О ходе выполнения стратегического плана развития Карагандинской области на 1998-2000 годы Қолданыста
Басқа 0
Қарағанды облысының 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының орындалу барысы туралы
📌 Ескерту. Шешімнің қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты күші жойылды - Қарағанды облыстық Мәслихатының 2005.01.17 N 1-12/40 хатымен.
Облыс әкімі М.Т. Есенбаевтың баяндамасын және облыстық Мәслихаттың экономикалық реформа және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Д.М. Бойконың қосымша баяндамасын тыңдап, талқылый келе облыстық Мәслихат облыс әкімі, облыстық бақармалар, комитеттер, бөлімдер мен департаменттер, қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын орындау жөнінде белгілі жұмыстың орындалғандығын атап өтеді.
Өнеркәсіп өнімін шығару көлемі 1997 жылмен салыстырғанда 100,8%, 1999 жылдың 6 айында -106,1 процент болды, түсті металдар, электр мен жылу энергиясын шығару, басқа өнімдері өндіру артты, банктер шағын кәсіпкерлікті қолдауға 2 млрд. теңге сома кредит бөлді, оған жыл бойы 4 мынға жуық қосымша жұмыс орны құрылды. 1997 жылмен салыстырғанда салықтар мен бюджетке басқа да төлемдердің түсуі артты, олар бойынша қарыздар 0,5 млрд теңгеге азайды, бюджеттің кредиторлық қарызы едәуір қысқарды, негізінен бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы уақытында төленеді, көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық қызмет сапасы жақсарды, білім беру, денсаулық сақтау проблемаларын шешуде оң қозғалыстар бар, облыста қылмыстың жекелеген түрлерінің саны азаюда.
Сонымен бірге облыстың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының бірқатар пункттері орындалмай қалды, ал жекелеген көрсеткіштер бойынша жағдай 1998 жылы нашарлап кетті.
Облыста кәсіпорындардың жартысынан астамы залалмен жұмыс істейді, жеьекші жұмыс беруші және жергілікті бюджетті толықтырушы көздердің бірі «Испат-Кармет» АҚ көмір департаментінде 1998 жылы көмір өндіру үштен бір есеге жуық азайды, жұмыс істеушілердің жалақысы төленеді, машина жасауда өндірістің құлдырауы 40 процентке жуық болды.
Кәсіпорындарды қалпына келтіру баяу қарқынмен жүргізілуде, олардың қайсы біреулері өндірісті өркендету мен үйлестіруге, соның базасында шағын және бірлескен кәсіпорындар құруға кріскен де жоқ.
Экономиканың аграрлық секторында жағдай едәуір нашарлап кетті, облыстың өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылығы мұқтаждарына бағытталмаған.
Ауыл шаруашылығына жұмыс істеушілердің саны 22%, құрылыста 20,8% денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетуде 10, 5 % қасқарды, халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламасы жоқ.
Селолық аудандарғы мектептердің көпшілігінде оқушыларды ыстық тамақтандыру ұйымдастырылмаған.
1998 жылы 18 аймақтың 10-да орта айлық жалақы төмендеген.
Атқарушы билік органдарының жеткіліксіз талап етуінің салдарынан табиғи монополистер «Караганда Пауэр» ЖШС, «Суканал» ЕТАҚ, «Қазақмыс» корпорациясы, «Испат-Кармет» АҚ «Табиғи монополиялар туралы» заңның және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының талаптарына қайшы келіп, өз есептерінен коммуналдық қызметті ұжымдық және жеке есептеу аспаптарын орнатпай отыр.
Облыста бұрынғысынша қылмыс жасау жоғары болып отыр, көптеген қылмыстар ашылмайды.
Облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын орындау барысында экономика мен әлеуметтік салада оң нәтижелерге қол жеткендігі атап өтілсін.
Тармақ 2
2. Облыс әкімі М.Т. Есенбаевқа мыналар ұсынылсын:
Тармақша 2.1
2.1. Алқаның кеңейтілген мәжілісінде 1999 жылдың соңына дейін облыс әкімшілігінің комитеттерінің, бөлімдерінің, департаменттерінің және басқармаларының жекелеген басшыларының облыстың 1998 жылға арналған стратегиялық даму жоспарының жекелеген пункттерінің орындалмау себептері туралы есебі тыңдалсын;
Тармақша 2.2
2.2. Қабылданған бағдарламалардың, шаралардың, өкімдердің және шешімдердің орындалысына бақылауды жүзеге асыру жалғастырылсын, мемлекеттік қызметшілердің шығарылатын құжаттардың уақытында және толық орындалуы үшін жауапкершілігі арттырылсын;
Тармақша 2.3
2.3. Облыстық атқарушы билік органдары жауапты қызметкерлерінің орындауды бақылау және тексеру мәселелері бойынша 1999 жылдың екінші жартыжылдығында нұсқамалық кеңесі өткізілсін;
Тармақша 2.4
2.4. Қалалар мен аудандар әкімдері жұмысының басым бағыттары болып қосымша жұмыс орындарын құру, салық төлелемдерін жинау деңгейін көтеру, жергілікті товар өндірушілерді қолдау, жалақыны,зейнетақы мен жәрдемақыларды мерзімінде төлеу саналсын.
Тармақша 2.5
2.5. Азаматтардың мүдделерін қорғау мақсатында 01.09.1999ж. дейін қызмет берушілердің есебінен жылу энергиясының топтық есептегіштері мен басқа коммуналдық қызметтерді есептеу жөніндегі жеке есептегіштерді орнатудың кестесі жасалып бекітілсін, ол бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, орындалуы қамтамасыз етілсін.
Тармақша 2.6
2.6. Облыстық Мәслихаттың XXII сессиясында бекітілген облыстың 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын сөзсіз орындауға шаралар қолдасын.
Тармақ 3
3. Облыстық Мәслихаттың тұрақты комиссиялары Қарағанды облысының 1998-2000 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының орындалу барысы туралы хабарламаны кезеңмен талдап, өз отырыстарында тыңдап отырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуыңа бақылау облыстық Мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағаларына жүктелсін.