Об усилении мер пожарной безопасности в период заготовки грубых кормов и уборки урожая 1998 года Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998 жылғы табиғи жем-шөп дайындау және егін орағы кезөңінде өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. Жекелеген тұлғалар мен ауылшаруашылығы кәсіпорындары басшыларының өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын орыңдамауы 1997 жылы бірқатар шабыңдықтарда, шөп қоймаларында, егінжайларында және егін жинау техникасында ірі өрттердің шығуына әкеліп соқты, соның салдарынан 5 млн. теңгеден астам материалдық зиян келтірілді. Жасыл ораққа дейін табиғи жем-шөп сақтайтын орындар талапқа сай тәртіпке келтірілген жоқ: олардың көбі найзагайдан қорғайтын құралдармен жабдықталмаған, судаң запас қорымен қамтамасыз етілмеген, механизаторларга нұсқаулық берілмеген, өрт сөндіруге қажетті әуелгі құралдар жоқ. Астық қабылдау пункттерін, элеваторларды, астық қоймалары мен мехқырмандарын оперативтік тексерулер өртке қарсы шаралар жөнінен бірқатар айтарлықтай кемшіліктердің бар екеңдігін байқатады. Шөп дайыңдау, сақтау орындарында, егінжайларында, дән өңдейтін жерлерде өртке жол бермеу мақсатымен ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы шөп-егін жинау науқаны кезеңіңдегі ауыл шаруашылығы жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Тамыз айыңда төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің, өртке қарсы қызметінің (Алпысов А.А.), ауыл шаруашылығы басқармасының (Байтеңізов Ш.Н.) шаруа жөне фермер қожалықтары қауымдастығының (АГРО) (Жабағинов Р.Б) басшылары кеңес шақырсын. Кеңесте егінді өрттен қорғау шараларымен қамтамасыз ету жөне оның қазіргі хал-жайы туралы сұрақ қаралсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдері, аудаңдық ауыл шаруашылық басқармалары егін орағында пайдаланатын ауыл шаруашылық техниканы, астықты өндіретін және сақтайтын орындарды қабылдау жөніңдегі комиссиялар құрып оның құрамына жергілікті мемлекеттік өртке қарсы қызметінің, мемлекеттік автоинспекцияның қызметкерлерін қоссын. Техникалық ақаулығы бар және қарсы жағынан жабдықталмаған агрегаттар егін орағына жіберілмесін.
Тармақ 4
4. Қаржы басқармасының бастығы (Сейілов А.А.) өртке қарсы қызмет басқармасы қызметкерлерінің іссапар шағындарына 1 млн. 600 мың теңге ақша қаражат бөлуін қарастырсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңының 18 бабына сәйкес ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары облыстық өрт қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуына көмек көрсетсін.
Тармақ 6
6. Меншік нысанына қарамастан шаруа қожалықтары мен басқа да ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары бұрынғы өртке қарсы құрылымдардың (постылардың, звенолардың, топтардың) тәуіліктік қызметтерін қалпына келтірсін, оларды техникамен, арнайы киіммен және сөндіру құралдарымен қамтамасыз етсін. Өртке қарсы тұрақты және уақытша сумен жабдықтау көздерін қалпына келтірсін.
Тармақ 7
7. Облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызмет мүмкін болатын өрттерді меншік нысанына қарамыстан әскерілендірілген күзеттермен, кәсіпорындардың, қоғамдардын, астық қабылдау пункттерінің және элеваторлардын ерікті өрт сөндіруші жасақтарымен бірлесе отырып ойдағыдай сөндірулеріне қажетті жағдайларды қалыптастыру сабақтарын өткізсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық ауылшаруашылығы басқармасына (Ш.Н. Байтеңізов) және мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасына (А.А. Алпысов) жүктелсін.
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 20 шілдедегі № 115 шешіміне қосымша 1998 жылғы мал азығын даярлау және астық жинау науқанындағы ауылшаруашылық жұмыстарын өткізу кезеңінде өртке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жоспары
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы басқармаларының және ауылшаруашылығы құрылымдары басшыларының, сондай-ақ аудандардың өрт сөндіру бөлімдері басшыларының ауылшаруашылық объектілерінде өрт қауіпсіздігін күшейту жөніндегі мәселені қарауы және өрттің алдын алу мен сөндіру жөнінде қосымша шаралар қабылдауы. Орындаушылар: шаруашылық басшылары, өрт сөндіру бөлімдері.
Тармақ 2
2. Шаруашылық басшыларының өрт сөндіретін автомобильдердің су көздерінің техникалық жағдайын тексеруі, өрт сөндіретін және өрт сөңдіруге ыңғайластырылған техниканың жауынгерлік сапқа қойылуын, ерікті өрт сөндіру жасақтарының (ЕӨЖ) тәуліктік кезекшілігін ұйымдастыруы. Орындаушылар: шаруашылық басшылары, ӨБ, МАИ.
Тармақ 3
3. Шаруашылық мамандарымен егін орағы кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы семинарлық сабақ ұйымдастыру және өткізу. Орындаушылар: қалалық, аудандық ауылшаруашылық басқармалары, ӨБ.
Тармақ 4
4. Астық қырмандарының, астық қоймаларының, шөп қоймаларының өртке қарсы жағдайын тексеру, комбайндардың өрт сөндіру құралдарымен қамтылуына, егін орағы мен мал азығын даярлауға қатынасушы кісілермен нұсқау өткізуді ұйымдастыру, облыс шаруашылықтарында өрт сөндіргіш құралдардың, күректердің, басқа жабдықтардың қажетті мөлшері болуын қамтамасыз ету. Орындаушылар: шаруашылық басшылары, ӨБ.
Тармақ 5
5. Егін орағы кезіндө сабан, орылған егістік орнын жағуға, далаға от жағуға тыйым салу. Орындаушылар: шаруашылық басшылары.
Тармақ 6
6. Өрт сөңдіру мақсатында жаппай егін орағы жургізіліп жатқан жерлерде соқа тіркелген кезекші тракторлардың, су тасушы және су таратушы машиналардың, басқа да техникалардың болуын қамтамасыз ету. Орындаушылар: шаруашылық басшылары.
Тармақ 7
7. Астық жинау машиналарын жөндеу, тұрағын ұйымдастыру, газбен дәнекерлеу жұмыстарын орындау, техникаға жанар май құюды астық алқабынан 30 метр қашықтықтағы арнайы алаңдарда жүргізу. Жөндеу орындарын айнала жырту. Өрт сөндіру құралдарының болуын қарастыру. Орыңдаушылар: шаруашылық басшылары, ӨБ.
Тармақ 8
8. Дала, орман алқаптарына, темір және тас жолдарға жақын орналасқан астық танаптарының 4 метрден кем емес тұтас алқап бойын шабу және жырту. Егін оруды бастар алдында астық алқаптарын комбайнның бір күндік жұмыс өнімділігінен аспайтын, бірақ 50 гектардан артық емес учаскелерге бөлу. Учаскелер арасынан 8 метрлік шабындық және 4 метрлік жырталған жерлер жүргізу. Орындаушылар: шаруашылық басшылары.