шақыру комиссияларына басшылық ету және қызметке бақылау жасау үшiн мына құрамда облыстық шақыру комиссиясы құрылсын:
С.Ж.Барахова - облыс Әкiмiнiң орынбасары , комиссияның төрайымы.
Т.М.Нұров - облыстық әскери комиссар,комиссия төрайымының
орынбасары.
Е.Ш.Линова - комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелерi:
А.М.Шкут - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының
орынбасары.
А.А.Маймақов - облыстық денсаулық сақтау департаментi
бастығының орынбасары.
М.А.Жылқышиев - дәрiгер.
Тармақ 3
3. Комиссия төрағасы аудандық, қалалық шақыру комиссияларының қызметiн бақылауға алу және 1997 жылғы көктемгi шақырудың барысы жөнiндегi аудандарға шығу кестесiн барлық комиссия мүшелерiмен келiссiн.
Тармақ 4
4. Облыстық жиналу пунктiнiң , облыстық шақыру комиссиясының жұмыстары бұрынғы Еңбекшi ауданының әскери комиссариаты базасы негiзiнде ұйымдастырылсын.
Медициналық комиссияның жұмыс күнiнiң тәртiбi сенбi, жексенбiден басқа уақытта, тоғыздан алтыға дейiн деп белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмшiлiгiнiң денсаулық сақтау департаментi /Момынов/:
- Қорғаныс министрлiгiнiң N 61-1995 ж.ж. бұйрығымен анықталған , медициналық айғақтаудың мөлшерi мен әдiстемесiне сәйкес аудандық /қалалық/ әкiмдердiң шешiмдерiмен белгiленген мерзiмде облыстық және аудандық, қалалық шақыру комиссияларында маман дәрiгерлер шақырылушыларды медициналық айғақтауды ұйымдастырсын;
- шақыру комиссияларының жолдаулары бойынша шақырылушылар стационарлық тексеруден жедел түрде өткiзiлсiн;
- шақырушылар барлық шақыру учаскелерiнде флюрографиядан өткiзiлсiн, медициналық бақылау комиссиясының жұмысы кезiнде облыстық жиналу пунктiне жылжымалы рентген қондырғысы бөлiнсiн;
- 1997 жылдың 20 маусымына дейiн шақыру комиссияларының жұмыс қортындысы талдансын,әскери бөлiмдерден,жиналу пунктiнен шакырушылардың медициналық айғақталуы,жастардың Қарулы Күштер қатарына даярлығын медициналық жағынан қамтамасыз етiлуiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрленсiн;
- шақыру мерзiмiне дейiн шақырушылардың медициналық жағынан айғақталуын ұйымдастыру жөнiнде облыстық, аудандық және қалалық медицина комиссияларының дәрiгерлерiмен жиындар өткiзiлсiн;
- облыстық, қалалық және аудандық денсаулық сақтау органдарының тапсырыстары бойынша шақыру кезенiнде жетпеген дәрiгер мамандар жiберiлiп, қажеттi медициналық құралдармен қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмшiлiгiнiң мәдениет басқармасы /Әжiбеков/:
- облыстың жиналу пунктiнде,шақыру учаскелерiнде жастардың азаматтық борышы мен Отан қорғаудағы жеке басының жауапкершiлiгiне арналған көркемөнерпаздар ұжымының өнер көрсетуiне және басқа да бұқаралық мәденишаралар ұйымдастырылсын;
- облыстық жиналу пунктiнде әскери патриоттық тақырыптарға арналған көркем және деректi фильмдер көрсету қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық тұтынушылар одағы /Реймер/ шақыру учаскелерi мен облыстық жиналу пунктiнде күнделiктi сұранымдағы тауарлар мен тағамдардың сатылуын ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Iшкi iстер басқармасы /Ж.А. Сұлтанов/ мерзiмдiк әскери кызметке шақырғанда келуден бас тартқандарды қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға және iздестiруге шара көрiлсiн:
- команданы жөнелту күндерiнде облыстық жиналу пунктiнде және шақыру учаскелерiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуына әскери комиссариаттарға көмек көрсетсiн.
Тармақ 9
9. Линиялық iшкi iстер басқармасы /Тузелбаев/ шақырушыларды темiржол бекетiнен жөнелту кезiнде,сондай-ақ Оңтүстiк Қазақстан облысының шекарасына дейiн шығарып салуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 10
10. Облыс әкiмшiлiгiнiң жастар iсi,саяхат және спорт жөнiндегi басқармасы /Бектаев/:
- шақырушылар арасында спорттың әскери қолданбалы түрлерi бойынша спорттық разрядтар; ГТО кешенiнiң нормативтiк тапсыруын және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын күшейтсiн; сонымен қатар армияға қажеттi мамандар даярлануына баса көңiл бөлiнсiн. Облыстың жиналу пунктiнде шақырушылардың арасынан ГТО-ның кейбiр нормативтерiн дәлелдей алатын тексерулер ұйымдастырылсын.
Тармақ 11
11. Облыстық телерадиокомпания /Қонысбеков/ облыстық әскери комиссариатпен бiрлесiп жастарды әскери қызметке дайындау және олардың әскери мiндеттерiн атқарулары жөнiнде телеарнаға арнайы бағдарлама енгiзсiн.
Облыс,аудан,қала газеттерiнiң редакциялары Қазақстан Республикасының нормативтiк актылары мен басқа да заңдарын түсiндiрiп жүйелi түрде әскери мәселелердi баяндасын.
Кезектi әскери мiндеттерiн атқарып жатқан жерлес-жауынгерлер, жауынгер-интернационалистер, тәуiр гарнизон офицерлерi мен Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы мақалалар жариялансын.
Тармақ 12
12. Бiлiм беру органдары,әскери комиссариаттар Отан қорғаушысы офицер мамандығын және әскери оқу орындарына түсу үшiн жастарды iрiктеу мен арнайы мектеп-интернаттарды кеңiнен насихаттау жұмысы өрiстетiлсiн.
Тармақ 13
13. Шымкент жолаушылар тасымалдаушы автокөлiк өндiрiстiк бiрлестiгi /Әлиев/ военкоматтардың тапсырысы бойынша шақырылушыларды аудандық және қалалық әскери комиссариаттардан облыстық жинақ пунктына темiржол бекетiне, әуе жолына тасымалдау үшiн жергiлiктi жердiң төлемi есебiнен қажеттi мөлшерде техникалық жағдайы дұрыс автобустар бөлсiн.
Тармақ 14
14. Қалалық көрiктендiру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы /Б.А.Гулиев/, облыстық әскери комиссариаттың тапсырысы бойынша әскери бөлiмдерден толықтырушы жастар алу үшiн келген әскери қызметкерлердi Шымкент қаласының мейманханаларына орналастырсын.
Тармақ 15
15. Облыстық баспахана /В.А.Назаров/ азаматтардың әскери қызметке шақырылуын қамтамасыз ету үшiн бiрiншi кезекте қажеттi бланкiлер әзiрлесiн.
Тармақ 16
16. "Оңтүстiк Қазэнерго" АҚ /Е.В.Тараненко/ шақыру кезеңiнде жастардың дәрiгерлiк тексерiлуiн сапалы өткiзу үшiн шақыру пункттерiн электрқуатымен қамтамасыз етсiн.
Қала, аудан әкiмдерi:
--------------------
"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет" Заңының 14 бабына сәйкес, шақыру комиссиясын құру туралы шешiм қабылдасын:
- 1997 жылғы сәуiр-маусымда азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу және жастарды Қарулы Күштерге қызметке дайындау үшiн толық және сапалы кешендi жоспар жөнiнде шаралар жасалынсын және өткiзiлсiн.
- әскери комиссариаттар шақыруды ұйымдастырып,өткiзiп және әскерге жөнелту үшiн жабдықталған жәйлармен қамтамасыз етiлiп, қажеттi түрде дәрiгерлер, техникалық және қызмет көрсетушi кiсiлер бөлiнсiн.
- селолық әкiмдер, шақыру кезеңiнде шақырушылардың алған шақыру қағаздары бойынша аудандық, қалалық комиссариаттарға келулерiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 17
17. Бағыныштылығы мен меншiк түрiне қарамастан кәсiпорын,мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары шақырушыларды iссапардан /демалыстан/ керi шақырып алсын және олардың шақыру учаскесiне өз мерзiмiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 18
18. Шақырудың нәтижесi 1997 жылғы маусымда облыс әкiмшiлiгiнде қаралсын.
Тармақ 19
19. Аудандық шақыру комиссиясының жұмысы 1997 жылдың 3 сәуiрiнен, облыстық шақыру комиссиясының жұмысы 1997 ж. 7 сәуiрiнен басталсын.
Тармақ 20
20. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқық жұмысы бөлiмiне /Бочаров/ жүктелсiн.
Басқа 21
Облыс Әкiмiнiң 1997 жылғы
"9" сәуiрдегi N 76
шешiмiне
N 1 қосымша
1997 жылдың 5 сәуiрiнен көктемгi шақыруды өткiзу
үшiн облыстық жинау пунктiне техникалық қызметкерлер
мен қызмет көрсетушi кiсiлер бөлетiн кәсiпорындар,
ұйымдар, мекемелер
ТIЗIМI
------------------------------------------------------------------------
N ! Ұйымдар мен мекемелердiң ! Техникалық ! Ескерту
! атаулары !қызметкерлердiң саны !
-----------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4
-----------------------------------------------------------------------
1. N 6 кәсiби техникалық мектеп 1
2. "Қазақ санитарлық-техникалық
монтаж" АҚ 1
3. "Средазэнергоремонт" АҚ 1
4. "Металлург" мәдениет үйi 1
5. "Авиаотряд" АҚ 1
6. Тұрлан экспедициясы 1
7. "Фосфор" өндiрiстiк бiрлестiгi 1
8. Механиязацияланылған жұмыстар
басқармасы /УМР/ 1
9. "Қазақ түрлi түстi металл жөндеу" АҚ 1
10."Қазақиталқаракөл" бiрлескен кәсiпорны 1
11."Ет" АҚ 1
12."Сүт" АҚ 1
13. N 3 "Электржылуорталығы" /ТЭЦ/ 1
14. Шымкенторгсинтез 1
15."Карданвал" АҚ
16."Электромонтажбұйымдары" заводы 1
17."Металлоконструкция" заводы 1
18."Шымкентцемент" АҚ 1
19."Дезинфекция" өндiрiстiк бiрлестiгi 1
20."Көгалдандыру құрылыс" /отырғызу, егу
учаскесi 1
21."Оңтүстiк" АҚ 1
22. N 7 жылжымалы мех.колонна 1
23. "Құнарлық" АҚ 1
24. "Эластик" АҚ 1
25. "Восход" АҚ 1
26. "Дидар" АҚ 1
27. "Кепiл" АҚ 1
28. "Тұрмыстық техника" АҚ 1
29. "Южтекс" АҚ 1
30. Шымкент сауда үйi 1
31. Облыстық су арнасы басқармасы I-машинка
басушы
32. Оңтүстiк Қазақстан техникалық I-машинка
университетi басушы
33. Оңтүстiк Қазақстан гуманитарлық I-машинка
университетi басушы
34. Экономика және құқық колледжi 1
35. "Ақ-жол" АҚ 1
------------------------------------------------------------------------
Басқа 22
Облыс Әкiмiнiң 1997 жылғы
"9" сәуiрдегi N 76
шешiмiне
N 2 қосымша
1997 жылғы 5 сәуiрден бастап көктемгi шақыруды
өткiзу үшiн облыстық жинау пунктiне автокөлiк
бөлетiн ұйымдар мен мекемелердiң
ТIЗIМI
------------------------------------------------------------------------
N ! Ұйымдар мен мекемелердiң ! Автокөлiктердiң ! Ескерту
! атаулары ! саны !
------------------------------------------------------------------------
1. "Алаугаз" АҚ 1 1.04-12.04 дейiн
2. N 5 автокомбинат 1 13.04-24.04 дейiн
3. Шымкент электр жүйелерiн
үйлестiру кәсiпорны 1 25.04-06.05 дейiн
4. Қазақ ғылыми-зерттеу жобалау
институты 1 07.05-18.05 дейiн
5. Шымкентгаз монтаж кәсiпорнының
N 2 құрылыс" монтаждау басқармасы 1 19.05-30.05 дейiн
6. Шымкент электр жүйелерi 1 31.05-12.06 дейiн
7. Энергобақылау 1 13.06-24.06 дейiн
8. ОҚТУ 1 25.06-30.06 дейiн
------------------------------------------------------------------------