О мероприятиях по развитию государственного и других национальных языков в области на 1998 год Қолданыста
Басқа 0
1998 жылы облыста мемлекеттік және басқа Ұлт тілдерін дамыту жөніндегі іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы шілденің 11-дегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңьн жүзеге асыру, мемлекеттік тілді өмірдің барлық салаларына әрі қарай еңгізу және оның рөлін арттыру және басқа ұлт тілдерін дамыту жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 1998 жылы облыста мемлекеттік және басқа ұлт тілдерін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, облыстық атқарушы органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының 1997 жылғы шілденің 11-дегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (Ә.Қ. Жакина) жергілікті атқарушы органдардың "Қазақстан Республпкасындағы тіл туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі жұмысын олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес үйлестіретін болсын (2-қосымша).
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары-аппарат басшысы В.А. Брынкинге жүктелсін.
Басқа 5. 1998 жылы облыста мемлекеттік және басқа ұлт тілдерін дамыту жөніндегі іс-шаралар
Облыс әкімінің 1998 жылғы
«28» тамыздағы № 277 шешіміне
1 – қосымша
1998 жылы облыста мемлекеттік және басқа ұлт тілдерін дамыту жөніндегі іс-шаралар
№
Іс-шаралар
Мерзімі
Орындаушылар
1
Облыс аумағында мемлекеттік және басқа ұлт тілдерін дамыту жөніндегі аймақтық Бағдарламаны жасау, оны облыстық мәслихат сессиясының қарауына ұсыну
IV тоқсан
облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2
Мемлекеттік және басқа ұлт тілдерінің шын мәнінде іске асуын қамтамасыз ету мақсатында оларды дамыту жөнінде нақты шаралар жасау.
қыркүйектің 10-на дейін
облыс қалалары мен аудандарының әкімдері
3
Тілдік заң қағидаттарының орындалуын бақылауға алу, тексеру нәтижелерін облыс, қалалар, аудандар әкімдері жанындағы алқа мәжілістерінде, облыстық жоспарламалық кеңестерде қарау және олар бойынша тиісті шаралар қабылдау
үнемі
облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыс қалалары мен аудандары-ның әкімдері, облыстық прокуратура (келісім бойынша)
4
Азаматтарды өтініш берген тілде қабылдауды қамтамасыз ету. Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың штаттық кестелеріне (немесе шарт бойынша) аударма-шылар мен қазақ тілі мұғалімдерінің лауазымдарын енгізу, қазақ әріптері бар компьютерлермен жабдықтау және басатын машинкалар сатып алу
III тоқсан
облыс қалалары мен аудандарының әкімдері, облыс әкімінің істер бас-қармасы
5
Облыстык, қалалық, аудандық ресми шараларды өткізу үшін залдарды ілеспе аударма жасайтын техниқалық құралдармен жабдықтау
жыл бойы
облыс қалалары мен ау-дандарының әкімдері, облыс әкімінің істер бас-қармасы
6
Барлық мемлекеттік органдардың мөрлерінің, мөртабандары мен басқа ресми белгілерінің мәтіндерін "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның 21-ші бабының талаптарына сәйкес келтіру
қыркүйектің 1-не дейін
облыс қалалары мен ау-дандарының әкімдері, облыстық ведомстволардың басшылары
7
Барлық деңгейдегі әкімдердің аппараттарында мемлекеттік тілді іс қағаздарына енгізу жөнінде секторлар
құру
тамыз -қыркүйек
облыс қалалары мен ау-дандарының әкімдері
8
Мемлекеттік тілде қосымша шығынсыз қызметтік хат жазысуға, ақпарат алмасуға, статистикалық, қаржы және басқа есеп қүжаттарын алуға болатын елді мекендердің тізімін анықтау
қыркүйектің 10-на дейін
облыс қалалары мен ау-дандарының әкімдері, облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
9
Іс жүргізу саласында және жергілікті атқарушы орган-дардың актілерін қабылдауда мемлекеттік тілдің ресми түрде орыс тілімен қатар қолдануын қамтамасыз ету
үнемі
облыс қалалары мен ау-дандарының әкімдері
10
Жүмысы тұрғындарға қызмет көрсетумен байланысты облыс мекемелері мен ұйымдарында мемлекеттік тілдің қолданылуына жагдай жасау, қазақ және орыс тіл-дерінде анықтама-хабарлама беруді қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру
III тоқсан
облыс қалалары мен ау-дандарының әкімдері
11
Барлық елді мекендердегі байланыс кәсіпорындарын қазақ әріптері бар телеграф аппараттармен жабдықтауды алдын ала кдрау
II жарты жылдық
облыстық телекоммуни-кациялар дирекциясы
12
Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың маңдайшаларының және елді мекендер мен көшелердің көрсеткіштерінің, ақпараттық стендтердің, жарнамалық хабарландырулар мен қабыргаға орнатылатын қал-қандардың, баға көрсеткіштерінщ ресімделуінде қос-тілділіктің сақталуына бақылау жасау
тоқсан сайын
облыс калалары мен аудандарының әкімдері, облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
13
Қүқық қорғау органдарыңда, мемлекеттік бақылау және қадағалау, азаматтардың құқығын қорғау ұйымдарында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру. Облыстық, қалалық, аудандық соттарда сот істерін мемлекеттік тілде, қажетіне қарай мемлекеттік тілмен қатар орыс немесе басқа тілдерде жүргізу (жеке жоспар бойынша)
үнемі
облыс ішкі істер басқармасы, облыс әділет бас-қармасы, прокуратура органдары (келісім бой-ынша)
14
Мемлекеттік тіл оқытушыларын даярлау курстарын ұйымдастыру, ғалым-лингвистер, тіл оқытушылары және басқа мамандардың қатысуымен тілдерді дамыту жөніндегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, әдістемелік - нұсқау семинарлар, "дөңгелек үстелдер" өткізу
жыл бойы
облыс бойынша акңарат және қоғамдық келісім баскдрмасы, білім департаменті, С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университет
15
Мемлекеттік тілді үйреніп жүрген немесе меңгерген азаматтарды материалдық және рухани жағынан ынталандыру тәжірибесін іске асыру және тарату
үнемі
облыс қалалары мен ау-дандарының әкімдері, облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім баскдрмасы
16
Жер-су аттарын, мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын реттеу және жүйеге келтіру, елді мекендердің атын тарихи-жағрапиялық ақиқатқа сәйкес келтіріп өзгерту жөніндегі ономастикалық жұмысты жалғастыру
үнемі
облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
17
Іс қағаздарын екі тілде жүргізетін кадрларды даярлау, қайта даярлау мамандықтарын жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру. Осы мақсатпен обльгс кәсіпорындары мен ұйымдары үшін жұмыссыздарды төмендегідей мамандықтарға оқыту: машинка басушы-хатшы, аудармашы-іс жургізуші
арнайы бағдарлама бойынша
облыстық еңбекпен қам-ту орталығы-еңбек биржасы
18
Жұмыссыз азаматтарға, алыс жане жақын шетелдерден көшіп келген адамдарға әлеуметтік қолдау жасау. Халықтың осы санатын одағі әрі еңбекке баулу үшін орыс және қазақ тілдерінде қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру
бекітілген жоспар бойынша
облыстық еңбекпен қамту орталығы-еңбек биржасы, облыстық көші-қон және демография баскдрмасы
19
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы,, Заңның 18-бабына сәйкес телерадио арналарында меншік нысандарына қарамастан мемлекеттік тілде жүретін хабарлардың жалпы көлемі басқа тілдерде өтетін хабарлар уақы-тының жалпы көлемінен аз болмауын қамтамасыз ету
үнемі
облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құ-ралдарының басшьшары
20
Халықтың мәдени-этникалық сауалдарын қанағаттандыруды ескеріп, газет беттерінде халыққа мемлекеттік тіл үйрететін арнайы айдарлар, телерадио хабарларын ұйымдастыру. Арнайы мақалалар мен телерадио хабарларында тіл саясатын жүзеге асыру жолдарын, мемлекеттік тілді меңгерудің озат тажірибесін, халықтың әр түрлі этникалық топтарының ұлттық-мәдени сұраныстарын қанағаттандыру жөніндегі жұмыстарының барысын көрсету
үнемі
облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, мемлекеттік бұқаралық ақпарат құ-ралдарының басшылары
21
Мемлекеттік тілде оқытатын мектептер мен сыныптар желісін кеңейту, оның ішінде:
Индустриалды ауданында - 1 мектеп (N19 мектеп) Екібастүз қаласында - 1 мектеп (1М 18 мектеп)
1998-1999
оку жылы
облыс білім департаменті, қалалық, аудандық оқу бөлімдері
22
Павлодар, Ақсу, Екібастүз қалаларындагы және облыстың басқа елді мекендеріндегі балабақшаларда (мектеп жасына дейінгі мекемелерде) халық сұранысын ескере отырып, қазақша тәрбие беретін, этникалық аз халық-тар шоғырланған жерлерде сол халықтар тілдерінде тәрбиелейтін топтарды көбейту
кезең бойы
облыс білім департаменті, қалалық, аудандық білім бөлімдері, Қа-зақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы
23
Қазақ, орыс, шетел және басқа ұлт тілдерін жете меңгеру олимпиадаларын, сайыстарын өткізу
жыл сайын
облыс білім департаменті, қалалық, аудандық білім бөлімдері, Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы
24
Қазақ тілінде оқытатын оқу орындарын орыс тілі мен әдебиетінің жоғары дәрежелі мамандарымен қамтамасыз ету, барлық білім беру мекемелерінде орыс тілін үйрету үйірмелерінің, курстары мен факультативтерінің жұмыстарын жетілдіру
1998-1999 оқу жылы
облыс білім департаменті, қалалық, аудандық оқу бөлімдері
25
Ұлттық мектеп бітірген, филологиялық факультеттен басқа факультеттердің студенттері үшін орыс тілінің мәдениеті жөнінде әңгімелер өткізу, орыс тілі мен әдебиеті факультативтері мен клубтарын ұйымдастыру
оқу жоспары бойынша
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
26
Халық сұранысын ескеріп, Павлодар қаласындағы ұлттық жаңғыру мектебінде ана тілінде оқытылатын топтар мен сыныптарды көбейту. Ұлттық жаңғыру мектебіне қажет кадрларды анықтау, Қазақстан халықтары Ассамблеясының квотасы бойынша оқитын студенттер есебінен кадрлар даярлау мүмкіндігін туғызу. Басқа ұлт өкілдерінің ұлттық-мәдени мүдделерін қанағаттандыру үшін олар шоғырланып тұратын жерлерде тілдерінің пайдалануын қамтамасыз ету
1998-1999 оқу жылы
Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы, об-лыс білім департаменті, облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері
27
С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университет жанындағы тілдерді оқыту жөніндегі Орталықтың ағыл-шын, неміс және басқа шет тілдерін үйрету курстарының жұмысын жетілдіру, тілдерді жедел үйренудің компьютерлік жаңа технологиясын пайдалану арқылы шет тілдерін тереңдете оқытатын мектептердің жұмысын үйлестіру. Тілдер оқыту жөніндегі Орталыққа аймақтағы, ғылыми-әдістемелік орталықтың функциясын жүзеге асыруды ұсыну
1998-1999
оку ЖЬІЛЫ
облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, білім департаменті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
28
Қажетіне қарай С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университет жанындағы тілдерді оқыту жөніндегі Орталықтың негізінде мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден аудару сияқты заңды және жеке адамдарға ақылы қызмет ұйымдастыруды ұсыну
IV тоқсан
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
29
Елді мекеннің ұлттық құрамын ескере отырып, облыс кітапханаларын мемлекеттік және облыста тұратын басқа ұлт тілдеріндегі кіатаптармен және мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету
үнемі
облыс мәдениет басқармасы, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері
30
Халық шығармашылығы фестивальдарын, жас орындаушылар сайыстарын, Қазақстан халықтарының әдет-ғұрыптарын, мәдениетін насихаттау
ұдайы
облыс мәдениет басқармасы, Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері
31
Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарда тұратын қазақ диаспорасымен тығыз байланыс жасау, ана тілін сақтауға және дамытуға қажетті әдістемелік және оқу әдебиетімен қамтамасыз еіуге, білім алуға және әр түрлі гуманитарлық мамандықтар бойынша ұлттық кадрлар даярлауға көмектесу
ұдайы
облыс көшіқон және демография, облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары, Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы, облыс қалалары мен аудандарының әкімдері
32
Тарихи мекеніне көшіп келген қазақтардың орыс тілін үйренемін деушілеріне жағдай жасау. Орыс тілін үйрету бағдарламасын жасау. Орыс тілін үйрету жөніндегі курстар мен үйірмелер үйымдастыру
қыркүйек
облыс көшіқон және демография, облыс бойьшша ақпарат және қоғамдьіқ келісім басқармалары, облыс білім департаменті, қалалық ауцаңдьіқ білім бөлімдері, облыс қалалары мен аудан-дарының әкімдері
33
Барлық дәрежедегі мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді жеделдетіп үйрету Орталығын құру. Қазақ тілін екі сатылы оқу бағдарламасы бойынша бірінші кезекте оқитын мемлекеттік қызметшілердің топтарын белгілеу. Жабдықталған оқу бөлмелерін дайындау, курстарға қазақ тілінің үздік оқытушы-әдіскерлері арасынан окытушылар іріктеп алу.
қыркүйектің 1-не дейін
облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыс мемлекеттік қызмет департаменті
Басқа 6. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
асыру жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық деңгейлердегі функционалдық міндеттерді шектеу
Облыс әкімінің 1998 жылғы "28"
тамыздағы № 277 шешіміне
2 – қосымша
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
асыру жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық деңгейлердегі функционалдық міндеттерді шектеу
№
Функционалдық міндеттер
Орындаушылар
1
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның орындалуын қала, аудан көлемінде ұйымдастыру және бақылауға алу, жұмыс барысын алқа мәжілістерінде, кеңестерде қарау.
Мемлекеттік және басқа тілдерді дамытудың қалалық, аудандық бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру.
Атауларды және басқа да көрнекі ақпараттарды транслитерациялау мәселелерін зерттеу, оларды шешуге жағдай жасау.
Қалалық, аудандық ономастикалық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорындар мен мекемелердің штаттық кестелеріне аудармашы-мұғалім лауазымының енгізілуіне бақылау жасау, мемлекеттік және басқа ұлт тілдерін үйрету үйірмелерінің желісін кеңейту, моральдық және материалдық ынталандыру түрлерін қолдану.
Қалалық, аудандық мекемелер мен ведомстволарда, жергілікті атқарушы өкімет органдарында мемлекеттік тілдің қолданылуға енгізілуінің жай-күйіне бақылау жасау.
Қала, аудан көлемінде шоғырланып тұратын саны аз ұлттардың тілдік, білімдік, мәдени сұраныстарын зерттеу және қанағаттандыру жөнінде нақты шаралар қолдану. Қалалық, аудандық "Қазақ тілі" қоғамдарымен бірлесіп әрекет жасау.
Орыс тілін оқып үйренуге тілек білдірген көшіп келген қазақтардың проблемаларын зерттеу, оларды шешуге жағдай жасау, орыс тілін үйре-ту курстары мен үйірмелерін ұйымдастыру.
Меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен мекемелерде іс жүргізуді, реквизиттерді дайындауды, азаматтардың өтініштерін, хатта-рын, өздерін мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылдауды ұйымдас-тыру.
Қазақ және орыс әріптері бар машинкалар мен компьютерлерде жұ-мыс істей алатын білікті хатшы-машинисткаларды даярлау.
Халыкқа қызмет көрсету саласындағы мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету.
Ресми шалалар өткізетін залдарды ілеспе аударма жасау үшін техникалық құралдармен қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді игеруіне жағдай жасау.
Халықтың қазақ тілін оқып үйренуі үшін курстар мен үйірмелер жүйесін дамыту және оған жағдай жасау.
Қалада, ауданда тілдік және кеңістік ортаны, пікір алмасу ортасын жасау.
Азаматтардың "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңның жүзеге асуы, ономастикалық саясат жөніндегі өтініштері мен шағымдарын қарау, оларды бұзу фактілеріне дер кезінде шара қолдану.
Облыс бойынша ақпарат және коғамдық келісім баскармасымен мемлекеттік тіл, ономастика, терминологиялық саясатты жүзеге асыру мәселелері жөнінде өзара іс-әрекет жасасу.
облыс қалалары мен аудандарының әкімдері
2.
Мемлекеттік және баска ұлт тілдерін дамыту жөніндегі аймақгық бағдарламаны дайындау, үйлестіру және оның орындалу барысына бақылау жасау.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, қоғамдық ұйымдармен, халықаралық "Қазақ тілі" қоғамымен өзара іс-әрекет жасасу.
Меншік нысанына қарамастан облыстық, қалалық, аудандық меке-мелер мен ведомстволарда, кәсіпорындар мен ұйымдарда мемлекеттік тілді іс жүзінде қолдануға енгізудің жай-күйіне бақылау жасау.
Облыс аумағында мемлекеттік тіл, ономастика саясатын жүзеге асыру мәселелерін үйлестіру. Осы мәселелер жөніндегі заң қағидаттарының орындалу барысын талдау.
Облыстық және республикалық бағыныштағы атқарушы органдар-дың, өкілетті өкімет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының тілдерді дамыту жөніндегі мемлекет-тік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру.
Тіл саясаты жүзеге асуының жай-күйін, тілдік, кеңістік ортаның және мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасасу ортасының, оның ішінде облыс аумағындағы мемлекеттік басқару органдарында құрылуын үнемі зерттеу (мониторинг).
Мемлекеттік және басқа тілдерді үйрену орталықгарын құруға, тұр-ғындарға тілді жеке оқып үйрену құралдарын, сөздіктерді, анықгама-лықтар мен тіл тақырыбындағы басқа да әдебиетті шығаруға қамқорлық көрстеу. Терминология, көрсеткіштер тілі, атаулардың және басқа да көркем ақпараттың транслитерациясы проблемаларын зерделеу, бұл мәселе-лерде әдістемелік көмек көрсету. Тілдерді дамыту мәселелері жөнінде әр түрлі конференциялар, кеңестер, семинарлар, сондай-ақ тіл ғалымдарымен, тілмен іс жүзінде ай-налысушылармен, мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіп-орындардың басшыларымен арнайы телерадинохабарлар, "дөңгелек үстелдер", шығармашылық кездесулер өткізу.
Тұрғындар үшін мемлекеттік, коммерциялық телерадиостудия каналдарында, облыстық газет беттерінде қазақ халқының тілін, мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын үйрету жөніндегі сабақтар ұйымдастыру.
Оку орталықтарына білікті аудармашылар мен қазақ және басқа тілдер оқытушьшарын даярлау жөніндегі курстар ұйымдастыруда қам-қорлық көрсету.
Ресей Федерациясымен шекаралас жатқан аймақтарда тұратын қазақ диаспорасымен ұдайы қарым-қатынас жасау, ана тілін сақтау және дамытуға қажетті әдістемелік, оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етуге, бі-лім алуға, әр түрлі педагогикалық мамандықта ұлттық кадрлар дайын-дауға көмектесу. Қазақ диаспорасы шоғырланып түұратын елді мекен-дерде қазақ тілінде мерзімді басылымдар алуға және шығаруға көмек көрсету.
Көлік және коммуникациялар жүйесінде, статистика және қаржы, құқық қорғау, әділет органдарында, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда салаларында мемлекеттгк тілдің енгізілуіне, қолданылуына бақылау жасау.
Тарихи отанына қайта оралған отандастарымыздың мәдениет, білім, тіл жөніндегі сұраныстарын талдау және қанағаттандыру.
Ұлттық-мәдени орталықтармен, облыс аумағында тұратын ұлттық диаспоралардың өкілдерімен өзара байланыс жасасу, олардың тіл, мәдениет қажеттіліктерін және шоғырланып тұратын жерлерде ана тілінде оқытатын топтар мен сыныптарды көбейту мүмкіндіктерін қарау.
Басқарманың құзырына жататын мәселелер жөнінде әдістемелік және ақпараттық-талдау құжаттар мен материалдар дайындау, оларды жүзеге асыру жөнінде шаралар қолдану.
Облыстағы ономастика саясатын үйлестіру, облыстық ономастикалық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету.
Тұрғындарды мемлекеттік тіл, ономастика, терминологиялық сая-сатты, тілдерді дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде хабардар ету.
Азаматтардың тіл, ономастика саясатын жүзеге асыру, оларды бұзу фактілері жөнінде хаттары мен өтініштерін қарау, өз құзыры шеңбе-рінде олар бойынша ұсыныстарды тиісті органдарға беру.
Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы