О подготовке хлебоприемных и зерноперерабатывающих предприятий области к приему зерна урожая 1998 года Күшін жойған
Басқа 0
1998 жылдың астығын қабылдауға астық қабылдау және астық өндеу кәсіпорындарын дайындау жөніндегі шаралар туралы.
📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімнің өтіп кеткендігіне байланысты – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 маусымдағы N 920-26-7/6-186 тапсырмасына сәйкес элеваторларды, астық қабылдау және өндеу кәсіпорындарын 1998 жылдың астығын қабылдауға дайындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШIМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Республикалық астық инспекциясының облыстық басқармасына (Нұрбаева С. М.) элеваторлардың, астық қабылдау және өңдеу кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының 1998 жылдың астығын қабылдауға, тазартып сақтауға, тиеуге және өндеуге дайындығын тексеру тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Аудан және Ақтөбе қаласы әкімдеріне элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарының 1998 жылдың астығын қабылдауға қосымшадағы кесте бойынша белгіленген мерзімге дайын болуын қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 3
3. "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" жабық түрдегі акционерлік қоғам өкіліне (Баймағанбетов Б. Ә.) астық қабылдау және өндеу кәсіпорындарының белгіленген мерзімге сай дайын болуына нақтылы жәрдем көрсету жүктелсін.
Тармақ 4
4. Комиссиялық тексеру қортындысы бойынша Республикалық астық инспекциясының басқармасы астық қабылдау мекемелерінің және аудан әкімшіліктерінің уәкілдерінің қатысуымен кәсіпорындардың материалдық-техникалық баласының дайындықтары туралы акт жасасын.
Әр айдың 1 және 15-ші жұлдыздарында облыс Әкіміне мәлімет беру жүктелінсін.
Тармақ 5
5. Республикалық астық инспекциясының облыстық басқармасы (Нұрбаев С. М.) астық қабылдауға, сақтауға, тиеуге және өндеуге дайын көсіпорындарға рұқсат шешім берсін.
Тармақ 6
6. Бұл шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Қ. Елеусізовке жүктелсін.
Басқа 7
Элеваторлардың, астық қабылдау және өндеу кәсіпорындарының 1998 жылдың астығын қабылдауға дайындық кестесі
Ауданы
Акционерлік қоғамы
Кәсіпорындарды дайындау мерзімі
Ақтөбе қаласы
Әлжан
Рамазан
Жаңа Әлжан
ұнкомбинаты
15.08.98 ж.
01.09.98 ж.
01.09.98 ж.
Мұғалжар
Елек-А
Арай
Жем
15.08.98 ж.
15.08.98 ж.
15.08.98 ж.
Қарғалы
Жақсылық
Қанат
15.09.98 ж.
15.09.98 ж.
Хромтау
Рахат
Одақ ЛТД
15.09.98 ж.
15.08.98 ж.
Мәртөк
Астық
Алтын Астық
Жайсан
15.08.98 ж.
01.08.98 ж.
15.08.98 ж.
Әйтекеби
Волна
Тын Дала
Достық
15.09.98 ж.
15.09.98 ж.
15.09.98 ж.
Қобда
Арман
Қобда Астық
15.08.98 ж.
15.08.98 ж.