О мерах по благоустройству сельских населенных пунктов области на 1998 – 1999 годы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың елді мекендерін көріктендіру жөнінде 1998 – 1999 жылдарға арналған іс-шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 27 шешімімен. Аудандар әкімдері мен төменгі әкімшілік-аумақтық бірліктердің облыстың селолық елді мекендерін көғаландыру жөніндегі жеткіліксіз жұмысын атай отырып, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартудың қажеттігіне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Аудандардың , ауылдық (селолық) округтердің, селолар мен кенттердің әкімдері 1998 жылғы қазанның 20-на дейін елді мекендер аумақтарын санитарлық тазалау, ғимараттарды, көшелерді, кіре беріс жолдарды қалпында ұстауға жеке жауап берушілерді бекітсін.
Тармақ 2
2. Облыстың елді мекендерін көріктендіру жөніндегі 1998 – 1999 жылдарғы арналған іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыс аудандарының әкімдеріне тоқсан сайын есеп бергеннен кейінгі айдың 10-на дейін аталған шаралардың орындалу барысы туралы хабарлап отыратын болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментіне жүктелсін.