Об утверждении комплексной программы профилактики правонарушений среди несовершеннолетних в Костанайской области на 1998-2000 годы Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысындағы кәмелетке жасы толмағандар арасыңда құқық бұзушылықтың алдын алудың 1998-2000 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
«Қазақстаң Республикасындағы кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық
бұзушылықтың алдын алудың 1998-2000 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасын бекіту туралы» Казақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы 8 шілдедегі № 649 Қаулысына сәйкес, құқық қорғау мемлекеттік органдарының және қоғамдық бірлестіктердің кәмелетке жасы толмағандар тарапынан болатын қылмыстардың алдын алу мәселелерінде қызметтерін үйлестіру мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысыңдағы кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 1998-2000 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Облыстың қалалары мен аудандары әкімдері осы сияқты аймақтық бағдарламалар әзірлесін.
Тармақ 3
3. Барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар Қостанай облысындағы кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 1998-2000 жылдарға арналған кешенді бағдарламаны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С. Бектұрғановқа жүктелсін.
Басқа 5
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1998 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 17 шешімімен бекітілген
Қостанай облысындағы кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 1998-2000 жылдарға арналған Кешенді бағдарламасы
Кәмелетке жасы толмағандар арасында құқық бұзушлықтың алдын алудың Кешенді бағдарламасы мыналарды қамтуға бағытталған:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік құқық қорғау оргаңдары және ұйымдардың кәмелетке жасы толмағандардың қылмысының, құқық бұзушылығының әрі бақылаусыз қалуының алдын алу жөніндегі қызметін үйлестіруді.
Тармақ 2
2. Анықталған кәмелетке жасы толмаған құқық бұзушылармен, сондай-ақ балаларда тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамаушы және өздерінің қоғамға жат қылықтарымен олардаң құқық бұзуларына жол беруші ата-аналар мен олардың орнындағы кісілермен алдын алу жұмыстарын жүргізуді.
Тармақ 3
3. Мүдделі ведомстволарды сәйкесті ақпаратпен қамтамасыз етуді, кәмелетке жасы толмағандардың құқыққа қарсы қылықтарына жол беретін себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсыныстар енгізуді, оларды тәрбиелік және алдын алуға ықпалы бар шаралармен, бос уақытты ұйымдасқан түрде өткізу үлгілерімен, оқу немесе еңбек процессімен қамтуға.
Тармақ 4
4. Сәйкесті мемлекеттік құқық қорғау органдарында кәмелетке жасы толмағандардың құқыққа жат қылықтары туралы фактілерді, оларға ата-аналары немесе олардың орнындағы кісілердің, басқа адамдардың кері әсерінің тиюі, кәмелетке жасы толмағандарды қылмыстық немесе басқа да қоғамға қарсы қызметке тарту фактілеріне байланысты заңда қарастырылған шараларды қабылдауды қарастыру жұмыстарын ұйымдастыруды.
Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыстың білім саласының бір оқу орын оқудан, жұмыс істеуден ашық түрде бас тартып жүрген отбасынан, балаларды тәрбиелеу мекемелерінен үздіксіз кетіп жүрген, қаңғыбастықпен, қайыр сұраумен, ұсақ ұрлық және басқа да қоғамға жат қылықтармен айналысып жүрген кәмелетке жасы толмағандар үшін жабық түрдегі арнаулы мектеп етіп қайта бейімдеу жөніңдегі мәселені қарау. Бұл оқу мекемелеріне жіберуді жергілікті атқарушы органдар жанындағы кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссиялар арқылы жүзеге асыру.
1998 жыл - Облыстық білім департаменті, қалалар және аудандар әкімдері жанындағы кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссиялар.
Тармақ 2
2. Кәмелетке жасы толмағандарды еңбекке немесе оқуға тартуды қамтамасыз ету. Меншік нысанына қарамастан әрбір кәсіпорында, мекемеде, ұйымда кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссияның жолдамасы бойынша 16 дан 18 жас аралығындағы кәмелетке жасы толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын анықтау.
1998 жыл - Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы. Облыстық жұмыспен қамту орталығы. Облыстық білім департаменті. Қалалар және аудандар әкімдері.
Тармақ 3
3. Қоздырғыш заттарды қолдануға бейім тұратын кәмелетке жасы толмағандарды толық есепке алуды және медициналық-әлеуметтік алдын алу шараларымен қамтуды қамтамасыз ету. "Ментальды медицина" АК келісімімен маскүнемдікпен, нашақорлықтан және токсикоманиядан зардап шегуші кәмелетке жасы толмағандарды медициналық әлеуметтік қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді облыстық наркологиялық диспансерге жүктеу.
1998 жыл - Облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Облыстық наркологиялық диспансер "Ментальды медицина" АҚ (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу жөніндегі қазақстандық мектеп бағдарламасы қабылданғаннан кейін оны облыс мектептеріне енгізуді жүргізу.
1998-2000 жылдар - Облыстық білім департаменті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Тармақ 5
5. Күш қолдану, қатыгездік, жыныстық қаталдық және әдепсіздікке табынуды насихаттау фактілерін болдырмау жөнінде сәйкесті жұмыстар жүргізу. Көпшілік көрермен мекемелерінің, кино, бейне өнімдерінің репертуарларына тиімді бақылау жасаудың формаларын қарастыру.
1998-2000 жылдар - Облыстық мәдениет басқармасы. Облыстық ішкі істер басқармасы.
Тармақ 6
6. Кылмыстық топтарды анықтау мақсатында мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып, тоқсан сайын кәмелетке жасы толмағандардың тұратын, оқитын жерлерінде сұрау салып, рейдтік шаралар жүргізу.
1998-2000 жылдар - Облыстық ішкі істер басқармасы. Қалалар және аудандар әкімдері жанындағы кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі комиссиялар.
Тармақ 7
7. Барлық үлгідегі мектеп оқушылары арасында құқықтық білімдерді насихаттау жөніндегі облыстық олимпиадаларда өткізу тәжірибесін, облыс мектептерінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты үздік жолга қоюға байқау-конкурстарды жалғастыру.
1998-2000 жылдар - Облыстық білім департаменті. Облыстык әділет басқармасы (келісім бойынша). Облыстық ішкі істер басқармасы.
Тармақ 8
8. Аудандарда және қалаларда, облыс орталығында құқық қорғау органдарының өкілдерін шақыра отырып, оларды кәмелетке жасы толмағандардың құқықтары мен міндеттерін және жасаған құқық бұзушылығына жауапкершілігін ретке келтіріп отыратын заңдармен таныстыратын басшылармен және білім, мәдениет, спорт және қоғамдық ұйымдарының мамандарымен семинар-кеңестер өткізуді өмірге енгізу.
1998-2000 жылдар - Облыстық әділет басқармасы. Қалалар және аудандар әкімдері.