О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан на новый 1998-1999 учебный год Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін жаңа 1998-1999 оқу жылдарында әскери-техникалық мамандар даярлау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімнің өтіп кеткендігіне байланысты – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-шы бабына сәйкес және "Әскери-техникалық мамандарды даярлауды басқаруды жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 29 тамыздағы 1199 Қаулысы мен " Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Әскери-техникалық мектептерінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін мамандар даярлау туралы ережені күшіне енгізу жәйлі" Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1996 жылғы 28 ақпандағы 40 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери-техникалық мектептерінде 1998-1999 оқу жылында қа даярлануға шақыруға жататындар қатарынан 450 адамды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін мамандар даярлау жөніндегі жоспар бекітілсін /1 қосымша/.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкімдер, облыстық әскер комисары /СӘТЕНОВ Қ.А./: - Ақтөбе облысында әскеріі-техникалық мектептер топтарының мезгілінде жинақталуын және әскери-техникалық мамандар даярлау жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін. Әскери-техникалық мамандар даярлау үшін іріктелген әскерге шақырушылар көлік жүргізуге жарамдылығын аныктауға арналған комиссиядан, дәрігерлік куәландырудан, сондай-ақ алатын әскери-техникалық мамандығы бойынша Қарулы Күштерде әскери қызметке жарамдығы жөнінде қалалық аудандық әскери комиссариаттар жанындағы медициналық комиссиядан өткізілсін. Шақырылушылардың аурулығын сотталғандығын және кезекті шақыруға жатпайтындығын біле тұра әскери-техникалық мектептерде оқуға жолдама берушілік орын алмайтын болуын қадағаласын. Өндірістен қол үзіп, әскери техникалық мектептерде дайындықтан өтетін шақырылушылардың оқуы кезіндежқмыс орыны, лауазымды қызметі сақталсын және негізгі жқмыс орыны бойынша орташа айлық табысы төленсін. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Әскери-техникалық мектептерінде ғана емес, сонымен бірге меншіктің қандай нысалындағы екендігіне қарамастан басқа да ұйымдарда, мекемелер мен шаруашылық жүргізуші субъектілерде даярлаған маман-шақырушылар есепке алынатын болсын және Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес олар алған әскери-техникалық мамандықтары бойынша ғана әскерлерге жіберілсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе әскери техникалық мектебінің бастығы /В. В. Исаенко/ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін жаңа 1998-1999 оқу жылында әскери-техникалық мамандар даярлау жоспарын толық әрі сапалы орындауды қамтамасыз етсін: - Қарулы Күштері үшін әскери техникалық мамандар даярлау бағдарламасының талаптарына сәйкес мектептің оқу материалдық базасын нығайтуды жүргізсін, әскери-техникалық мектепті практикалық жұмыс тәжірибесі бар оқытушылармен және өндірістік оқыту шеберлерімен толықтырсын, олармен әдістемелік жқмыс деңгейін, сондай-ақ жетпейтін техниканы, мүлікті, оқу құралдарымен әдебиеттерді алдырсын. - Әскери – техникалық мектептің курсанттары оқу мен техниксын оқу үрдісіне байланыссыз жұмыстарға қатыстыруға және пайдалануға тыйым салынсын.
Тармақ 4
4. Әскери құрамалар мен бөлімдердің коандирлері, Ақтөбе гарнизонының бастығы, әскери оқу орындары мекемелерінің және оқу орындары әскери кафедраларының бастықтары жастарға әскери – патриоттық тәрбие беру және мектептердің оқу материалдық базаларын жетілдіру мәселелерінде әскери – техникалық мектептерімен тығыз байланыс жасауды қолдап отыратын болсын.
Тармақ 5
5. Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы жол полициясының бастығы /Ж. М. Тасыбаев/ Ақтөбе әскери – техникалық мектебінің тапсырысы бойынша курсанттардан уақытында емтихан қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Облыстық қоғамдық көлік қызметі басқармасы /Т. Т. Құрманалин/ Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе әскери - техникалық мектебінде әскери - техникалық мамандарды даярлаудан өтіп жатқан курсанттардың оқуы кезеңінде қаланың жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүруі туралы мәселені шешетін болсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасаары Е. Н. Дошаевқа және облыстық әскери комиссары Қ. А. Сәтеновке жүктелсін.
Басқа 8
Ақтөбе облысы әкімінің 3 желтоқсан 1998 жылғы № 181 шешімне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Актөбе әскери-техникалык мектебінде 1998-1999 оқу жылында шақырылуға жататындардан Республикасының Қарулы Күштері мамандар даярлау ЖОСПАРЫ п/п Жинақтайтын қала және аудандық әскери комиссариаттары Мамандықтың аты кезендердегі оқу мерзімі электромеха никаның жургізушілері "В" және "С" категорияның жүргізушілері 1 кезені 2 кезені 3 кезені 1.10.98 ж. бастап, 15.01.99 ж. дейін 1.02.98 ж. бастап, 15.05.99 ж. дейін 1.06.98 ж. бастап, 15.09.99 ж. дейін 1. Актөбе қалалық әскери комиссариат 60 120 60 60 60 2. Әйтеке би аудандық әскери комиссариат - 20 5 5 9 3. Алға аудандық әскери комиссариат - 30 8 9 13 4. Байғанин аудандық әскери комиссариат - 15 6 4 5 5. Ырғыз аудандық әскери комиссариат - 10 3 3 4 6. Қарғалы аудандық әскери комиссариат - 15 3 .4 8 7. Мәртөк аудандық әскери комиссариат - 30 8 10 12 8. Муғалжар аудандык әскери комиссариат - 30 8 10 12 9. Темір аудандық әскери комиссариат - 15 5 3 7 10. Ойыл аудандық әскери комиссариат - 20 10 10 - 11. Қобда аудандық әскери комиссариат - 40 20 20 - 12. Хромтау аудандық әскери комиссариат - 25 8 15 12 13. Шалқар аудандық әскери комиссариат - 20 5 7 8 БАРЛЫҒЫ 60 390 120 150 120