Об утверждении уточненного бюджета Пенсионного фонда Республики Казахстан на 1997 год Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған нақтыланған бюджетiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған нақтыланған бюджетi (қоса берiлiп отыр): кiрiсi бойынша 152236,4 млн. теңге сомасында: шығысы бойынша 152236,4 млн. теңге сомасында бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры бюджетiнiң кiрiсi мыналардың есебiнен құралатын болып белгiленсiн: меншiк нысанына және қызмет түрiне қарамастан жұмыс берушiлердiң, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын азаматтардың, сақтандыру жарналарының; жұмыс берушiлердiң мерзiмiнен бұрын тағайындалатын зейнетақыларға байланысты және жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз ету мақсатына аударатын қаражатының; жұмыс берушiлер мен азаматтардан керi талап ету тәртiбiмен өндiрiлiп алынатын қаражаттың; жарна төлеушiлердiң сақтандыру жарнасы бойынша өтеуге тиiстi берешегi жөнiндегi қаражатының, оның iшiнде: 1997 жылдың 1 қаңтарына өткен жылдан ауысқан ақша қаражатының қалдықтарының; Қазақстан Республикасы Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнен алынған несиелердiң есебiнен қалыптасады деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Республикалық бюджеттен 36000 млн. теңге сомасында алынған трансферттер зейнетақы төлеу жөнiндегi берешектердi өтеу үшiн жұмсалсын.
Тармақ 4
4. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорынан қаражаттар: "Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетiн зейнетақыларға; зейнетақыларды төлеу және жеткiзiп беру жөнiндегi қызметтерге жұмсалатын шығыстарға; шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға еңбек жарақаты немесе кәсiби ауруы салдарынан тағайындалатын зейнетақыларды төлеуге; жерлеуге берiлген жәрдемақыны төлеуге; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға жеңiлдiктер беру және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жыл сайын жәрдемақы төлеуге; Қазақстан Республикасының Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнен алынған несие сомаларын қайтаруға бағытталсын.
Тармақ 5
5. Облыстар мен Алматы қаласының зейнетақы қорларының бюджеттерiнде түсетiн сақтандыру жарналарының бiр бөлiгiн (30 процент мөлшерiнде) "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есептерi бойынша елеулi кемшiлiктер және қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 5 қазандағы N 1306 қаулысына және оған енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес Қазақстан Республикасының орталықтандырылған шотына аудару көзделсiн.
Тармақ 6
6. Төменде аталған облыстардың әкiмдерi облыстар мен Алматы қаласының Зейнетақы қорларының бюджеттерiнде аударымдарды көздесiн және белгiленген аударымнан тыс аударымдарды Зейнетақы қорының орталықтандырылған шотына ай сайын бiрдей үлесте аударып тұруды қамтамасыз етсiн: Атырау облысы бойынша - 2407,13 млн. теңге; Маңғыстау облысы бойынша - 1171,51 млн. теңге; Алматы қаласы бойынша - 1693,62 млн. теңге. 📌 ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.30. N 1868 қаулысымен.
Тармақ 7
7. Зейнетақы қорының орталықтандырылған қаражатының есебiнен қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлеуге 170 млн. теңге көзделсiн. 📌 ЕСКЕРТУ. 7-шi жаңа тармақпен толықтырылды, 7-10-тармақтар тиiсiнше 8-11-тармақтар болып саналды - ҚРҮ-нiң 1997.12.30. N 1868 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Статистика жөнiндегi ұлттық агенттiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қаржы министрлiгi кәсiпорындардың сақтандыру жарналары бойынша берешектерiн есепке алу жөнiндегi есеп берудi ретке келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
Тармақ 9
9. Сақтандыру жарналары Зейнетақы қорына түспей қалған жағдайда Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Қазақстанның акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнен зейнетақы төлеу үшiн Зейнетақы қорының жылдық кiрiс сомасынан 1,97 проценттен аспайтын несиелiк ресурстарды ала тұруына рұқсат етiлсiн.
Тармақ 10
10. Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған бюджетiнiң атқарылуына бақылау жасау Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Н.А.Коржоваға, Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы М.Т.Есенбаевқа және облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне жүктелсiн. Зейнетақы төлеу бойынша берешектердi төлеу үшiн жауапкершiлiк төлеу жөнiндегi агентке - Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ банкiне жүктелсiн.
Тармақ 11
11."Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған бюджетiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 ақпандағы N 143 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 12. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған Зейнетақы қорының нақтыланған бюджетi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 1048 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған Зейнетақы қорының нақтыланған бюджетi (млн. теңге) Кiрiс                        Зейнетақы    Зейнетақы                                           қорының      қорының                                         бекiтiлген   нақтыланған                                           бюджетi      бюджетi
Тармақ 1
1. Меншiк нысанына және қызмет түрiне     102265,8     97064,3 қарамастан жұмыс берушiлердiң, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын азаматтардың сақтандыру жарнасын аударуы
Тармақ 2
2. Жұмыс берушiлердiң мерзiмiнен бұрын    210,0        210,0 тағайындалатын зейнетақыға байланысты және жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз ету мақсатына аударатын қаражаты
Тармақ 3
3. Жұмыс берушiлер мен азаматтардан       13,0         13,0 керi талап ету тәртiбiмен өндiрiлiп алынатын қаражаты
Тармақ 4
4. Сақтандыру жарнасы бойынша берешектi, 62936,7 8026,5 өтеу шотына төлеушiлерден және 1996 жылы балалы отбасыларына төленген жәрдемақыға шыққан шығысты өтеу шотының Зейнетақы қорына бюджеттен түсетiн қаржылар оның iшiнде:
Тармақша а
а) сақтандыру жарнасы бойынша 60361,5 2791,0*
Тармақша б
б) балалы отбасыларына төленетiн 2575,2 5235,5 жәрдемақы бойынша Ескерту: Зейнетақы қорына төленетiн сақтандыру жарнасы бойынша берешек 1997 жылдың 1 қаңтарына баланс бойынша 60,4 млрд. теңге.
Тармақ 5
5. 1997 жылдың 1 қаңтарына қарай ақша     1016,1       519.2 қаражатының ауыспалы қалдығы
Тармақ 6
6. Қазақстанның Халықтық Банкiнен алынған 8000,0       10403,4 несиелер
Тармақ 7. Шығыстар
7. Республикалық бюджеттен алынған                     36000,0 трансферттер Кiрiс жиыны                               174441,6     152236,4 Шығыстар
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында азаматтарды 116873,5     105423,0 зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетiн зейнетақылар      оның iшiнде:      еңбек зейнетақысы                    114228,2     102769,1      әлеуметтiк зейнетақы                   2237,2       2245,8      мерзiмдi қызметтiң әскери      қызметшiлерi      қатарындағы мүгедектерге төленетiн      зейнетақы                               408,1        408,1
Тармақ 2
2. Зейнетақы төлеу жөнiндегi берешектi    31583,0      30700,0 өтеу
Тармақ 3
3. Зейнетақы төлеу және оны жеткiзiп беру   890,7       816,7 қызметiне жұмсалатын шығыстар
Тармақ 4
4. Шетелге тұрақты тұруға кеткен          39,0           39,0 азаматтарға еңбек жарақатына немесе кәсiби ауруы салдарынан тағайындалатын зейнетақыны төлеу
Тармақ 5
5. Жерлеуге берiлетiн жәрдемақыны төлеу   853,0         853,0
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң   233,0         233,0 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары әлеуметтiк және өзге де төлемдердi есептеу үшiн есептi көрсеткiштiң төрт есе мөлшерiнде жылына бiр рет берiлетiн жәрдемақыны төлеу
Тармақ 7
7. Қазақстанның Халықтық Банкiнен         12081,6      14171,7 алынған несие сомасын қайтару Шығыстардың жиынтығы:               174441,6     152236,4      Кiрiстердiң шығыстардан асуы: