О местном бюджете Актюбинской области на 1997 год Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының 1997 жылға арналған жергілікті бюджеті туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 1/5-282 хаты.
Тармақ 1
1. 1997 жылға арналған өзіндік-облыстық бюджет қосымшаға сәйкес кірістері бойынша - 3118568 мың. теңге, шығыстары бойынша – 2594824 мың. теңге сомасында, кірістерінің шығыстардан 523744 мың. теңге сомасында артықтығымен бекітілсін.
Тармақ 2
2. 1997 жылға арналған облыстық бюджеттің кірістері төлем көздері бойынша мына мөлшерде болып белгіленсін: - акциздер - 272136 мың теңге - заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - 1242421 мың теңге - төлем көздерінен ұсталатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы - 320191 мың теңге - алымдар мен салыққа жатпайтын басқа да түсімдер - 40760 мың теңге - заңды тұлғалардан алынатын мүлік салығы - 190000 мың теңге - табиғат қорғау қорына түсімдер - 53060 мың теңге
Тармақ 3
3. 1997 жылғы жалпы мемлекеттік реттелуші салықтардан түсетін түсімдердің жалпы сомасын аудандар және Ақтөбе қаласы бюджеттеріне мынадай мөлшерде бөлу белгіленсін:
Тармақша а
а) акциздер бойынша: Ақтөбе, Мәртөк аудандары мен облыстық бюджетке - 100 процент;
Тармақша б
б) заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша: Ақтөбе - 8 процент, Мұғалжар ауданына - 46,9 процент, Хромтау ауданында - 5,6 процент, қалған аудандарға - 50 процент;
Тармақша в
в) төлем көзінен ұсталатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша: - Ақтөбе қаласына - 29 процент, Мүғалжарға - 22,9 процент, Октябрьге - 20,9 процент, Темірге - 46,3 процент, Хромтауға -18,8 процент, Шалқарға - 95,5 процент, қалған аудандарға - 100 процент бөлінсін.
Тармақ 4
4. Аудандар мен Ақтөбе қаласы бюджеттерінің кірісіне жергілікті салықтар мен алымдар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, коммуналдық меншікті мүлікті жалға беруден алынатын кіріс, орманды пайдалану ақысы, су ақысы, мемлекеттік баждар, әкімшілік айыппұлдар мен санкциялардан түсетін түсімдер, полигондарды пайдалану үшін төлейтін жалдау ақысы, меншік құқығын және жер пайдалану құқығын сатудан түсетін түсімдер, бұған жер учаскелерін жалға беруді қоса алғанда, республикалық бюджетке аударылатын сомаларды қоспағанда, салыққа жатпайтын басқа да түсімдер толығымен енгізілсін.
Тармақ 5
5. Облыстық әділет басқармасы жүргізетін заңды және жеке тұлғаларды тіркеуден түсетін және аукциондық сатылымнан алынатын қаражат түсімдерді өзіндік-облыстық бюджеттің кірістері құрамына толығымен енгізілсін.
Тармақ 6
6. «Ақтөбемұнайғаз», «Ақтөбеэнерго» акционерлік қоғамдары мен Батыс Қазақстан Теміржолы басқармасынан түсетін заңды тұлғалардан алынатын мүлік салығы өзіндік-облыстық бюджеттің кірістері құрамына толығымен енгізілсін.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының "1997 жылға арналған республикалық бюджеті туралы" Заңына сәйкес белгіленген тәртіп басшылыққа алынып: - 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жұмыс берушілердің міндетті сақтандыру жарналарының есебінен еңбекке ақы төлеу қорының; - мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын ұйымдар үшін еңбекке ақы төлеу қорының 2 проценті мөлшерінде құрылатын болып белгіленсін; - жалақының ең төменгі мөлшері бойынша былайша белгіленсін: 1997 жылғы 1 қаңтардан - 2030 теңге; 1997 жылғы 1 сәуірден - 2060 теңге; 1997 жылғы 1 шілдеден - 2085 теңге; 1997 жылғы 1 қазаннан - 2340 теңге; - қолданып жүрген заңдарға сәйкес зейнетақыларды, жәрдем ақыларды және өзге де әлеуметтік төлімдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салық және басқа төлемдер үшін ай сайынғы есеппен алғанда мынадай мөлшерде есепті көрсеткіш белгіленсін: 1997 жылғы 1 қаңтардан - 550 теңге; 1997 жылғы 1 сәуірден - 565 теңге; 1997 жылғы 1 шілдеден - 585 теңге; 1997 жылғы 1 қазаннан - 620 теңге; - табиғат қорғау қорын нақты түсетін түсімдері көлемінің 60 проценті мөлшерінде қаржыландыру жүзеге асырылатын болсын.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 қаңтардағы "Қозғалмайтын мүлікті бағалау мен тіркеу жөніндегі" № 10 Қаулысына сәйкес қозғалмайтын мүлікті бағалау мен тіркеу бойынша және өзін-өзі қаржыландыру жағдайындағы жұмыстың ұйымдық мәселелерін басқарып шешуге ықпал ету мақсатында Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы сомасының 5 проценттен артық емес бөлігін бюджеттің шығыстары бөлігі арқылы қаржы органдарының аудару жолымен қозғалмайтын мүлікті бағалау мен тіркеу жөніндегі басқармасының есепшотына аударып отыратын болсын.
Тармақ 9
9. Халық шаруашылығын қаржыландыруға 328717 мың теңге сомасында, оның ішінде селолық киножелілердің шығындарын жабу үшін берілетін жәрдемақыға 12720 мың теңге, жекелеген азаматтардың жеңілдіктерін өтеуге 215043 мың теңге, мал-дәрігерлік мекемелерді ұстауға 2714 мың теңге, өмірлік мәні бар объектілерді қалпына келтіруге 98240 мың теңге сомасында қаржы бекітілсін.
Тармақ 10
10. Мәдени-әлеуметтік шараларды қаржыландыруға 1589178 мың теңге, соның ішінде:
Тармақша а
а) білім беруге - 309440 мың теңге
Тармақша б
б) мәдениет пен өнерге - 53424 мың теңге
Тармақша в
в) бұқаралық ақпарат құралдарына- 20000 мың теңге
Тармақша г
г) денсаулық сақтауға - 710026 мың теңге
Тармақша д
д) жастар саясаты, туризм мен спорт жөніндегі шараларға 10498 мың теңге
Тармақша е
е) халықты әлеуметтік жағынан қорғауға - 485790 мың теңге сомасында қаржы бекітілсін.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту туралы» Заңының 12 бабына сәйкес санитарлық нормалар мен гигиеналық нормативтер ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың 25 проценті облыстық санитарлық-эпидемиологиялық органдары қызметін қаржыландыруға бағытталсын.
Тармақ 12
12. Облыс бюджетінің құрамында қосымшаға сәйкес халықтың жұмыс жасамайтын бөлігі үшін облыстық міндетті медициналық сақтандыру қорына олардың сақтандыру төлемдерін беру үшін 803000 мың теңге жалпы сомасында қаржы қаралғаны ескерілсін.
Тармақ 13
13. 1997 жылғы облыс пен Ақтөбе қаласы бюджеттері құрамында аз қамтылған отбасыларына берілетін тұрғын үй төлемдері жәрдемақылары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтардың өзін-өзі қаржыландыруы тәртібіне көшуіне байланысты облыстық бюджетте - 34460 мың теңге, Ақтөбе қаласында - 80000 мың теңге және Хромтау ауданында - 10000 мың теңге сомасында қаржы қаралғаны ескерілсін.
Тармақ 14
14. Бөлінген қаржыны қазіргі бар желілерді ұстаудың қажетті шығындарына сәйкестендіру мақсатында 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет объектілері желілерін тиімділеудің бірқатар шаралары жүргізілсін: - орталық усадьбалардағы, фермалардағы және селолық округтер бөлімшелеріндегі кітапханалар мен клуб мекемелерін, сондай-ақ Ақтөбе қаласының жекелеген кітапханаларын ұстау қаржысы қысқартылсын; - автоклубтар желісі жабылсын; - жергілікті атқарушы органдарға жекелеген клубтар мен мәдениет үйлеріне бөлінген қаржыға сәйкес сақтау ұсынылсын; - облыс Әкіміне, Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдеріне бөлінген қаржыны бюджеттік мекемелерді ұстаудың қажетті шығындарын жабу мақсатында осындай ұсыныс жасалып, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері желісін тиімділікпен қайта құру шаралары өткізілсін.
Тармақ 15
15. Заңды тұлғалардың әлеуметтік объектілерді кезең-кезеңмен жергілікті атқарушы органдарға беруі Бағдарламасына сәйкес Республика Көлік Министрлігі жүйесінен алты мектепке дейінгі мекемелер, сегіз мектеп, екі тораптық аурухана, екі линиялық аурухана, бір линиялық амбулатория және он үш фельдшерлік-акушерлік пунктер және өнеркәсіп орындарынан он мектепке дейінгі балалар мекемелері тиісті, қаржылармен жергілікті бюджетке берілгені ескерілсін. Бұған қоса республикалық бюджеттен Ақтөбе байланыс колледжі мен индустриалды-педагогикалық колледж, алынып облыстық бюджеттің есебінен қаржыландыру жүргізіледі деп белгіленсін.
Тармақ 16
16. Өзіндік-облыстық бюджет салмағын жеңілдету мақсатында № 2 Алға кәсіптік-техникалық және № 9 Хромтау кәсіпті техникалық мектептерін ұстау Алға және Хромтау аудандық бюджеттерінің есебінен жүргізіледі деп белгіленсін, сондай-ақ СМЭУ МАИ және № 103 балалар бақшасының шығындарына жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақтөбе қаласы бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
Тармақ 17
17. Көші-қон шаралары жөніндегі шығыстарды қаржыландыру жыл сайын белгіленетін иммиграция квотасы бойынша мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 18
18. Облыстық ішкі істер басқармасын, нотариалдық кеңселерді ұстауға және қорғаныс шығындарын жабуға 342333 мың теңге сомасында қаржы бөлу бекітілсін. Бұрын республикалық бюджеттен қаржыландыру істер бөлімдерінің функционалдық бөлімшелерін және әскери комисариаттарын ұстау шығындары облыстық бюджет құрамында қаралғаны ескерілсін. Құқық қорғау органдарына бөлінген қаржы құрамында Шалқар және Алға айықтырғыш мекемелерін ұстауға қаржы қаралғаны ескерілсін.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік басқару органдарын ұстауға 90910 мың теңге, оның ішінде Облыстық Мәслихатты ұстауға 4730 мың теңге сомасында қаржы бекітілсін.
Тармақ 20
20. Басқа шараларды қаржыландыруға 50800 мың теңге сомасында қаржы бекітілсін.
Тармақ 21
21. Табиғат қорғау қорына бөлінген 31836 мың теңге сомасында қаржы бекітілсін.
Тармақ 22
22. Ғылыми мекемелерді ұстауға 2500 мың теңге сомасында қаржы бекітілсін.
Тармақ 23
23. Облыс бюджетінен облыстың өзін ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге 100000 мың теңге бөлініп, осы қаржыны қайтарып беру негізінде көзделсін.
Тармақ 24
24. Облыстық бюджетте резерв қорына 50000 мың теңге ішінде 10000 мың теңге сомасында қаржы төтенше оқиғаларды қаржыландыру көзделсін.
Тармақ 25
25. 1997 жылы аудандардың бюджеттеріне кірістерінің шығыстардан артуы есебінен 523744 мың теңге сомасында трансферттер бөлінсін, соның ішінде: Әйтеке би ауданына - 46066 мың теңге Ақтөбе ауданына - 7026 мың теңге Алға ауданына - 71400 мың теңге Байғанин ауданына - 86646 мың теңге Бөгеткөл ауданына - 22556 мың теңге Ырғыз ауданына - 50577 мың теңге Исатай ауданына - 39062 мың теңге Ленин ауданына - 6223 мың теңге Мәртөк ауданына - 32170 мың теңге Ойыл ауданына - 71458 мың теңге Қобда ауданына - 46840 мың теңге Шалқар ауданына - 43710 мың теңге сомасында көзделсін.
Тармақ 26
26. Облыстық бюджет бойынша 1997 жылдың аяғында кассалық ақша айналымы 30000 мың теңге сомасында болып белгіленсін.
Тармақ 27
27. 1996 жылғы шығындарға қосымша бағышталған қаржы 1147490,5 мың теңге, соның ішінде 1996 жылдың басында бос қалдық есебінен 206392,2 мың теңге резерв қорына 31196,2 мың теңге, қаржыны үнемдеу есебінен 909902,1 мың теңге сомасында болып бекітілсін.
Тармақ 23
23. Бюджеттік банкке жаңа процент бойынша аудару сомасын кайта есептеуді бюджет түрлерінің шегінде 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізу және тиісті бюджеттер есепшотына тіркеуді уақытылы қамтамасыз ету тапсырылсын.