О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в октябре - декабре 1998 года Күшін жойған
Басқа 0
1998 жылдың қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
“Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және “Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери кызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1998 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” Қазақстан Республикасы Жарлығына сәйкес:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы мен облыс аудандарының әкімдері, облыстық, Степногорск қалалық және аудандық әскери комиссариаттар облыс аумағында 1998 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1980 жылы туған, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырудан қалдыру мерзімі аяқталған басқа жастағы азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізсін.
Тармақ 2
2. Қалалық және аудандық шақыру комиссияларының жұмысына басшылық ету және бақылау жасау үшін № 1 қосымшаға сәйкес облыстық шақыру комиссиясы құрылсын.
Степногорск қаласы мен облыс аудандарының әкімдері жергілікті жерлерде осындай шақыру комиссияларын құрып, жоғарыда аталған Заңның 35-бабына сәйкес олардың, сондай-ақ жүмысқа тартылатын медициналық, техникалық және басқа қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, “Қазақстан темір жолы” РМК Ақмола бөлімшесінің дәрігерлік-санитарлық қызметі
шақырудың басталуына қарай қалалық, аудандық және облыстық медицина комиссияларына білікті мамандар жинақтасын, әскер қатарына шақырылғандарды кезектен тыс тексеру және стационарда емдеу үшін емдеу мекемелерінде қажетті орын мөлшерін бөлсін.
Тармақ 4
4. “Қазақстан темір жолы” РМК Ақмола бөлімшесі әскер қатарына шақырылғандардың баратын жеріне дер кезінде жөнелтілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Экономика және сауда басқармасы шақыру кезеңінде жинақ пунктінде тағам өнімдері мен бірінші қажеттілік тауарлары сатылатын сауда орнын ашсын.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер басқармасы шақыру пункттерінде, жөнелту станцияларында, жинақ пункттерінде тәртіпті қамасыз ету және әскери міндетін орындаудан жалтарып жүрген адамдарды іздестіру бойынша әскери комиссариаттармен бірлесіп әрекет етуді ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыстық қаржы басқармасы әскер қатарына шақырудың облыстық бюджетте көзделген көлемде қаржылануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыстық шақыру
комиссиясына жүктелсін.
Басқа 9. Комиссия мүшелері:
Облыс әкімінің 1998 жылғы
10 қазандағы № 9 шешіміне
қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының
ТI3IМI
Сәрсекеев Қайыргелді Теміржанұлы - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің менгерушісі - комиссия төрағасы
Даңғылов Қазбек Ысқақұлы - облыстық әскери комиссар - комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Тәженов Қазбек Ерденұлы - облыстық ІІБ басқармасы бастығының орынбасары
Маусымбаева Бану Рамазанқызы - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Лавров Юрий Васильевич - облыстық әскери комиссариаттың бөлім бастығының аға көмекшісі
Немыкина Надежда Васильевна - облыстық аурухананың қызметкері, комиссия хатшысы