О внесении изменений в бюджет области для обеспечения предоплаты за потребляемые энергоресурсы бюджетными организациями и льготной категорией населения на 1997 год Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бюджеттік мекемелер мен жеңілдіктер берілген тұрғындар пайдаланатын энергоресурстар үшін алдын-ала ақы төлеуді қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылғы облыс бюджетіне өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты – Ақтөбе облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 1/5-282 хаты.
Тармақ 1
1. Облыстық бюджетте Ақтөбе жылу орталығының жөндеу қалпына келтіру үшін қарастырылған қаржының көлемін азайту есебінен, кейбір жеңілдіктер берілген тұрғындарға газ үшін төлеуге қосымша қаралған қаржы 53,0 млн. теңге болып бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облысқа берілетін газға алдын-ала ақы төлеуді шұғыл түрде қамтамасыз ету үшін бюджеттік мекемелер және тұрғындарға жеңілдіктер беруге байланысты шығындардың орнын толтыру жөніндегі бюджеттің бережағы есебінен пайдаланылған энергоресурстар үшін орталықтандырылған тәртіп бойынша есеп айырысуға рұқсат берілсін.
Тармақ 3
3. Облысқа газ әкелу үшін алдын-ала қаржы төлеу жөнінде банк және шаруашылық субъектілері, соның ішінде Қазақстан Республикасы резиденттері болып табылмайтын шетел фирмалары алдында көтерме сатып алушы арқылы облыс әкімінің кепіл болуына рұқсат берілсін.