О введении особого режима потребления электрической энергии и природного газа на осенне-зимний период 1998 – 1999 г. г. Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998-1999 жылдардың күзгі-қысқы кезеңдерінде электрқуатын және табиғи газды пайдалануға ерекше тәртіп енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. Облыс тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтау жөнінде облыс әкімшілігі тарапынан жеткілікті шаралар алынды. Алайда, газды және электр қуатын үзіліссіз беру шарты бойынша сұранысты қатайту және кеңінен жүргізілген түсінік жұмысына қарамастан облыс тұтынушылары тарапынан оларды тұтынғаны үшін уақытында төлем төлеу тиісті дәрежеде қамтамасыз етілмеді. Электр қуатын өз бетімен ұрлап пайдалану кеңінен орын алуда. Жекелеген аудандарда электр қуатының 75 процентіне "Дейін есептеу аспаптарынсыз пайдаланылады. Акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары технологиялық процестерін ұтымды пайдалану, электр жабдықтарының орнатылған қуатын азайту, энергия ресурстарын үнемдеу жөнінде қажетті шаралар ала алмады. Электрмен жабдықтаушы ұйымдар "Ақтөбеэнерго" акционерлік қоғамы (М. А. Серікбаев), "Ақтөбеоблгаз" газ шаруашылығы акционерлік қоғамы (С. Ш. Мұқашев), "Жылуэнергия" акционерлік қоғамы (С. К. Нокин) өткізілген энергия ресурстары үшін төлем төлеуді толық қамтамасыз етуде қажетті шаралар ала алмады. Осының нәтижесінде табиғи үшін облыс тұтынушыларының бережағы шарт жасалғаннан бергі мерзім ішінде 723,9 млн теңге құрады, "Ақтөбеэнерго" акционерлік қоғамы бойынша жыл басынан бері Ресейдің бірыңғай энергетика жүйесі акционерлік қоғамын алдындағы бережағы 94,2 млн. теңгеге өсіп, бүгінгі күнге 737,2 млн. теңге құрады. Жылуға бережағы 1490,2 млн. теңге құрайды. Жабдықтаушылармен есеп айырысудағы қалыптасқан жағдай алдағы 1998-1999 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінде облысты энергимен үзіліссіз қамтамасыз ету мүмкіндігін өте қиын қалдырып отыр. Алдағы күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларды энергиямен тұрақты жаб қамтамасыз ету, өмірді қамтамасыз- ететін объектілердің қызметінде экстремалдық және төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында облыс Әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы 15 қазаннан бастап электр энергиясын, газ және жылуды тұтынушылардың барлығына электр ресурстарын тұтыну, уақытында төлем төлеу және оларды өз бетімен ұрлап пайдаланушыларды болдырмау жөнінде қатайтылған шараларды көздейтін энергиямен жабдықтаудың ерекше тәртібі енгізілсін.
Тармақ 2
2. Облыс аумағында энергия ресурстарын тиімді пайдалану және үнемдеу тәртібін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі оперативтік штаб бекітілсін (№ 1 қосымша). Облыстық оперативтік штабқа электр қуатын және табиғи газды пайдалану жөніндегі белгіленген лимиттерді сақтауға бақылау жасау, тұтынылған энергия ресурстары үшін төлем төлеудің жағдайына байланысты мәселелерді және Ақтөбе қаласымен аудандардың әкімшілерінің осы шешімді жүзеге асырудағы жұмыс қортындыларын қарау міндеттері жүктелсін.
Тармақ 3
3. "Ақтөбеэнерго" акционерлік қоғамын (М. Серікбаев),"Ақтөбеоблгаз" газ шаруашылығы акционерлік қоғамына (С. Мұқашев) ұсынылсын": - тәулік сайын жіберілетін энергия ресурстарын бекітілген лимитер бойынша қатаң түрде ұйымдастыру, төлемі алдын-ала төленген жағдайда оны көбейту мүмкіндігін қарау, олардың ұрлануынан толық қорғау; - талдау және ұсыныс әзірлеу үшін экономика басиқармасына жіберілген және тұтынылған энергия ресурстарының күнде-күнгі балансын тапсыру; - келісім шарттарының орындалуын және тұтынған энергия ресурстарына төлем төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін тұтынушыларды сөзсіз ажыратып тастауға желі құрылымдарын жұмылдыру; - өмір тіршілігін қамтитын объектілерге айлық тұтыну лимиті бойынша электр энергиясын және табиғи газды үзіліссіз беруді қамтамасыз ету; - өткен айдағы теленген төлемді ескере отырып жіберілетін электр энергияның және табиғи газдың бекітілген лимитіне түзетулер енгізу үшін облыстық штабқа айсайынғы есебін ұсынып отырсын.
Тармақ 4
4. Төлем қабілеті бар тұтынушыларға және маңызды тіршілік объектілеріне электр энергиясын және табиғи газды бөлу және үзіліссіз қамтамасыз ету Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдерінің жеке жауапкершілігіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдеріне міндеттелсін: - шектеу мүмкіндіктерін ескере және барлық знергиямен жабдықтаушылардың басқару құрылымдарының күшін жұмылдыра отырып электр энергиясын және газды төлем төлеуге қабілеті бар тұтынушыларға, тіршілік маңызды объектілерге беруді қамтамасыз ету; - келісілген және бекітілген кесте бойынша тұрғыдан-энергия ресурстары үшін пайда болған бережақтарды өтеу жөнінде жұмысты ұйымдастыру; - барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және бюджеттік ұйымдармен электр энергиясын және табиғи газды енгізілген лимит бойынша тұтынуларын сақтауға қатаң бақылау орнату; - Ақтөбе қаласында, аудандардың орталықтарында, әр селолық округте құқық қорғау органдарының қатысуымен тұрақты қызмет істейтін жұмысшы комиссияларын құру, оларға тұтынған энергия ресурстары үшін толық және уақытында есептесуіне әр үй басын тексеру, ұрлау және заңсыз пайдалану фактісіне тиым салу міндеттері жүктелсін; - тікелей басшылығымен энергиямен жабдықтаудың жағдайын ай сайын қарап отыруды, халықты жылумен, отынмен, сумемен қамамасыз етуді ұйымдастырсын және оның қортындысы туралы 57-47-22, 57-45-26 телефондары бойынша облыстық штабка оперативті түрде хабарлап отырсын; - алдағы уақытта энергия ресурсымен үзіліссіз жабдықтау төлемнің төленуі және бережақты жоюдың деңгейінен тәуелді екендігі туралы халықтың және тұтынушылардың арасында түсіндіру жұмысын кеңінен ұйымдастыру; - тіршілікті қамтамасыз ететін объектілрде және елді мекендерде қор кезін құру үшін қолда бар энергия қуатының дайындығын қамтамасыз ету және жергілікті жерде жаңа энергия қондырғыларын сатып алу мүмкіндіктерін іздестіру.
Тармақ 6
6. Облыстық экономика басқармасы (Н. Әбдібеков) тұтынушылардың барлық категориясы бойынша бережақты жою кестесінің орындалуына, энергия ресурстарымен сырттан жабдықтаулар бойынша бережақты жою үшін жинақтау қоры арқылы қаражаттың түсуі және бөлуіне, ағымдық тұтынғанына сөзсіз төлем төлеу және оның дер кезінде жеткізілуі үшін алдын-ала төлем төлеп отыру шарттарына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 7
7. Барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, мекемелердің және ұйымдардың басшыларына өндірістердің, тіршілікті қамтамасыз ететін объектілердің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және күзгі-қысқы кезеңде авария- экстремалды жағдайларды болғызбау ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Облыстық ішкі істер басқармасы (С. Исимов) Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдерінің энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың энергия ресурстарын заңсыз пайдалануды және ұрлауды болдырмау жұмысына көмек көрсетсін.
Тармақ 9
9. Облыстық қаржы басқармасына (Б. Жантеміров), қазынашылық басқармасына (Р. Абашева), Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдеріне: - бір апталық мерзімде бюджеттік мекемелердің тұтынған электр қуатына, табиғи газға, жылу қуатына және суға бережақтарын қарап, үстіміздегі жылғы 1 қарашаға дейін ол бережақтарды өтеудің шараларын алсын; - әр бюджеттік мекеме бойынша тұтыну лимитіненгізсін және оның орындалуын қатаң бақылауға алсын; - азаматтардың жекелеген категориясына жеңілдік берілуіне байланысты шығындарды знергиямен жабдықтаушы және коммуналды кәсіпорындарының шығынын уақытында өтеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік энергияны бақылау Батыс Қазақстан ауматық басқармасы (Е. А. Айдаров) кәсіпорындарда және ұйымдарда энергетикалық шаруашылықты пайдалану, үнемдеу режимін сақтау ішінде жүйелі және үнемі тексеруді ұйымдастырсын. Тексеру қортындысын облыстық штабқа апта сайын баяңдап отырсын.
Тармақ 11
11. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (А. Рсалин) орын алған жағдайлар және энергиямен жабдықтауды сақтандыру жәніндегі алынған шаралар туралы облыс халқын оперативті және дұрыс хабардар етіп отыру үшін көпшілік ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіріп отыру тапсырылсын.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунге жүктелсін.
Басқа 13
Облыс Әкімінің 1998 жылғы "12" қазандағы № 157 шешіміне 1 қосымша Энергия ресурстарын тиімді пайдалану және үнемдеу тәртібін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі облыстық оперативтік штабтың құрамы 1. В. В. Супрун - облыс Әкімінің бірінші орынбасары, штабтың тәрағасы 2. Н. Қ. Әбдібеков - облыстық экономика басқармасының төрағасы, штаб төрағасының орынбасары 3. В. С. Крутько - төтенше жағдай жөніндегі облыстық басқармасының бастығы 4. Г. Т. Мартынов - "Ақтөбе жылу энергия орталығы" акционерлік қоғамының президенті 5. Ю. Н. Алимпиев - "Актөбе" акционерлік қоғамының президенті 6. С. Ш. Мұқашев - "Ақтөбеоблгаз" газ шаруашылығы акционерлік қоғамының президенті 7. С. К. Нокин - "Жылуэнергия" акционерлік қоғамының президенті 8. М. А. Серікбаев - "Ақтөбеэнерго" акционерлік қоғамының президенті 9. Н. З. Тұрбаев - "Ақбілақ" акционерлік қоғамының президенті 10. Б. Ш. Бекенов - облыстық экономика басқармасының бөлім бастығы, штабтың хатшысы