О ходе выполнения плана мероприятий по реализации Стратегического плана развития области на 1998 - 2000 годы Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық 1998 - 2000 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы Облыстың жергілікті атқарушы органдары Қазакстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын, облыстың, Қызылорда каласының және аудандардың 1998 - 2000 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын іске асыру жөнінде біршама шаралар қабылдауда. Облыстың Стратегиялық даму жоспарында осы жылға 188 шара қаралып, олар негізінен орындалды. Қаралған шараларды іске асыру коптеген жағдайда экономиканың нақты секторын сауықтыру, бюджет саласын реформалау және облыс экономикасына инвестициялар тарту арқылы біршама экономикалық өсуді камтамасыз етуге және белсенді әлеуметтік саясатты жүргізуге ықпал етті. Агроөнеркәсіп кешенінде осы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1997 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2.7 процентке, сүт өндіру 37.3 процентке, жұмыртқа - 68.8 проиентке өсті. Күріш артық жиналып, оның өнімділігі артты. Шағын кәсіпкерлікті дамытуда біршама табыстарға кол жетті, субъектілер саны, онда еңбекке қамтылғандар, олардың өндірген өнім көлемі мен бюджетке төлемдері өсті. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі (13,0%-ке), оның ішінде мүнай өндіру (15,1%-ке) көбейді. Облыстың көлік комплексі мен телекоммуникациясын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Қоршаған ортаны қорғау, сумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім, мәдениет деңгейін көтеру. кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жөнінде шаралар әзірленіп, іске асырылды. Дегенмен, аудан және қала әкімдерінің, облыстық басқармалардың, комитеттердің, департаменттер мен ведомстволардың облыстың Стратегиялық даму жоспарын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын орындаудағы жұмыстарында елеулі кемшіліктер бар. Стратегиялық жоспардағы 6-шара қаражаттың болмауынан орындалмай қалды, 3-еуі тиісті министрліктер мен ведомстволардың келісімі бойынша 1999 жылға қалдырылды. Шаралар жоспарында жоспарланған барлық пункттердің уақытылы және толық орындалуының камтамасыз етілмеуі біршама дәрежеде өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуіне, әлеуметтік және экологиялық саясатты іске асыруға теріс ықпалын тигізді. Көрсетілген кемшіліктер мен олқылықтар жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыстың 1998 жылға арналған Стратегиялық даму жоспарын іске асыру жөніндегі шараларын сөзсіз іске асыруға бақылауды әлсіреткенінің салдарынан болып отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазакстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығын және 1998 - 2000 жылдарға арналған облыстың, Қызылорда каласының және аудандардың Стратегиялық даму жоспарларын уақытылы және толык орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық экономика басқармасының бастығы Б. М. Шәменованың осы мәселе жөніндегі акпараты қаперге алынсын.
Тармақ 2
2. Облыстың Стратегиялык даму жоспарын іске асыру жөніндегі 1999 жылға арналған шаралар жоспары бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы органдардың облыстың 1998 - 2000 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын орындау жөніндегі қызметін үйлестіру және оның іске асырылуын бақылау облыстық экономика басқармасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Облыстың 1998 - 2000 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін аудан және Кызылорда каласы әкімдері, облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттермен ведомстволар басшылары жеке - дара жауап береді деп белгіленсін.
Тармақ 5
5. Жауапты атқарушылар болып табылатын жергілікті атқарушы органдар облыстық экономика басқармасына жылына 2 рет 15 маусымға және 15 желтоқсанға дейін шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар туралы ұсыныс енгізе алады деп белгіленсін.
Тармақ 6
6. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық басқармалардын, комитеттердің, департаменттер мен ведомстволардың басшылары осы шаралар жоспарын уақытылы және толық орындауды қамтамасыз етсін және атқарылу барысы туралы тоқсан сайын есепті тоқсанның сонғы айының 20-күніне дейін облыстық экономика басқармасына ақпарат ұсынсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Нүрғисаевка жүктелсін.