О методике определения налогооблагаемой стоимости имущества юридических и физических лиц по области на 1998 год Күшін жойған
Басқа 0
Облыс бойынша 1998 жылы заңды және жеке тұлғалардың мүліктерінен салық алу құнын айқындау әдістемесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.12.2000 № 228 шешімімен
Заңды және жеке тұлғаларға салық салу үшін мүліктің рыноктік бағасын дәлірек көрсету мақсатында, облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 1998 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша заңды тұлғалардың әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Петропавл мен Көкшетау қалаларының әкімдері аудандар мен қала шеңберінде «Әдістеменің» 2.11 тармағына сәйкес жылжымайтын мүлік нысанының тұрған жеріне байланысты рыноктік бағаның өзгерісін ескертетін зоналық коэфициенттерді бекітсін.
Тармақ 3
3. Жылжымайтын мүлік жөніндегі Солтүстік Қазақстан орталығы /А.Е.Жанжұманов/ заңды және жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерін бағалау барысында бекітілген әдістемені және зоналық коэффициентті басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті мүліктерге салық есептеу барысында жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық берген баға туралы ақпараты басшылыққа болсын.
Тармақ 5
5. Аудан, Петропавл және Көкшетау қалаларының әкімдері ай сайын есеп берген айдан кейінгі 15-нен кешіктірмей салық салу мақсаты үшін жылжымайтын мүліктерге бағалау қызметін жүргізген де жұмсаған шығындардың өтему тәртібінде жеке тұлғалардың мүліктерінен түскен салық сомасының 5 пайызы жылжымайтын мүлік жөніндегі орталыққа аударылсын.
Тармақ 6
6. Аудандар мен Петропавл және Көкшетау қалаларының әкімдері, Щучинск қаласының әкімі жылжымайтын мүлік орталағына салық салу мақсатында бағалау жүргізу үшін 15 наурызға дейінгі мерзімде саяжай учаскелерінің және кооперативтар бойынша гараждардың иелері туралы тізім берсін.