О Программе развития промышленного производства Алматинской области на 1998 год Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы өнеркәсiп өндiрiсiн дамытудың 1998 жылға арналған бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен. Облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Аудандар мен Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалалары әкімдерінің ұсыныстары негізінде жасалған Алматы облысы өнеркәсіп өндірісін дамыту бағдарламасы бекітілсін./қоса тіркелген/.
Тармақ 2
2. Облыс Әкімінің өнеркәсіп және сауда басқармасы, аудандар мен Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларының әкімдері бағдарлама шараларын қолдансын, кішігірім бизнесінің дамуына жан-жақтан ықпал жасалсын.
Тармақ 3
3. Облыс Әкімінің өнеркәсіп және сауда басқармасы бағдарламаның орындалуына тұрақты бақылау орнатсын. Аудандар мен Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларынын әкімдері тоқсан сайын Әкім аппаратына бағдарлама орындау барысы туралы хабалама беріп отырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.Долженковқа жүктелсін.