Об утверждении комплексной программы "Санитарная охрана границ Актюбинской области от завоза особо опасных инфекций на 1998-2000 годы" Күшін жойған
Басқа 0
"Ақтөбе облысы шекарасынан аса қауіпті жұқпалы ауруларды өткізбеуге байланысты 1993-2000 жылдағы санитарлық күзеттің" кешенді бағдарламасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Облыс аумағы адамдары арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау, оны шеттен өткізбеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылгы 11 ақпандағы "Қазақстан Республикасының шекарасынан аса қауіпті жұқпалы ауруларды өткізбеуге байланысты 1998-2000 жылдардағы санитарлық күзеттің мақсатты кешенді бағдарламасы туралы" № 93 қаулысын іске асыру мақсатында облыс әкімі ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. "Облыс шекарасынан аса қауіпті жұқпалы ауруларды өткізбеуге байланысты 1993-2000 жылдардағы санитарлық күзеттің мақсатты кешенді бағдарламасы бекітілсін /қосымша қоса жалғанды/.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық басқармасы /Мантаев А. К./, облыстық қаржы басқармасы /Жантеміров Б. Е./, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы /Ботагарин С. К./, облыстық төтенше жағдайлар комитеті /Крутько С. Б./ басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері:
- өз аумақтарына аса қауіпті жұқпалы аурулардың шеттен өткізбеу және олардың адам, мал, өсімдіктердің арасында таратылуына қарсы күзет бағдарламаларын жасап бекітсін, оларды жергілікті бюджетте сол мақсатқа қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды іске асырылсын.
Осы шешімнің орындалуына бақылауды күшейтіп, қалалық, аудандық жұқпалы ауруларға қарсы төтенше күрес комиссияларының мәжілісінде осы шешім орындалуы мезгіл-мезгіл қаралып отырылатын болсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы /Жантеміров В. Е./ осы бағдарламаның мерзімінде іске асырылуы мақсатына сай, облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын облыстық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражат көлемінде қаржыландырып отыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Н. Дошаевқа жүктелсін.
Басқа 6
Облыс Әкімінің
1993 жылғы 18 мамырдағы
шешіміне № 1 қосымша
"Ақтөбе облысы шекарасынан аса қауіпті жұқпалы ауруларды өткізбеуге байланысты 1998-2000 жылдардағы санитарлық күзеттің" мақсаттық кешенді
БАҒДАРЛАМАСЫ
№
Шаралар
Орындалу
Атқаруға жауапты
Бақылау
Ескерту
1
2
3
4
5
6
1.
"Батамша", "Жайсаң" кеден постыларында Ақтөбеге келе жатқандар мен Ақтөбеден кетіп бара жатқандарды тәулік бойына дәрігерлік байқау үшін медициналық топтар құру
1999 ж.
Облыстық денсаулық сақтау
басқармасы, кеден комитеті,
Мәртөк, Қарғалы аудандарының әкімдері
Т. Ж. комитет
2.
Кеден постыларында тұратын дәрігерлік топты қамтамасыз ету
- Обаға қарсы бешпенттермен /3 комплект/ қамту
- Бактериологиялық тексеруге керекті забор алуға укладкалар /2 дн/
- Төтенше алдын алу шаралары мен күттірмес дәрігерлік көмек беру үшін дәрмектер болуы
- Дизодәрмектер, дизжабдықтар т. б. керекті заттар болуы
1999 ж.
Облыстық денсаулық басқармасы, кеден комитеті, Мәртөк, Қарғалы аудандық әкімшіліктері
Т. Ж. комитет
3.
Оңтүстік бағытта /Ырғыз ауданы/ жаз айларында дәрігерлік пост ұйымдастыру
1998-
2000
Облыстық денсаулық басқармасы Ырғыз ауданының әкімшілігі
Т. Ж. комитет
4.
Карантиндік жұқпалы аурулардың шеттен келіп, таралуынан күзету жөніндегі кешенді жоспарларды, эпидемияға қарсы жедел шаралар жоспарларын қайта анықтау.
Жыл сайын
Облыстық денсаулық басқармасы, санэпидбақылаудың облыстық
басқармасы
Т. Ж. комитет
1
2
3
4
5
6
5.
Тырысқақ ауру вибриондарының бар жоқтығына адамдар және айналадағы орта материалдарына лабораториялық зерттеулер жүргізу
Әрдайым
Облыстық денсаулық басқармасы, санэпидбақылаудың облыстық басқармасы
Т. Ж. комитет
6.
Емдеу-сауықтыру мекемелерінің эпидемиологиялық сауықтыру шараларына әрқашан дайындықта болуын қамтамасыз ету:
а) Госпиталь, оқшаулама, обсерваторлардың болатын мүмкіндіктерін дайындықта ұстау
Әрдайым
б) Аудандардың аумақтық дәрігерлік бірлестіктерінде бактерияға қарсы қолданылатын
диагностикаға керекті дәрмектерді, регидроционның өзінділер мен дезинфекциялық жабдықтарды кем дегенде 5 ауруға, 30 обаға қатысты болған адамға жетерлік дайындығын жасап қою
1998 ж.
в) Обаға қарсы пайдаланатын бешпенттер /ОҚБ/ және бактериологиялық зерттеуге материалды алу үшін қолданылатын укладкалар мынадай есеппен алып қойылсын:
- Аумақтық медициналық орталықтарға /АМО/ - 3 бешпент, укладка;
- Аумақтық медициналық бірлестіктерге /АМО/ аудандардың мемлекеттік санитарлық эпидемиялық бақылау /МСЭБ/ аудандық басқармалары аудандық санэпидстанцияларына /СЭС/, облыстық, қалалық алдын-ала емдеу мекемелеріне /АЕМ/-10 ОҚБ, 2 укладка;
- облыстық, қалалық МСЭБ басқармаларына-15 бешпент, 2 укладка.
г) Карантиндік инфекциялардың алдын алу, эпидемиялық диагностикасы, өту барысы, емдеу
жөнінде семинарлар, жаттығу оқуларын өткізу
Жыл сайын
д) Бүрме ішек инфекцияларды, оның ішінде этиологиясы анық емес жағдайында жедел эпидемиологиялық талдаулар жасауды қамтамасыз ету;
Әрдайым
Облыстық мемсанэпидбақылау басқармасы
Т. Ж. комитет
1
2
3
4
5
6
е) әрбір санэпидстанцияларда мыналардың қоры болсын: хлорлы известь - 100 кг, хлорамин-50 кг,
аса қауіпті инфекциялардың болатын ортасында және диагностикумге кем дегенде 100 анализ алатын мүмкіндік болуын қамтамасыз ету;
жыл сайын
Қалалық, аудандық УГСЭН,
аудандық санэпидстанциялар
Т. Ж. комитет
ж) облыстық мемлекеттік санэпидбақылау басқармасында мыналардың қоры болсын, хлорамин - 500 кг, хлорлы известь - 500 кг, инфекциялардың болатын ортасында - 500 анализ алатын мүмкіндік болуын қамтамасыз ету
жыл сайын
Облыстық мемлекеттік санэпидбақылау басқармасы
7.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жанынан аса қауіпті жұқпалы аурулар жайлы түсіндіре алатын, консультациялық топ құру, оларға кез келген уақытта хабар беретін схеманы дайындап
қою
1998
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
8.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнаулы қоймасынан жылжымалы дезинфекциялайтын камера болуын қамтамасыз ету
- мемлекеттік санэпидбақылау басқармасы;
- Шалқар, Байғанин аудандық санэпидстанциялары
- Ырғыз, Ойыл аудандық санэпидстанциялары
1998
1999
2000
9.
Әрбір СЭС мынадай жабдықтармен қамтамасыз етілсін:
- 3 гидропульт, 2 автомаскімен жабдықтау;
1998-2000 ж. ж.
Облыстық мемлекеттік санэпидбақылау басқармасы
10.
Обаға қарсы станция мен Шалқар обаға қарсы бөлімшесі қызметкерлерінің оба ошақтарында белгілі болатын жағдаяттарға тез барып жететін дайындықтарын қамтамасыз ететін болды
Әрдайым
Обаға қарсы станция
11.
Темір, Мұғалжар, Байғанин, Қобда аудандары аумағында обаға қарсы зпизотиологиялық, эпидемиологиялық тексеру жұмыстарын жүргізу
1998 ж.
Обаға қарсы станция
Т. Ж. комитет
1
2
3
4
5
6
12.
Қобда, Темір аудандарында обаға қарсы бөлімшелер ашуды қарастыру
2000 ж.
Обаға қарсы станщй
Обл. мемлекеттік санэпидбақылау басқармасы
13.
Аса қауіпті инфекциялардың бактериологиялық диагностикасын анықтайтын Ақтөбе облысында бактериологтарды дайындауды іске асыру
Жыл сайын
Обаға қарсы станция, обл. ГСЖ басқармасы
14.
Ақтөбе аэропортында санитарлық-карантиндік пункттің жұмысын тәулік бойы жүргізуді, оны селекторлық байланыс жүйелерімен қалаға тікелей шығатын ету. Пунктті жабдықтармен обаға қарсы жұмыстарға киетін бешпенттермен,
әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен, тағы басқа да қажеттіктермен қамтамасыз ету
1998 ж.
Әуежолы көлігіндегі Респ. СЭС АООТ "Халықаралық аэропорты"
Т. Ж. комитеті МСЭБ обл. басқармасы
15.
Аэропорт аумағында тырысқаққа, оба ауруларымен қатынаста болғандарды уақытша карантинге алып, оқшауламаға жатқызуға 50 койкалық жай бөлу және оны қатты, жұмсақ инвентарлармен
жабдықтап, оған дәрігерлік құрамы штаты болуын ойластыру.
1993 -
1999
АООТ "Халықаралық аэропорт басшылығы
16.
Егер поездардағы жолаушылар арасынан оба, тырысқақ ауруларының белгісі табылған жағдайда поезд құрамын /составын/ дизенфекциялық жуып-шаймалауға /обработка/ қоятын Ақтөбе қаласында теміржол тұйықтамасын /тупик/ салуды қарастыру
1999 ж.
Батыс теміржол басқармасы
17.
Теміржол жанындағы "Фармация" АҚ оба, тырысқақ ауруларын емдеу мен төтенше профилактикалық шаралар жүргізуге керекті дәрі-дәрмектің тұрақты қор жинағын қалыптастыру.
Ол кем дегенде 10 ауру, 50 ауруға қатыстыларға жететін болуын қарау.
1998 ж.
1
2
3
4
5
6
18.
Шеттен келетін азық-түлік ауарларын қауіпті жүктерді, карантиндік инфекциялармен ауру
жағынан жағдайсыз елдерден келетін азаматтардың тауарларын бақылау үшін ведомствоаралық хабарлау жүйесін құру.
1999
Кеден комитеті обл. ГСЭН
басқармасы, шекаралық бақылау ветеринарлық
пункті /ПКЗП/
Т. Ж. комитеті
19.
"Жайсаң", "Батамша" кеден постыларында шекаралық ветеринарлық бақылау қызметтеріндегі ветеринарлық дәрігерлерді өндірістік жаймен, байланыс құралымен, карантиндеген жануарларды оқшауламамен және жануарлар
шикізатын қоятын орынмен қамтамасыз ету
1998-
І999 ж.
Кеден комитеті, Мәртөк,
Қарғалы аудандарының
әкімдері
20.
Инфекциялық ауру белгілі болған карантиндік жағдаяттағы елдерден келе жатқан көліктерді, жүктерді қарап, онда кеміргіштер, эктожегілердің ілесіп келуін қадағалауды іске асыру
Әрдайым
Облыстық ветеринарлық комитет және ПЧС
21.
"Батамша" кеден постысында тұрақты дезинфекциялық кедергі /барьер/ құрылысын салуды қамтамасыз ету
1998
Қарғалы ауданының әкімшілігі
22.
Оба ауруы қаупі бар өңірде эктожегілерге қарсы әр тоқсан сайын жүйелерді жуып-шаймадан /обработка/ өткізу
Әрдайым
Аудандық ветеринарлық бірлестіктер, селолық округтері ветинспекторлар
23
Мемлекеттік ветеринарлық қызметтің талаптарына сай, ветеринарлық комитеттің ветеринарлық сертификатынсыз, облыс аумағына
мал, жануарлар', ман өнімдері, жадуарлар
шикізаттары, мал азығы т .6 .ветеринарльтқ
бақылауға тиісті жүктерді әкелдірмеу және
сыртқа шығарылмауын қарау
Әрдайым
Шекаралық-бақылау ветеринарлық пункттер.
Кеден комитеті.
1
2
3
4
5
6
Көршілес мемлекеттер мен облыстармен байланыстылықта болып, олардың ауылшаруашылық жануарларының барлық түрлерін есепке алып, егер оларда карантиндік инфекциялар пайда болған жағдайда, дереу облыстық ветеринарлық комитетке хабарлау
Әрдайым
Аудан әкімшіліктері, селолық округтер, аудандық малдәрігерлік бірлестіктер
Т. Ж. комитеті
25.
Аса қауіпті инфекциялар ауылшаруашылық жануарларында қарасан, жамалдату, қой шешегі, шошқа обасы сияқты ауруларды
болдырмауда дер кезінде малдарды вакцинациядан өткізу.
Жоспары
бойынша
Ауданның бас мал дәрігерлері, селолық округтердің ветинспекторлары
26.
Аудандарды қажетті мөлшерде биодәрмектерімен, диагностика құралдарымен, дезожабдықтармен қамтамасыз ету және олардың қоржинағы болуын қарау
Әрдайым
Облыстық ветеринарлық
комитет
27.
Барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы карантиндік инфекцияларды болдырмау насихатын күшейте түсу
Әрдайым
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, радиотелехабар компаниясы