О комплексном плане мероприятий по профилактике заболеваний людей и животных сибирской язвой в области на 1998-2000 гг. Күшін жойған
Басқа 0
Адамның "күйдiргi" және малдың "топалаң" ауруларының алдын алу туралы 1998-2000 жылдарға арналған облыс бойынша орындалатын iс-жоспары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен.
Қазақстан Президентiнiң "Мал дәрiгерлігі туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi Заң күші бар Жарлығын орындау үшiн Облыс Әкiмiнiң шешiмi:
Ескерту. Кіріспе бөлігіндегі өзгеріспен - Алматы облысы әкімінің 18.05.1998 № 5-173 шешімімен.
Тармақ 1
1. Адамның "күйдiргi" және малдың "топалаң" ауруларының алдын алу туралы 1998-2000 жылдарға облыс бойынша орындалатын шаралары бекiтiлсiн, (шара қоса тiркеледi).
Тармақ 2
2. Аудандардың және қалалардың әкiмдерi, ауылшаруашылық департаментi, облыстық малдәрiгерлiк комитетi, денсаулық сақтау және мемлекеттiк тазалықты қадағалау басқармалары осы шаралардың бұлжытпай орындалуын қадағаласын.
Тармақ 3
3. Аудандардың, қалалардың әкiмдерi, ауылшаруашылық департаментi, облыстық малдәрiгерлiк комитетi, денсаулық сақтау және мемлекеттiк тазалықты қадағалау басқармалары осы қабылданған шаралардың орындалуы жайында әр жылдың 1 қаңтарында, облыс әкiмшiлiгiне мәлiмет беретiн болсын.
Тармақ 4
4. Қабылданған шешiмнiң орындалуы, облыс әкiмiнiң орынбасары Кәрiмоллин А.К. тапсырылсын.
Басқа 5
Облыс әкiмiнiң
шешiмiне қосымша тiркеме
1998 жыл 12 ақпан № 2-58
Адамның "күйдiргi", малдың "топалаң" ауыруларының
алдын алу шаралары жайында 1998-2000 жылдарға, облыс бойынша жасалынған iс жоспары
№
Шаралардың тақырыбы
Орындалу мерзiмi
Орындаушылар
Ұйымдастыру шаралары:
1.
Адамның "күйдiргi", малдың "топалаң" ауруларының алдын алу туралы әрбiр ауданда, қалаларда орын далатын жан-жақты iс-жоспарын жасау.
қаңтар: 1998 жыл
Аудан, қалалар әкімшілігі, облыстың ауыл шаруашылық департаменті.
2.
Малмен айналысатын барлық шаруашылықтардың жазғы жайылымын, отыратын орындарын, мал айдап ґтетiн жолдарын эпизоотиялық тұрғыдан қадағалап, тексерiп тұру. Мал ґлекселерiн тастайтын орындары мiндеттi түрде есепке алып, арнайы эпизоотиялық-iндет қарталарына түсiрiп және кiтапшаға барлық iстелген малдәрiгерлiк шараларды жазып отыру.
тұрақты
Аудан, шаруашылық, учаскелік мал дәрігерлері, облыстың ауылшаруашылық департаменті және малдәрігерлік комитеті.
3.
Әрбiр аудан шаруашылығының және жекеменшiктердiң барлық мал басының есебiн алуды қамтамасыз ету. Осы малдары тегiс "топалаң" ауруына қарсы егу жұмыстарын қатаң тәртiппен, белгiленген мерзiмде жүргiзiп, тиiстi құжаттармен толтыру iсiн iске асыру.
тұрақты
Аудан, қалалар және селолық әкімдер. Облыстық малдәрігер комитеті. Аудандардың, шаруашылықтардың бас мал дәрігерлері.
4.
Меншiк түрiне қарамастан мал иелерiнiң мал союды белгiленген жерде тек мал дәрiгерлерiнiң келiсуi мен жүргiзуiн қамтамасыз ету.
«___»
Аудан, қалалар және селолық округтер, облыстық мал дәрігерлік комитеті, аудандар мен ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал дәрігерлері.
5.
Сараптаудан ґткiзiлмеген еттiң (әсiресе лажысыздықтан сойылған малдың), ет-сүт ґнiмдерiнiң сатылуға үзiлдi-кесiлдi тыйым салуды қамтамасыз ету.
«___»
Облыстың мал дәрігерлік комитеті, Қалалық малдәрігерлік станциясы, облыстық және аудандық СЭС.
6.
"Топалаң", иә басқа түсiнiксiз кейбiр қауiптi аурулардан ґлген мал ґлекселерiн мiндеттi түрде, белгiленген тәртіппен ґртетiп, залалсыздандыру керек.
«___»
Облыстың мал дәрігерлік комитеті, жергілікті, қалалық әкімдер, мал дәрігерлері.
7.
Мал шаруашылық ұжымдарында, мекемелерде мал ґнiмдерiн сақтайтын қамба, иә басқадай орындарда малдәрiгерлiк тазалық жағдайын әрдайым қадағалап қарап отыру қажет.
«___»
Аудан, қалалардың малдәрігерлік станциясы, шаруашылық дәрігерлері.
Медициналық және мал дәрiгерлiк шаралар
1.
Мал дәрiгерлер қызметкерлерiнiң бiлiмiн ґркендету мақсатында және клиникалық-лабораториялық анықтамалардың тереңдетiлген индикация, дифференциациялау тәсiлдерiн үйрету үшiн жер-жерлерде семинарлар ґткiзу жұмысын ұйымдастыру керек.
Жылма-жыл 1-тоқсанда
Облыстың, аудандардың мал дәрігерлік лабораториясы.
2.
Адамның "күйдiргi" ауруларының алдын алу, немесе кейбiр адамға, иә малға қауiптi ауру шыққан жерде жан-жақты шараларды жүргiзу мақсатында: - толық мґлшерде "күйдiргiмен" ауырған адамдарды емдеумен қамтып, оларды лабораториялық тексерулерден ґткiзу.
тұрақты
Облыстық, аудандық, СЭС, облыстың малдәрігерлер комитеті. Облыстық ОУЗ, жұқпалы аурухана,
ЦРБ жұқпалы бґлімшесі.
3.
Облыс бойынша адам дәрiгерлерiмен жер-жерлерде семинарлар ґткiзiп, "күйдiргi" ауруынан залалсыздандыру және емдеу жұмыстарын жүргiзу.
жылма-жыл
1-тоқсанда
Облыстық жұқпалы
індет ауруханасы, қалалардың, аудандардың СЭС-тары.
4.
Облыстың аудандарына, қалаларына ұйымдастыру методикалық түсiнiктеме және емшiлiк анықтамалар жайында кґмек кґрсету.
үнемi
ОЭУЗ, ОГУСЭН, облыстың жұқпалы індет ауруханасы.
5.
"Күйдiргi", "топалаң" ауруы жайында, ауыл-ел арасында насихат-түсiнiктеме жұмыстарын кең-мұқият жүргiзу қажет, ол үшiн жергiлiктi жерлерде теледидар, радио тораптары және баспасґз арқылы хабарлап отыру.
тұрақты
Облыстың малдәрігерлік комитеті, облыстың адам дәрігерлері мен мал мамандары.