Об утверждении отчета об исполнении областного бюджета за 1998 год Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1998 жылға облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі есепті бекіту туралы 📌 Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы хаты). "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабын басшылыққа ала отырып Облыстық Мәслихат ШЕШIМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджет 1998 жылы кiрiстер бойынша 8704,7 млн. тенге, шығыстар бойынша 8704,7 млн. тенгеге орындалғаны туралы есеп бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. 1998 жылғы бюджеттiк кiрiс бөлiгi субвенциясыз 58%-ке орындалды және ШҚО бойынша салық комитетi облыстық бюджетке 2,6 миллиард теңге салықтың түсуiн қамтамасыз етпегенiн атап өту керек.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмiне, ШҚО бойынша салық комитетiне, облқаржыбасқармасына бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң орындалмау себебiне жiктеу жасау, 1999 жылы бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң орындалуын қамтамасыз ететiн машықталған шаралар қабылдау ұсынылсын. Ол кезектi сессияда 1999 жылдың облыстық бюджетiн анықтау кезiнде қарауға енгiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң орындалу деңгейiне қарай тең етiп әлеуметтiк инфрақұрылымдарды қаржыландыруды камтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Облыстың атқарушы органдарымен 1998 жылы табиғатты қорғау қорына түскен 196806 мың теңгенiң 52755 теңгесi мақсатсыз жұмсалғаны аталсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау бюджет, экономикалық реформалар және аймақтық даму жөнiндегi тұрақты комиссияға (В.И.Измайловқа) жүктелсiн.
Басқа 7. 1998 жылғы облыс бюджетiнiң орындалуы туралы
Қосымша Облмәслихат сессиясының шешiмiне N 20/3 30 наурыз 1999 жыл 1998 жылғы облыс бюджетiнiң орындалуы туралы МӘЛIМЕТ 1 1