О создании областной комиссии по проверке хода подготовки материально-технической базы хлебоприемных и хлебоперерабатывающих предприятий по Восточно-Казахстанской области к приему зерна урожая 1998 года Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы бойынша астық қабылдау және өңдеу кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын 1998 жылғы өнімнің астығын қабылдауға әзірлеу барысын тексеру жөнінде облыстық комиссия құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Шығыс Қазақстан облысының астық қабылдау және өңдеу кәсiпорындарының материалдық-техникалық базасын әзiрлеудi тексеру жөнiндегi 1998 жылғы 23 маусымдағы № 20-26-7/6 тапсырмасына сәйкес:
Тармақ 1
1. Мына құрамда комиссия құрылсын: Лавриненко Галина Самуиловна облыстық астық инспекциясы басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы Комиссия мүшелерi: Фролов Анатолий Афанасьевич облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егiншiлiктегi технологиялық саясат бөлiмiнiң бастығы Бегалин Қайрат Мүбаракұлы Шығыс Қазақстан облысы бойынша астық инспекциясы басқармасының Семей қаласындағы филиалының меңгерушiсi Кошелев Владимир Леонидович Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша "Продкорпорация" жабық Акционерлiк қоғамының бастығы Пилипенко Людмила Михайловна Шығыс Қазақстан облыстық астық инспекциясы басқармасының аға астық инспекторы
Тармақ 2
2. Комиссияға облыстың барлық астық қабылдау және астық өңдеу кәсiпорындарының материалдық-техникалық базасының әзiрлiгiн, олардың мемлекеттiк мұқтаждар үшiн астықты, майлы және бұршақты дақылдар тұқымын, шөп, ұн, жарма, қоспа жем қабылдауға, сақтауға, өңдеуге және өткiзуге әзiрлiгiн қабылдауға қатысу мiндеттелсiн.
Тармақ 3
3. Астықты және одан өңделген өнiмдердi қабылдауды, сақтауды, өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыруға әзiрлiктi анықтайтын шарттарды орындаған кәсiпорындар материалдық-техникалық базаның өндiрiстiк жұмысқа әзiрлiгi туралы лицензия алады.
Тармақ 4
4. Астық қабылдау және өңдеу кәсiпорындарының басшыларына техникалық базаны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және аймақтық мұқтаждары үшiн дайындалатын жаңа өнiмнiң астығын қабылдауға дер кезiнде және сапалы әзiрлеудi ұйымдастыру мiндеттелсiн.
Тармақ 5
5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары А.Б.Қалиевқа жүктелсiн.