О комплексной программе профилактики правонарушений среди несовершеннолетних в области на 1998 – 2000 годы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998 – 2000 жылдарға арналған облыста кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың Кешенді бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2000 жылғы 19 қыркүйектегі № 222 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы шілденің 8-дегі «1998 – 2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алудың Кешенді бағдарламасын бекіту туралы» № 649 Қаулысын орындау үшін, сонымен бірге құқық қорғау, мемлекеттік, мемлекеттік емес органдардың және қоғамдық бірлестіктердің кәмелетке толмағандар арасында қылмыскерлік пен тәртіп бұзушылықтан сақтандыру мәселелері жөніндегі қызметтерін үйлестіру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 1998 – 2000 жылдарға арналған облыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың Кешенді бағдарламасы бекітілсін (тіркеліп отыр).
Тармақ 2
2. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, мүдделі облыстық ведомстволар басшылары көрсетілген бағдарламаның қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстың Әділет басқармасында жүктелсін.
Басқа 4. 1998 – 2000 жылдарға арналған облыста кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ
Облыс әкімінің 1998 жылғы 21 тамыз № 270 шешіміне қосымша 1998 – 2000 жылдарға арналған облыста кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ № № р/с Шаралар Орындау мерзімі Орындаушылар 1. Сұранған кәмелетке толмағандарды кәсіптік оқуға жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда олар үшін уақытша қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру Үнемі Облыстың еңбекпен қамту орталығы еңбек биржасы 2. «Жас өспірім» операциясы шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде теледидар, радио және баспасөзде сөйлеу, «Жас өспірім және заң» рубрикасын енгізу Үнемі ІІБ, прокуратура (келісім бойынша) Әділет басқармасы, ақпарат және қоғамдық келісім бағдарламасы 3. «Никотин» кешенді алдын алу бағдарламасы шеңберінде нашақорлық мен ішімдік ішетін кәмелетке толмағандарды анықтау, соңынан оларды облыстық наркологиялық диспансерде есепке алу Үнемі ІІБ, денсаулық сақтау департамені 4. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясының қызметін жетілдіру. Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың ата-аналарын балаларының тәрбиесін назардан тыс қалдырғандарына жауапты екендіктері туралы мәселелерді шешу үшін комиссия мәжілісіне шақыру Үнемі Қалалар мен аудандардың әкімдері 5. Оқу орындарында құқық қорғау органдары, діни және қоғамдық бірлестіктер, денсаулық сақтау және басқа органдар өкілдерін қатыстыра отырып «дөңгелек столдар» өткізу Тоқсан сайын ІІБ, прокуратура (келісім бойынша) Әділет басқармасы, білім және деңсаулық сақтау департаменттері