О внедрении нормативов платы за тепловое загрязнение природной среды по Атырауской области на 1998 г Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи ортаны жылулық шығарумен ластағаны үшін Атырау облысы бойынша 1998 жылға төлем нормативтерін енгізу туралы «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін одан әрі дамыту және Атырау облысының қалыпты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бекіткен климаттың өзгерістері туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде ШЕШІЛДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық экология және табиғи ресурстар басқармасының мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп жасаған, экология және табиғи ресурстар Министрлігімен келісілген кәсіпорындар – табиғатты пайдаланушылардан айналадағы ортаға шығарылған (тасталған) жылулық үшін 1998 жылғы төлемдері беркітілсін (қосымша №1).
Тармақ 2
2. Кәсіпорындар – табиғатты пайдаланушылар 1 тоқсан ішінде ластағыш көздерден шығарылатын (тасталатын) жылулық мөлшерінің Гкал өлшемімен есебін шығарып экология және табиғат ресурстар басқармасына тапсыратын болсын.
Тармақ 3
3. Жылдық шығарумен ластанғаны үшін төлемдер салық төлеуші мен экология және табиғи ресурстар басқармасы арасындағы келісу бойынша тоқсанға бөлініп бір жыл есебімен белгіленеді.
Тармақ 4
4. Көрсетілген төлемдерді енгізуде кәсіпорындар – табиғатты пайдаланушылардың бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында оларды 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап нормативтің 50 процентінен 2000 жылы төлемді 100 процентке жететіндей кезеңмен жүзеге асырылатын болсын.
Тармақ 5
5. Облыстық экология және табиғи ресурстар басқармасы жылулық шығарғаны (тастағаны) үшін төлемнің нормативтерін кәсіпорындар – табиғатты пайдаланушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін, салық инспекциясымен қатар төлемнің дұрыс есептелуі мен дер кезінде түсіп отыруына бақылау жасайтын болсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н.Борисенкоға жүктелсін.
Басқа 7
Атырау облысы әкімінің № 557 31 желтоқсан 1997 ж. шешіміне қосымша № 1 Жылулық шығарумен ластағаны үшін төлемнің нормативтері
Тармақ 1
1. Атмосфераны ластағаны үшін төлемнің нормативі Р = 449 тенге Гкал
Тармақ 2
2. Жылулық шығарумен су қоймаларын ластағаны үшін төлемнің нормативі Р = 18,6 тенге Гкал