О противопаводковых мероприятиях в весенний период 1998 года Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998 жылғы көктем кезіндегі қызылсуға қарсы шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. Облыс аумағының жазық бөлегiнде қуатты қар жабыны пайда болды, ол көпжылғы орта мөлшердегiден 2-3 есе, Күршiм ауданында 4 есе асып түседi, ал Аягөз, Абай, Жарма аудандарында қар жабынының биiктiгi нормалық деңгейде. Күннiң тез жылынуы күштi су тасқынын туғызуы мүмкiн, ол елдi мекендердiң көпшiлiгiн су басуына, Күршiм, Зайсан, Көкпектi, Зырян, Үржар аудандарында, Өскемен, Лениногор қалаларында жолдар мен көпiрлердiң бүлдiрiлуiне әкелiп соғуы ықтимал. Шаралар қолданбаған жағдайда тау-кен кәсiпорындарының қалдықтар қоймаларының, жасанды су қоймаларының қауiптi жағдайға тап болуы мүмкiн. Қар көшкiнiнен жолдарға едәуiр зардап келтiрiлуi ықтимал. Көктемгi қызылсудан және қар көшкiнiнен облыс экономикасына едәуiр материалдық зиян келтiрiлуiне жол бермеу жөнiнде дер кезiнде шаралар қолдану мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қызылсуға қарсы 1998 жылға арналған шаралар бекiтiлсiн (N 1 қосымша). Олардың дер кезiнде және толық көлемiнде орындалуына жауапкершiлiк қалалар мен аудандардың әкiмдерiне, облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасының (Томашенко А.П.), автомобиль жолдарының қазыналы кәсiпорнының (Федосов А.И.), су ресурстары комитетiнiң (Ағажаев О.А.), "Қазселқорғау" қазыналы кәсiпорнының (Момбаев М.А.), гидрометеорология және мониторинг орталығының (Кондратьев В.П.), төтенше жағдайлар басқармасының (Темный Г.В.), меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдар мен кәсiпорындардың басшыларына жүктеледi.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан гидрометеорология және мониторинг орталығы (Кондратьев В.П.), "Қазселқорғау" қазыналы кәсiпорны (Момбаев М.Н.), су ресурстары комитетi (Ағажаев О.А.), ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы (Томашенко А.П.), автомобиль жолдарының қазыналы кәсiпорны (Федосов А.И.) объектiлер мен елдi мекендер үшiн қызылсу, сел және көшкiн болуы ықтимал қауiптi аймақтарда қалыптасатын жағдайды бағалау, оның дамуын болжау және алдын-ала ескерту шараларын қолдану мақсатында жауапты адамдар тағайындасын және тұрақты қадағалау ұйымдастырсын. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi қалалар мен аудандарда қызылсулық жағдай туралы ақпарат алудың айқын схемасын белгiлесiн, қызылсу кезеңiне жағдайға және апаттық жағдайға оперативтi басшылық жасау жөнiнде әкiм орынбасарының (төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық комиссия төрағасының) басшылық етуiмен жұмысшы тобын құрсын, олардың дербес құрамын, тұрақты болатын орнын белгiлесiн, кезекшi көлiк бекiтсiн, қардың интенсивтi еруi және қауiптi су тасқынының басталуымен әкiматтарда тәулiк бойы кезекшiлiк ұйымдастырсын. Тармақта аталған барлық облыстық ведомстволардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкiмдерi 1998 жылғы 25 наурызға дейiн облыстық төтенше жағдайлар басқармасына жауапты адамдардың тiзiмiн, кезекшi телефондар нөмiрлерiн берсiн. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы (Темный Г.В.) хабарларды жеткiзу үлгiсiн, қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыстық басқармалар мен комитеттер оларды облыстық төтенше жағдайлар басқармасының оперативтi кезекшiсiне (тәулiк бойғы факс: 26-88-27, телефон 65-08-16) беру мерзiмiн белгiлесiн.
Тармақ 3
3. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы (Темный Г.В.), қалалар мен аудандардың әкiмдерi, "Казселқорғау"» қазыналы кәсiпорны (Момбаев М.А.) 1998 жылғы 25 наурызға дейiнгi мерзiмде күштi қызылсу ағады деп болжаған жерлерде облыстық авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын әзiрлiк жағдайына келтiрсiн. Жағдай туған шақта оларды оперативтi жеткiзудiң және нақты iске кiрiсулерiнiң әдістерін пысықтасын. Қызылсуға қарсы күрес үшін азаматтық қорғаныстың инженерлік құрылымдарын қатыстыру жоспарында облыстың қызылсу қаупі туатын аудандарда пайдалану үшiн Өскемен, Зырян, Семей қалаларында резервтер ұстау көзделсiн.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Т.Носиков, облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Г.В.Темный, қалалар мен аудандардың әкiмдерi 1998 жылғы 25 наурызға дейiнгi мерзiмде халыққа құлақтандыру мен оларды, малды және материалдық бағалы заттарды су басуы мүмкiн болатын аймақтардан көшiру жоспарларын жасасын, қалалық және аудандық бюджеттердiң, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаттары есебiнен жағалауларды бекiту және дамбаларды тазарту жұмыстарын орындау, балласт, инерттiк және кен емес материалдар, темiрбетон конструкцияларын және басқа материалдарды олар қажет болатын жерлерге дер кезiнде жеткiзiп, қорлар жасау жөнiнде шаралар қолдансын, карьерлердi, көлiктi және тиеу техникасын дайындасын.
Тармақ 5
5. Су қорлары комитетiнiң (Ағажаев О.А.), облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы (Томашенко А.П.), "Алтайэнерго" акционерлiк қоғамы (Морозов И.В.), экология және биоресурстар басқармасы (Адамов Р.Ж.), облыстық төтенше жағдайлар басқармасының тау-кен техникалық қадағалау жөнiндегi облыстық мемлекеттiк инспекциясы (Құнанбаев Н.С.), қалалар мен аудандардың әкiмдерi су өткiзетiн, су құлататын қорғаныс және басқа құрылыстарды қызылсуды қабылдауға және өткiзуге берiктiлiгiн арттырсын. Наурыз айы iшiнде су қоймаларын, қалдықтар қоймаларын, су айдындарын, жинақтағыш тоғандарды қызылсуды, сел тасқындарын қабылдау және өткiзу үшiн зерттеу, бекiту және әзiрлеу аяқталсын.
Тармақ 6
6. Алматы темiржолының Защита филиалының бастығы С.Л.Кривобоков, автомобиль жолдарының қазыналы кәсiпорнының директоры А.И.Федосов су өткiзетiн құбырларды, кюветтердi тазалау, автомобиль, темiржол жолдары мен көпiрлердi қызылсулардың және мұздардың ықпалынан қорғау жөнiнде 1998 жылғы 25 наурызға дейiнгi мерзiмде шаралар белгiлесiн және оларды орындауды ұйымдастырсын, осы себептерден жолдар бойынша қозғалыстың үзiлуiне жол бермесiн.
Тармақ 7
7. "Өзен пароходствосы" акционерлiк қоғамының президентi И.П.Лукин, "Жолаушылар флоты»" акционерлiк қоғамының президентi В.Н.Другов, "Отан" қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Н.М.Котляров, облыстық судан құтқару орталығының бастығы О.Ф.Витязев адамдарды апаттық жағдайлардан құтқару жағдайы туса, сондай-ақ Бұқтырма, Күршiм өзендерiнiң құйылыстарында мұзды сындыру және жинақталған мұзды бұзу үшiн пайдалануға қажеттi жүзу құралдары мен мұзбұзғыштарды әзiрлесiн.
Тармақ 8
8. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi қызылсу ағысы басталғанға дейiн қызылсудың зардаптарын оқшаулау және жою үшiн қалалық және аудандық бюджеттердiң төтенше жағдайларға арналған резервтiк қор қаражаттары есебiнен жанар-жағар май материалдарының қорларын мына көлемде жасасын: дизельдiк отын - 10 тоннадан, бензин - 5 тоннадан, мотор майы - 1 тоннадан.
Тармақ 9
9. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Х.Т.Жiгiтаев зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсету үшiн медикаменттер қорын жасасын.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасының бастығы А.Ә.Құрманғалиев төтенше жағдайларды жою қаражаттарынан облыстық төтенше жағдайлар басқармасына (Г.В.Темный) жанар-жағар май материалдарының резервiн мына көлемде: дизельдiк отынды - 60 тонна, А-76 бензинiн - 30 тонна, дизельдiк мотор майын - 3 тонна, карбюратор двигательдерi мотор майын - 2 тонна құру үшiн 2,5 млн.теңге бөлсiн.
Тармақ 11
11. Облыстық телекоммуникация дирекциясының директоры А.С.Дьяченко қызылсу қаупi туатын аймақтағы елдi мекендермен тұрақты телефон байланысын ұйымдастырсын. Қызылсу ағыны басталысымен "кезекшiлiк қабылдау" режимiнде аудан орталықтарымен тәулiк бойы тұрақты радиобайланысын ұйымдастырсын.
Тармақ 12
12. Облыстық мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы (Коншу В.П.), "Үлбi" акционерлiк қоғамының президентi қызылсу ағысы басталған кезде барлау, жарылыс, құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн тiкұшақтардың дайын тұруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 13
13. Облыстық қаржы басқармасының бастығы А.ә. Құрманғалиев, облыстық экономика басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы А.К. Тұрлыбаева қызылсулардың өтуiне байланысты бiрiншi кезектi ескерту және авариялық жұмыстар үшiн 1998 жылға бекiтiлген сметаға сәйкес қаржылық резерв жасасын. Қажеттi қаражаттарды төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық ведомствоаралық комиссиямен келiсiм бойынша бөлiнсiн.
Тармақ 14
14. Қызылсуларға қарсы шараларға оперативтi басшылық жасау және облыс әкiмiнiң шешiмiн орындауға бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Н.Т.Носиковқа, ол жоқ болған кезде облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Г.В.Темныйға жүктелсiн.
Басқа 15. Төтенше жағдайлардың алдын-алу және зардаптарын жою жөнiндегi облыстық ведомствоаралық комиссияның
Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 24 ақпандағы N 478-к шешiмiне N 1 қосымша Төтенше жағдайлардың алдын-алу және зардаптарын жою жөнiндегi облыстық ведомствоаралық комиссияның СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАРЫ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың бастығы, полковник Г. Темный