О реализации Указа Президента Республики Казахстан «О квоте иммиграции на 1998 год» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің «1998 жылға арналған көшіп – келу квотасы туралы» жарлығын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 03.04.98 жылғы «1998 жылға арналған көшіп – келу квотасы туралы» жарлығына сәйкес Атырау облысының Әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық Көші – қон және демография басқармасы ұсынған, аудан әкімдерімен келісілген квота бойынша алыс және жақын шетелдерден қандастарымызды қабылдау қосымшаға сәйкес 130 отбасы болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Оралмандардың отбасыларын қабылдау мен жайғастыруға арналған шығыстарды ( бір жолға жәрдемақылар, көлік шығыстарын өтеу, тұрғыз үй сатып алу, бейімделу пункттерін ұстау және ұйымдастыру шығыстары) жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілсін. Осы мақсатта 4 (төрт) млн.теңге бөлінсін.
Тармақ 3
3. Облыстық көші –қон және демография басқармасы, қала және аудан әкімдері оралмандардың отбасыларын қабылдап, орналастыруды және олар үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсін. - белгіленген тәртіппен оралмандарға тұрғын үй салу және шаруашылық қызмет үшін жер учаскелерін бөлу туралы мәселені шешетін болсын. - Оралмандардң жұмысқа орналасуына, білім және мамандық алуына, балаларын оқытуға көмек көрсетсін. - Оралмандарға кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға, ұлттық қолөнер кәсібін жаңғыртуға, фермерлік және шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға жәрдемдессін. Оралмандарды қабылдауға үлкен қоғамдық мән беріп, кездесу кештерін өткізіп, кештерге жергілікті жерлердегі ақсақалдар, жастар, облыс, қала және аудан көлеміндегі халыққа танымал адамдар қатыстырылсын.
Басқа 4
Облыс әкімінің шешіміне жалғама № 648 «10» мамыр 1998 жыл Атырау облысына оралмандардың 1998 жылға көшіп келу квотасы Кө­шіп ке­лу­ші­лер ор­на­ла­сты­ры­ла­тын аудан­дар Тур­кия рес­пуб­ли­ка­сы Ресей федерация сы Иран Ислам республи касы Өзбек Республикасы Кырғыз республикасы ТМД-ның басқа мемлекеттері Барлығы Атырау қаласы 10 10 Исатай 10 10 Жылыой 20 20 Құрманғазы 40 40 Мақат 15 15 Индер 10 10 Қызылқоға 15 15 Махамбет 10 10 Барлығы: 130