О ходе выполнения Региональной программы по борьбе с преступностью на 1998-2000 годы в свете Послания Президента страны народу Казахстана в Аягозском и Урджарском районах Күшін жойған
Басқа 0
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаның Аягөз және Үржар аудандарында орындалу барысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
Аягөз және Үржар аудандарының әкiмдерi, құқық қорғау органдары «Қазақстан Республикасының 1997-1998 жылдарға арналған қылмысқа қарсы күрес және 2000 жылға дейiнгi құқық қорғау қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламасы туралы»Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын, сондай-ақ осы мәселе жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы мен облыс Әкiмiнiң шешiмiн орындау жөнiнде белгiлi бiр жұмыс жүргiзуде.
Қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама әзiрленiп, аудандық мәслихаттардың сессияларында бекiтiлген және аудандық және кенттiк округтер әкiмдерiне жеткiзiлген.
Халық арасында түсiндiру жұмысы жандандырылған, азаматтар жиындары және жиналыстарымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары, соның iшiнде жергiлiктi телебейне бұрынғыдан да тығыз пайдаланылуда. Оперативтi жасақтардың қызметi жақсарған.
Қолданылған шаралар соңғы уақытта аудандардағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.
Сонымен бiрге Аягөз және Үржар аудандары әкiмдерiнiң, құқық қорғау органдарының жұмысында кемшiлiктер мен олқылықтар бар. Бұл жұмыс жүйелi де мақсатты сипат алмаған, алға қойылған мiндеттердi жүзеге асыруда қажеттi жүйелiлiк жоқ.
Осы жылдың бес айында қылмыстың бiраз төмендегенiмен Үржар ауданында қылмыстардың ауыр түрлерiнiң саны 28 процент, оның iшiнде қасақана кiсi өлтiру бiр жарым есе өскен, тонаудың, ұрлықтың және есiрткi мен күштi әсер ететiн заттарға байланысты қылмыстық әрекеттердiң өсуi байқалады. Аягөз ауданында денсаулыққа қасақана зиян келтiру фактiлерiнiң, есiрткiге және күштi әсер ететiн заттарға байланысты қылмыстардың өсуi байқалуда.
Өткен кезеңде жалпы қылмыстың ашылуы Үржар ауданында 21,7 процент, Аягөзде - 14,6, соның iшiнде ауыр түрлерi - 14,4 процент төмендедi.
Тергеушi органдардың жұмысында заңдарды бұзушылық, қылмыстарды есепке алудан жасыру фактiлерi, тергеу нәтижелерiн бұрмалау орын алған, қажеттi ведомстволық бақылау жасалмайды.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейi талапқа сай емес. Соның нәтижесiнде аудандардағы қылмыстық жағдай бұрынғысынша қолайсыз болып қалуда.
Заңгерлiк бiлiмi бар кадрларға аса зәрулiк сезiлуде, сонымен бiрге оларды тұрғын үймен, көлiкпен, басқа да техникалық жабдықтау құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерi нашар шешiлуде.
Осы кемшiлiктер, объективтi себептермен қатар аудандардың әкiмдерi және құқық қорғау органдары басшыларының тараптарынан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi аймақтық бағдарламаның жүзеге асырылу барысына қажеттi назар аударылмауының салдарынан туындап отыр.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Үржар (Селиханов Д.М.), Аягөз (Кәрiмов А.М.) аудандарының әкiмдерiне Ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi 1998-2000 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны орындау жөнiндегi жұмыстағы орын алған кемшiлiктер атап көрсетiлсiн.
Тармақ 2
2. Аягөз және Үржар аудандарының әкiмдерiне (Кәрiмов А.М., Селиханов Д.М.) осы мәселенi алқаның кеңейтiлген мәжiлiсiнде құқық қорғау және атқарушы өкiметтiң басқа да органдарының басшыларын, ауылдық және кенттiк округтер әкiмдерiн шақыра отырып талқылау, айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескерiп аймақтық бағдарламаны орындау жөнiндегi стратегиялық iс-қимылдарға тиiстi түзетулер енгiзу, орын алған кемшiлiктердi жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдану тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Лұқпанов Т.М.) қылмысқа қарсы күресте Ел Президентiнiң айқындаған мiндеттерiн орындаудағы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты күшейтсiн.
Тармақ 4
4. Қылмысқа қарсы 1998-2000 жылдарға арналған Бағдарламаны орындау жөнiндегi жұмысты жандандыру мақсатында аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) аймақтық бағдарламаларды орындау жолындағы аудандардың құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жеке жауапкершiлiгiн күшейтсiн, олардың кәсiби деңгейiн және оперативтiлiгi мен олардың жұмыстағы iскерлiгiн арттырсын;
Тармақша 2
2) криминогендi жағдайларды талдау, құқықтық тәртiптi нығайту және азаматтардың құқығын қорғау жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестiру және тиiмдi шаралар әзiрлеу жөнiндегi штабтарды жеке өздерi басқарсын;
Тармақша 3
3) iшкi iстер органдарының учаскелiк инспекторларын материалдық- техникалық жабдықтауды (көлiк, байланыс және орынжай) нығайтсын, осы жұмысқа айтарлықтай әзiрлiгi бар кадрлар iрiктеуге көмек көрсетсiн;
Тармақша 4
4) халықты құқықтық тәрбиелеу жөнiндегi жұмысты жақсартсын, осы мәселе жөнiндегi материалдарды аудандық газеттер беттерiнде және жергiлiктi телерадиохабарларда жиi жарияласын.
Тармақ 5
5. Облыс прокуроры Ж.И. Байтұқбаев, облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы Лұқпанов Т.М. және аудандардың әкiмдерi (Селиханов Д.М., Кәрiмов А.М.) осы шешiмнiң орындалуы туралы облыс Әкiмiн 1998 жылғы 1 қыркүйекте хабардар етсiн.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмi аппараттарының мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмiне (Жұмәдiлов М.Ж.) жүктелсiн.