О подготовке к работе в осенне-зимний период 1998-1999 г.г. объектов энергетики, соцкультбыта и жилищно-коммунального хозяйства области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың энергетика, әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiн 1998-1999 жылдардағы күзгi-қысқы кездегi жұмысқа әзiрлеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Әкімінің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 691-к шешімімен. 1997-1998 жылдардағы от жағу маусымына талдау жасау қалалар мен аудандардың. әкімдері, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық қызметтері, өнеркәсіп және облыстын. баска кәсіпорындары объектілерді күзгі-қысқы кездегі жұмыска әзірлеуде көп жұмыс атқарғандықтарын көрсетті. Облыстың қалалары мен аудандарында күнкөріс объектілерінде қажетті жөндеу-профилактикалық жұмыстарды орындау, алдағы от жағу маусымына отын дайындау жөнінде нақты шаралар белгіленіп, бекітілді, оларды орындау қысқа әзірлік жөніндегі облыстық штабтың, жергілікті жерлерде қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық бөлімдер мен басқармалардың тұрақты бақылауында болды. Жылумен жабдықтау, бюджеттік сала және тұрғын үй объектілерін оқшаулау, оларды жылумен жабдықтаудың, автоматтық көздеріне көшіру схемаларын оңтайлау жөніндегі жұмыс жалғастырылды, мұның өзі бюджет қаражаттарын 30 млн.теңгеге жуық үнемдеуге мүмкіндік берді. Облыс Әкімі бекіткен жұмыс тобы күнкөріс объектілерін (қазандықтарды, тазарту кұрылыстарын, су жинайтын скважиналарды, сукұбыры және жылумен жабдықтау желілерін) техникалық зерттеуді жүргізді, оның нәтижелері бойынша облыстың субвенциялық аудандарында 2000 жылға дейін және 1998 жылға сукұбыры-канализация желілері мен құрылыстарын салу жөнінде бағдарлама жасалып бекітілді. Мұнымен қатар облыстың жеке қалалары мен аудандарында объектілерді 1997-1998 жылдардағы күзгі-қысқы кездегі жұмысқа дер кезінде және сапалы әзірлеудегі жұмыс тиісті дәрежеде жүргізілмеді: Мысалы, жергілікті жерлерде ақша қаражаттарының жоқтығынан, жеке басшылардың салақтығы мен оралымсыздығынан от жағу маусымы басталғанда отыннын екі айлық қорын жасау қамтамасыз етілмеді. Облыстың энергетика, әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiн 1998-1999 жылдардағы күзгi-қысқы кездегi жұмысқа әзiрлеу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 1998 жылғы 31 наурыздағы № 491-к шешiмi. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 30 сәуірде № 10 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Әкімінің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 691-к шешімімен Облыстық. жылу-электр орталықтары мен қазандықтарының онды жұмыс істеуі үшін 1997 жылғы 15 қазанға дейін 1745,9 мын тн.көмір дайындау қажет болса, іс жүзінде 1046,7 мын тн., немесе от жағу мерзімі басталуына қажетті қордың 59,9 проценті ғана дайындалды. Шемонаиха (Гречухин А.В.), Зайсан (Садыков Б.М.), Көкпекті (Қожамбетов Б.Қ.), Бородулиха (Сапоров Б.С.) аудандарында көмір дайындау баяу қарқынмен жүргізілді. бұларда от жағу маусымы басталуына көмір қоры тиісінше 11.2%, 21,4%, 33,0%, 35,1 процент болды. Ал Күршім ауданында (Сләмов Б.Б.) 1997 жылғы 16 қазанға қолда бірде-бір тонна көмір болған жоқ. Қазандықтарды, жылу желілерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қыс кезіне нашар әзірлеудін. негізгі себептерінін бірі облыстын, қалалары мен аудандарында облыстық және жергілікті бюджеттердің. пайдаланылған коммуналдық қызметтер үшін өтелмеген берешектердің, сондай-ақ кәсіпорындар мен халыктын берешектерінің көп жинақталуы болып табылады. Глубокое (Өкірамов М.Ө.). Ұлан (Әубәкіров А.Ө.), Шемонаиха (Гречухин А.В.), Көкпекті (Қожамбетов Б.Қ.), Зырян (Доскалов В.А.) аудандарында қазандықтарды, жылу желілерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін қыс кезіне әзірлеу жұмыстары белгіленген мерзімнен кеш және толық көлемінде жүргізілмеді. Сонын салдарынан 1998 жылғы қаңтарға Ұлан ауданынын Асубұлақ, Ақтау, Огневка, Молодежный кенттерінде және Бозанбай селосында бюджеттік сала объектілерінде, тұрғын үй қорында жылу жүйелері қатып қалды. Көкпекті ауданы Самар селосынын тұрғындары қаңтар-ақпан айларында орталық қазандық пен жылу желілерінде жөндеу жұмыстары шұғыл жүргізілгеннен кейін ғана тек ақпан айында ғана пәтерлеріне онды жылу алды. Қажетті көмірдін, жеткілікті болмауы салдарынан Зырян ауданынын Прибрежный кенті, Серебрянскі қаласы және Шемонаиха ауданының Первомайскі кенті жылумен үздік-создық қамтамасыз етілді. Бүкіл от жағу маусымында тұтыншыларды ауық-ауық үзіп тастау жолымен электр энергиясын тұтыну жөнінде терең шектеулер енгізілді. Энергетиктер алдында борыштары жоқтар да электрэнергиясын тұтынудан үзіліп тасталды, сонын салдарынан Бесқарағай, Бородулиха аудандарынын орталық аудандық ауруханаларында, Глубокое, Күршім, Бесқарағай, Аягөз, Ұлан аудандарынын. мектептерінде төтенше жағдайлар туды, оқу процесстері тоқталды. Облысты 1998-1999 жылдардағы қыс кезіне дер кезінде сапалы әзірлеу мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардын әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттер, кәсіпорындар мен ұйымдардын, басшылары 1997- 1998 жылдардағы от жағу маусымы аяқталысымен тиянақты талдау жасап, өткен от жағу маусымдарынын қателіктері мен олқылықтарын ескере отырып, облыс қалалары мен аудандарын 1998-1999 жылдардағы от жағу маусымына әзірлеу жөнінде шаралар белгілесін. Шаралар әкімдердің шешімдерімен бекітілсін және 1998 жылғы 25 мамырға дейін облыстық оперативті топқа берілсін.
Тармақ 2
2. 1998-1999 жылдардағы қыс кезіне әзірлену жөніндегі жұмыстарды аяқтау мерзімдері белгіленсін. - мектептерді - 1998 жылғы 1 қыркүйекке дейін; - десаулық сақтау объектілерін және мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін - 1998 жылғы 15 қыркүйекке дейін; - қазандықтарды, жылу желілерін, тұрғын үйлерді және коммуналдық бағыттағы объектілерді - 1998 жылғы 1 қазанға дейін.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері: -облыстық қаржы басқармасынын (Қүрманғалиев А.Ө.) мемлекеттік сатып алу бөлімімен бірге 1998 жылғы сәуір айы ішінде 1998- 1999 жылдардағы от жағу маусымына қажетті отын (қатты, сүйық), газ, мұнай өнімдерінің мөлшерін белгілеп, облыстық тендер комиссиясының қарауына материалдар берсін; - бюджеттік ұйымдар мен халықтын жеңілдік алатын санаттарына делдалдық ұйымдар мен коммерциялық құрылымдар арқылы көмір алуға және жеткізіп беруге тыйым салынсын; - 1998 жылғы 1 маусымға дейін өткен жылдардағы берешектерді жою жөнінде белгіленген тәртіпте жеткізіп берушілермен мәселе шешілсін; - бюджеттік ұйымдар және халықтын жеңілдік алатын санаттары үшін пристаньдерге жеткізілетін көмірдін сақталуды мен бөлінуі үшін қатаң бақылау орнатылсын; - от жағу кезені басталғанға дейін бюджеттік коммуналдық сала және халықтын жеңілдік алатын санаты үшін отынныңн 2 айлық қорын жасау, ал облыстың оңтүстік аудандарында кеме жүзу мерзімі аяқталғанға дейін жылдық қорын жасау қамтамасыз етілсін: - Бюджеттік сала объектілерін отынмен қамтамасыз ету үшін бақылау жасау облыстың құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақта құрылыс салу басқармасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан отын-энергетика кешенінің (Суров Е.Г.) және жауапкершілігі шектеулі «Сайқан» серіктестігінің (Дудник А.В.) басшылығы Зайсан, Тарбағатай, Күршім аудандарының әкімдерімен бірге бір ай мерзімі ішінде Кендірлік кен орнының көмір көлемі мен жеткізіп беру мерзімдерін белгілесін, көмір өндіруді арттыру мен кешеннін тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық қаржы басқармасы (Кұрманғалиев А.Ө.), облыстық казначей басқармасы (Юркина А.И.), өнеркәсіп және СЭБ басқармасы (Саркисов А.Б.): - 1998 жылғы 15 маусымға дейін Республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттердің және өнеркәсіп кәсіпорындарының көрсетілген коммуналдық қызметтер үшін берешектерін өтеу жөнінде шаралар қолдансын тұтынылған жылу, электр энергиясы және басқа коммуналдық қызметтер үшін салыстырып тексеру жүргізілсін, мұнда төлемдер шығыстар сметасы шеңберінде жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Облыстық құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақта құрылыс салу басқармасы (Никитин Н.Л.) сұйык отын мен жұмыс істейтін қазандытарды орнату және су құбыры-канализация желілері мен құрылыстарын күрделі жөндеу жөнінде 1998 жылға арналған бағдарламаны орындауды қамтамасыз етсін, облыстын қаржы басқармасы (Құрманғалиев А.Ө.) келісілген кестелерге сәйкес оларды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Автомобиль жолдарының Шығыс Қазақстан қазыналы кәсіпорны (Федосов А.И.) 1998-1999 жылдардағы күзгі-қысқы кездегі жұмысқа қар тағалайтын жол техникасын, жылыну пунктін дер кезінде әзірлесін және жолға себу материалдары мен отыннын қажетті қорын жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Жауапкершілігі шектеулі «Алтайэнерго» серіктестігі (Оразалин Д.С.), «Семипалатинское РЭС» АҚ (Нұрмұхамбетов К.Н.), «Алтайэнерго РЭС» (Демчук А.С.): - қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірге от жағу маусымы басталғанға дейін электр энергиясы мейлінше көп жұмсалатын кезде электр энергиясына тұтынушыларға шек қою кестелерін белгілеп, бекітсін, от жағу кезінде электрэнергиясынан үзіп тастауға жатпайтын күнкөріс объектілерінің тізбесін белгілесін; - веерлік үзіп тастауға тыйым салынсын, ақы төлемеуші тұтынушыларды электр энергиясынан жеке үзіп тастау орындалсын.
Тармақ 9
9. Облысты 1998-1999 жылдардағы қыс кезіне әзірлеу жөніндегі мәселелерді шешу мына құрамдағы облыстық оперативті топқа жүктелсін: Носиков Н.Т. - облыс Әкімінің орынбасары, топ басшысы Топ мүшелері: Никитин Н.Л. - облыстық құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақта құрылыс салу басқармасынын бастығы Саркисов А.Б. - облыстық өнеркәсіп және СЭБ басқармасынын бастығы Қүрмағалиев А.Ө. - облыстық қаржы басқармасынын бастығы Феофанова А.С. - баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитетінін төрайымы Жігітаев Х.Т. - облыстық денсаулық сақтау басқармасынын бастығы Видова О.И. - облыстық білім департаментінін бастығы Лукин И.П. - «ШҚ өзен пароходствосы» АҚ президенті Литвинова В.С. - құрылыс басқармасының бас маманы, топ хатшысы
Тармақ 10
10. Бұрын қабылданған 1997 жылғы 3 маусымдағы N 37, 1997 жылғы 24 маусымдағы № 62-к, 1997 жылғы 30 қыркүйектегі № 241-к шешімдері және облыс қалалары мен аудандарын 1997-1998 жылдардағы қыс жағдайындағы жұмысқа әзірлеу туралы 1997 жылғы 30 қыркүйектегі № 1-140 ө өкімі күшін жойды деп саналсын.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Н.Т. Носиковқа жүктелсін.