О квоте иммиграции на 1998 год Күшін жойған
Басқа 0
1998 жылғы көші-қон квотасы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.12.2000 № 228 шешімімен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.04.1998 жылғы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы көші-қон квотасы туралы 1998 жылғы 3 сәуірдегі № 3894 Жарлығын іске асыру туралы» № 376 Қаулысына сәйкес және оралмандардың отбасыларын, өздерінің тарихи Отандарына қайтадан оралған, қабылдау және жайластыру мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы көші-қон жөніндегі белгіленген квота 1 қосымшаға сәйкес аудандар және Көкшетау, Петропавл қалалары бойынша бөлінсін.
Тармақ 2
2. Алыстағы шет елдерден оралган репатрианттарда ұйымдасқан түрде орналастыру шыгынын қаржыландару республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылатыны назарга алынсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы /Ф.Ф.Сутулов/ репатрианттар-оралмандардың отбасыларын қабылдау және жайластырудың шығыңдарын /бірмезгілдік жердемақы, келік шығындарын өтеу, тұрғын үй сатып алу, бейімделу тіректерін ұстау және басқа ұйымдық шығындар/ жергілікті бюджет есебінен бірінші кезекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Көкшетау, Петропавл қалаларының әкімдері, аудан әкімдері, көші-қон және демография жөніңдегі облыстық басқарма олардың турмыстық және шаруашылық-өндірістік байланыстарын ескере отырып репатрианттардың-оралмандардың шоғырлана тұратын жерлерін айқындасын;
- әкімшілік-аумақтың бірлікте тұратын репатрианттардаң отбасыларының санына, олардаң тұргындық-тұрмыстық жағдайларына талдау жасасын, тұрғын үй қажетсінетін отбасылары анықталсын;
- қогамдақ жұмыстарға қарастырылған мемлекеттік жұмыспен қамту қорының қаржысы есебінен ол жұмыстарға репатрианттардың өздерінің еңбек ресурстарын тарта отырып, күрделі және ағымдағы жұмыстарды тамамдап барып, муниципалдық меншіктегі бос
- оларға қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасай отырып, репатрианттар отбасыларын қабылдауды және жайластыруды қамтамасыз етсін;
- тұрғын үйлер сану және шаруашылық қызметтері үшін репатриантарға /оралмандарға/ жер учаскелерін бөлу мәселесін шешсін, белгіленген тәртіпте;
- репатрианттарды еңбекке орналастыруоалрдың білім алулары, мамандық алулары және балаларын оқыту мәселелері катаң бақылауға алынсын;
-репатрианттарга-оралмандарға /кәсіпкерлік қызметтерін ұйымдастыруға, ұлттық қолөнерімен айналысуларына, фермерлік және шаруа қожалықтарын ұйымдастыруларына, өрлетуіне жәрдем көрсетілсін;
- репатрианттардың балаларын жергілікті бюджеттегі білім мекемелерінде, сондай-ақ ересек тұрғындарды әліп-биге, осызаманғы қазақ алфавитіне оықытып-үйрету тегін ұйымдастырылаын және қажет болган жағдайларда қосымша сыныптар мен мектептер ашылсын.
Тармақ 5
5. Алыстағы ешт елдер мен ТМД елдерінің репатриантарын-оралмандары ұйымдасқан түрде қабылдау жөніндегі іс-шаралар 2 қосымшага сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. З-қосымшаға сәйкес репатрианттарды қабылдау және қоныстандыру жөніндегі облыстық штабтың құрамы бекітілсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімінің сақталуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.П.Никандровқа жүктелсін.