Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в октябре-декабре 1997 года Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды 1997 жылғы қазан-желтоқсандағы мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы
"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасы Президентiнің 1997 жылғы "29" 09.1997 ж. N 3648 "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығының негiзiнде:
Тармақ 1
1. Шақырудан қалуға құқығы жоқ 1979-1980 жылы туылған азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру және қарулы Күштерге шақырылғандарды жөнелту 1997 жылғы 1 қазаннан бастап 31 желтоқсанға дейiн жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Аудандық /қалалық/ шақыру комиссиялардың қызметiне басшылық жасау және бақылау үшiн мына құрамдағы облыстық шақыру комиссиясы құрылсын:
Р.С.ХАЛМҰРАДОВ - облыс Әкiмiнің орынбасары
комиссия төрағасы
Т.М.НҰРОВ - облыстық әскери комиссар,
комиссия төрағасының орынбасары
Е.Ш.ЛИНОВА - комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
А.М.ШКУТ - облыстық iшкi iстер басқармасы
бастығының орынбасары
А.А.МАЙМАҚОВ - облыстық денсаулық сақтау
департаментi бастығының орынбасары
М.Р.РАМАНҚҰЛОВ - облыс Әкiмi аппараты мемлекеттiк
құқық жұмысы бөлiмiнiң бас маманы
М.А.ЖЫЛҚЫШИЕВ - дәрiгер,облыстық әскери-дәрiгерлiк
комиссияның төрағасы
Тармақ 3
3. Комиссия төрағасы аудандық, қалалық шақыру комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асыру үшiн аудандарға шығу кестесiн барлық комиссия мүшелерiмен келiссiн.
Тармақ 4
4. Облыстық шақыру комиссиясының жұмысы облыстық шақыру тiрегiнiң негiзiнде ұйымдастырылсын. Облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссиясының жұмыс тәртiбi 9.00-ден 18.00-ге дейiн белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау департаментi /Момынов/ N 61 1995 жылғы қорғаныс министрлiгiнiң бұйрығында анықталған медициналық куәландыру әдiстерi мен нормаларға сәйкес, қала, аудан әкiмдерiнiң шешiмдерiнде белгiленген мерзiм iшiнде облыстық, қалалық, аудандық шақыру комиссияларында шақырылғандарды медициналық куәландыруды ұйымдастырсын;
- шақыру комиссиялардың жолдамалары бойынша шақырылғандар стационарлық тексеруден шұғыл өткiзiлсiн. Барлық шақыру учаскелерiнде шақырылғандар флюорографиядан өткiзiлсiн. Медициналық бақылау комиссиясының жұмысы кезiнде облыстық жиналу тiрегiне жылжымалы рентген қондырғысы бөлiнсiн;
- 1997 жылғы 20 желтоқсанға дейiн шақыру комиссиялары жұмысының қорытындылары талдансын, әскерден, облыстық жиналу тiрегiнен қайтарудың себептерi зерттелiп , медициналық қамтамасыз етудi, жастарды Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге дайындау, шақырылғандарды медициналық куәлендiрудi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар дайындалсын;
- облыстық қала, аудандарының денсаулық сақтау органдарының сұраныстары бойынша шақыру комиссиялары үшiн жетiспеген дәрiгер мамандар жiберiлiп, олар қажеттi медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етiлсiн;
- облыстық, аудандық, қалалық медициналық комиссиялардың құрамындағы тағайындаулар мен өзгерiстер облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның төрағасы М.А.Жылқышиевпен келiсiлiп, жасалсын.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмшiлiгiнiң мәдениет басқармасы /Әжiбеков/:
- шақыру учаскелерi мен облыстық жиналу тiрегiнде көркемөнерпаздар ұжымдарының өнер көрсетуiн және жастардың Отанын қорғаудағы борышын және жеке жауапкершiлiк сезiмiн тәрбиелейтiн басқа мәдени-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырсын;
- облыстық жиналу тiрегiнде әскери-отаншылдық тақырыптағы көркем және құжатты фильмдердi көрсетудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық тұтынушылар одағы /Жамалбеков/ шақыру учаскелерi мен облыстық жиналу тiрегiнде бiрiншi кезекте қажеттi тауарларды сатуды және тамақтандыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Iшкi iстер басқармасы /Оразалиев/ мерзiмдi әскери қызметке шақырудан бас тартып жүрген адамдарды iздестiру және қылмыстық жауапкершiлiкке тарту шараларын қабылдасын, әскери комиссариаттарға азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргiзуге, командаларды жөнелту күндерi шақыру учаскелерi мен облыстық жиналу тiректерiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етуге жәрдем берсiн;
- әскерге мiндеттiлер мен шақырушыларды жергiлiктi жерлерде олардың әскери-есепке алу құжаттары болған және ол құжаттарда әскери комиссариаттардың есептен шығарған немесе есепке алған белгiлерi болған жағдайларда ғана тiркеуге алу мәселесi iске асырылсын.
Тармақ 9
9. Жергiлiктi iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы /Андреев/ шақырушыларды Шымкент темiр жол стансасынан жөнелту кезiнде тұрақты жәрдем берсiн, сондай-ақ шақырылғандар командаларын Оңтүстiк Қазақстан облысының шекарасына дейiн шығарып салуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 10
10. Облыс әкiмшiлiгi жастар iсi, саяхат және спорт жөнiндегi басқармасының бастығы /Бектаев/:
- шақырылғандар арасында "Денсаулық" бағдарламасы бойынша нормативтер мен спорттың әскери-қолданбалы түрлерiнен спорттық дәрежедегi тапсыру жөнiнде қорғаныс-бұқаралық және спорттық жұмысын күшейтсiн. Облыстық жиналу тiрегiнде шақырылғандар арасында жоғарыда аталған нормативтердi дәлелдеу тексерiстерiн ұйымдастырсын.
Тармақ 11
11. Облыстық телерадиобiрлесуi /Қонысбеков/ облыстық әскери комиссариатпен бiрiгiп жастарды әскери мiндеттiлiгiн және әскери қызметiн атқаруға дайындауға бағытталған бағдарламаларды ұйымдастыруды жалғастырсын.
Облыстық, қалалық, аудандық газеттердiң редакциялары әскери проблемаларды баяндасын, Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа нормативтiк актiлердi жүйелi түсiндiрiп тұрсын.
Тармақ 12
12. Көлiк департаментiнің бастығы /Әлиев/ әскери комиссариаттардың сұраныстары бойынша шақырылғандарды қалалық, аудандық, әскери комиссариаттардан облыстық жиналу тiрегiне, темiр жол вокзалына, әуежайға жеткiзу үшiн қажеттi техникалық жағдайы дұрыс автобустарды жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қаржыландыру шартымен бөлсiн.
Тармақ 13
13. Қалалық көрiктендiру және тұрғын уй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы /Гулеев/ облыстық әскери комиссариаттың сұраныстары бойынша Шымкент қаласының қонақ уйлерiне әскери бөлiмшелерден толықтырушы жастарға келген әскери қызметкерлердi орналастырсын.
Тармақ 14
14. Облыстық баспахана /Тәңiрбергенов/ азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшiн қажеттi бланкiлер дайындасын.
Тармақ 15
15. "Южказэнерго" /Касабеков/ шақыруды өткiзу кезеңiнде жастардың медициналық куәлендiруiн сапалы өткiзу кезеңiнде жастардың медициналық куәлендiруiн сапалы өткiзу үшiн шақыру тiректерiне үздiксiз электр қуатын берiп тұруды қамтамасыз етсiн.
Қала, аудан әкiмдерi:
- "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет туралы" Заңының 14 бабына сәйкес шақыру комиссияларды құру туралы шешiм қабылдасын;
- жастарды Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға дайындау және 1997 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу жөнiндегі кешендi жоспарды толық және сапалы жүзеге асыру бойынша қажеттi iс-шараларды жасасын және өткiзсiн;
- шақыруды ұйымдастыру және өткiзу, шақырылғандарды әскерге жөнелту үшiн әскери комиссариаттарды осы аталған жұмыстарға лайықты жабдықталған үй-жайлармен қамтамасыз етсiн, дәрiгерлердiң, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi персоналдың қажеттi саны бөлiнсiн;
- "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет туралы" Заңының талаптарын орындамаған кәсiпорын,ұйымдар,оқу орындары мен басқа меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң лауазымды тұлғаларына әкiмшiлiк комиссияларға оларды жауапкершiлiкке тарту үшiн материалдар жолдасын;
- Шымкент қаласының әкiмi /Орман/ N 1, 2 қосымшаларға сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыру кезiнде қажеттi мөлшерде техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсету персоналын, кезектiк автокөлiктiң санын облыстық жиналу тiрегiнде жұмыс iстеу үшiн бөлсiн;
- ауыл әкiмдерi шақыру кезiнде алған шақыру қағаздары бойынша қала, аудан комиссариаттарына шақырылғандардың келулерiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 16
16. Бағыныстығына және меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорын, ұйым, мекемелер мен оқу орындарының басшылары шақырушыларды iссапарларынан /демалыстардан/ шақырып алып, олардың шақыру учаскелерiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 17
17. Шақырудың қорытындылары облыс әкiмшiлiгiнде 1998 жылғы қаңтарда қала, аудан әкiмдерiмен бiрiгiп өткiзiлетiн мәжiлiсте қаралсын.
Тармақ 18
18. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмi аппараты мемлекеттiкқұқық жұмысы бөлiмiне /Бочаров/ жүктелсiн.
Басқа 19
Облыс Әкiмiнiң 1997 жылғы
8 қазандағы N 200 шешіміне
N 1 қосымша
Облыстық жинау пунктiне техникалық қызметкерлер мен
көрсетушi кiсiлер бөлетiн кәсiпорындар, ұйымдар,
мекемелер
ТIЗIМI
-------------------------------------------------------------------------
N : Ұйымдар мен мекемелердiң атаулары:Техникалық қызмет-: Ескерту
: : керлердiң саны :
: : :
------------------------------------------------------------------------
1 : 2 : 3 : 4
------------------------------------------------------------------------
1 N 8 кәсiби техникалық мектеп 1
2 "Средазэнергоремонт" АҚ 1
3 "Металлург" мәдениет үйi 1
4 Тұрлан экспедициясы 1
5 "Фосфор" өндiрiстiк бiрлестiгi 1
6 Механизацияландырылған жұмыстар
басқармасы /УМР/ 1
7 Қазақ түстi металл жөндеу АҚ 1
8 "Қазақиталқаракөл" бiрлескен
кәсiпорны 1
9 "Ет" АҚ 1
10 "Сүт" АҚ 1
11 "Орманқұрылысы" бiрлестiгi 1
12 N 3 "Электржылуорталығы" 1
13 "Шымкенторгсинтез" 1
14 "Қарданбiлiк" АҚ 1
15 ЭМИ зауыты 1
16 "Металлқұрастыру" зауыты 1
17 Шымкентцемент АҚ 1
18 "Дезинфекция" өндiрiстiк бiрлестiгi 1
19 "Көгалдандыру құрылыс" /отырғызу, егу
учаскесi/ 1
20 "Оңтүстiк" АҚ 1
21 N 7 жылжымалы колонна 1
22 "Құнарлылық" АҚ 1
23 "Эластик" АҚ 1
24 "Восход" АҚ 1
25 "Дидар" АҚ 1
26 "Кепiл" АҚ 1
27 "Тұрмыстық техника" АҚ 1
28 "Қазақтепломонтаж" 1
29 "Южтекс" АҚ 1
30 Шымкент сауда үйi 1
31 Облыстық су арнасы басқармасы 1
32 Оңтүстiк Қазақстан техникаық университетi 1
33 Оңтүстiк Қазақстан гуманитарлық 1
университетi 1
34 Экономика және құқық коллледжi 1
35 "Ақ-жол" АҚ 1
-------------------------------------------------------------------------
Басқа 20
Облыс Әкiмiнiң 1997 жылғы
8 қазандағы N 200 шешіміне
N 2 қосымша
1997 жылғы "---"----------- күзгi шақыруды өткiзу
үшiн облыстық жинау пунктiне автокөлiк бөлетiн
ұйымдар мен мекемелердiң
ТIЗIМI
--------------------------------------------------------------------------
N : Ұйымдар мен мекемелер атаулары : Автокөлiк саны : Ескерту
--------------------------------------------------------------------------
1 "Алаугаз" АҚ 1 1997ж.1.Х -12.Х.
2 N 5 Автокомбинат 1 1997ж.13.Х.-24.Х.
3 "Шымкентэнергожүйесiн бөлу"мекемесi 1 1997ж.25.Х.-06.ХI
4 Қазақ ғылыми зерттеу жобалау
институты 1 1997ж.07.Х1-18.ХI
5 N 2 Құрылыс монтаж басқармасы 1 1997ж.19.Х1-30.ХI
6 ШЭС 1 1997ж.I.ХII-12.ХII
7 Энергонадзор 1 1997ж.13.ХII-24.ХII
8 ШГТУ 1 1997ж.25.ХII-30.ХII
--------------------------------------------------------------------------