Қолданыстағы ред. 25.01.1999

1998 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер төлеудің нормативтерін (ставкаларын) бекіту туралы от 25.01.1999 г. № 17 (1998 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер төлеудің нормативтерін (ставкаларын) бекіту туралы)

0

1998 жылға қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер төлеудің нормативтерін (ставкаларын) бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 06.01.2000 № 5 шешімімен.
"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы "Қазақстан Республикасы Заңының 3.7. бабына және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік қорлары туралы" 1998 жылғы 1 сәуірдегі 208 және "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем өндіріп алу ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 1 желтоқсандағы 1213 Қаулыларына сәйкес ШЕШТІМ:

1

1. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Экология және табиғи ресурстар министрлігімен (министрдің 1998 жылғы 21 желтоқсандаы 193-р бұйрығы) келісілген ( 1, 2 қосымшалар), Костанай облысы бойынша қоршаған табиғи ортаға ластағыш заттардың нормативтік тасталуы (құйылуы) мен өндіріс қалдықтарының орналастырылуы және тұтынуы үшін төлемдер ставкасы бекітілсін. Радиоактивті қалдықтарды уақытша орналастыру үшін төленетін төлемдер жалпы республикалық төлем ретінде анықталады (3 қосымша).

2

2. Қозғағыш отынын жаққанда жылжитын құралдардың табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдер төлеуді Қазақстан Республикасы Министрлігінің "Табиғат қорғау қорларына төлем есептеу мен төлеудің тәртібі туралы" 1994 жылғы 5 тамыздағы 26 нұсқаулығына сәйкес, мұнай өнімдерін және сұйытылған газды сатумен айналысатын, көтерме жабдықтаушылар (сатушылар) мен басқа да заңды және жеке тұлғалар төлейді.

3

3. 1999 жылға қоршаған ортаны қорғаудың облыстық сметасы (21 процент) бекітілсін (4 қосымша).

4

4. Облыстық қаржы басқармасы ( М.Е. Құсайынов) "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген сметаға тиісті қор қаржысының мақсатты пайдалануын қамтамасыз етсін.

5

5. Ластағыш заттарды ағызушы және халықтың тұрмыстық қалдықтарын орналастырушы табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау қорына төлем төлегенде "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес К-0,1 төмендеткіш коэффициенті белгіленсін.

6

6. Қалалар және аудандар әкімдері қоршаған ортаны қорғаудың бюджеттік қорына қаржының уақытында түсуін қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

7

7. "1998 жылға қоршаған табиғи ортаға ластағыш заттардың тасталуы (құйылуы) мен өндіріс қалдықтарының орналастырылуы және тұтынуы үшін төлемдер төлеу ставкасын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімінің 1998 жылғы 12 қаңтардағы 4 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.

8

8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.С. Әшімовке жүктелсін.

9. 1999 жылы айналаны қоршаған табиғи ортаға ластағыш заттардың тасталуы (құйылуы) мен өндіріс қалдықтарының орналастырылуы және тұтынуы үшін нормативтік төлем төлеудің ставкалары

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 25 қаңтардағы
№ 17 шешіміне 1 қосымша
1999 жылы айналаны қоршаған табиғи ортаға ластағыш заттардың тасталуы (құйылуы) мен өндіріс қалдықтарының орналастырылуы және тұтынуы үшін нормативтік төлем төлеудің ставкалары
Ластағыш заттарды атмосфераға тастағаны үшін
1 шартты тоннасына 150,0 теңге
Ластағыш заттарды су объектілеріне, су жинағыштарға, сүзгіш танаптарына, жер бедеріне ағызғаны үшін
1 шартты тоннасына 29500,0 теңге
Өз беттерінше суды пайдаланғаннан келетін зиян мөлшерін есептеу үшін:
бір жер беті сулары үшін
1 текше метрге 1,4 теңге
бір жер асты сулары үшін
1 текше метрге 1,5 теңге
Қоршаған ортада қалдықтарды орналастырғаны үшін:
а) қатты тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтары (улы емес)
б) аршылған кен орындары, байыту қалдықтары, асбесі бар қалдықтар (улы емес)
в) күл және улы емес күлшлак қалдықтары
г) сынабы бар және люминисцентті лампалар
1 текше метрге 80,0 теңге
1 текше метрге 1,64Т
Т-полигон қызметінін қалдық мерзімі
1 тоннасына 33,0 теңге
1 лампаның жүмысының 5 еселенген құны
Радиоактивті қалдықтарды уақытша орналастырғаны үшін төлем төлеу сомасы, бұл қалдықтарды жұмыс істеп тұрған ортлықтандырылған сақтау пункттерінің бірінде осы сияқты радиоактивтік қалдықтарды орналастыру немесе көму (4 қосымша), мысалы, Курчатовтағы ампулды көздердің «Байкал-1» кешеніндегі 10 процентке тең сома сияқты анықталады.
Төмендегілердің 1 тоннасын жаққан кезде автомобиль көлігінің ластағыш заттарды бөлгені үшін
Этильденген бензин
300,0 теңге
Дизельдік отын
390,0 теңге
Этильденбеген бензин
250,0 теңге
Сығымдалған табиғи газ (т)
150,0 теңге

10. 1994 жылгы 9 тамызда бекітілген Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің әдістемесіне сәйкес ағын сулармен (шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік, карьерлік) бірге ластағыш заттар тасталатын обьектілердің санатын есепке алу коэффициенті

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 25 қаңтардағы
№ 17 шешіміне 2 қосымша
1994 жылгы 9 тамызда бекітілген Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің әдістемесіне сәйкес ағын сулармен (шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік, карьерлік) бірге ластағыш заттар тасталатын обьектілердің санатын есепке алу коэффициенті
Объект санаты
К
Балық шаруашылығы мақсаттарына пайдаланылатын су айдындары
1.1
Орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған шаруашылық-ауызсумен жабдықтау, сондай-ақ тамақтандыру кәсіпорындарын сумен жабдықтаушы жер бетіндегі су айдындары
1.0
Басқа объектілер ( су жинақтағыштар, сүргіш танаптары, жер бедері)
0.8
1994 жылғы 9 тамызда бекітілген Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің әдістемесіне сәйкес қалдықтарды орналастыру обьектілерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін есепке алу жиілігінің коэффициенті
Орналасу орны
К
Үйіп қою мен көмуге рұқсат етілген кәсіпорындар аумақтары, үюге арналып, жетілдірілген қоқыс орындары, полигондар, қоймалар және басқа аумақтар (экологиялық талаптарға жауап беретін объектілер)
Сондай, бірақ жағдай туғызылмаған (экологиялық талаптарға жауап бермейтін жұмыс істеп түрған объектілер)
10-ға дейін
Қостанай - 6
Рудный - 3
Лисаков – 3
Аудан орталықтары - 2
Оларлың улылығына қарай қалдықтардың қауіптілігін есепке алу коэффициенті
Балдар саны
Улылық сыныбы
Қауіптілік деңгейі
32
1
өте қауіпті
16
2
қауіп жоғары
4
3
қауіп шамалы
2
4
қауіп аз
1
5
қауіпсіз

11. Курчатов қаласындағы "Байкал-1" кешенінде ионизирленген ампулды шағылу көздері бар (ИШК) контейнерлерді (изиотоптық қондырғылы) қабылдау жөніндегі жұмыстардың ҚҰНЫ

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 25 қаңтардағы
№ 17 шешіміне 3 қосымша
Курчатов қаласындағы "Байкал-1" кешенінде ионизирленген ампулды шағылу көздері бар (ИШК) контейнерлерді (изиотоптық қондырғылы) қабылдау жөніндегі жұмыстардың ҚҰНЫ
Контейнердегі ампулды ИШК
Көз түрі (А-белсенділігі)
Альфа, бета (А- кез келген) Гамма (А-О, 000,1 Ки)
Альфа, бетасы бар заттар А- кез келген Гамма көздері мен А-О, 000,1 Ки)
Гамма (0,0001 А-О, 10 Ки)
Гамма А-10 Ки
Гамма радио-изотоптық қондырғының басы
Нейтрондық көздер
Гамма – терапевтік қондырғылар
Контейнердің диеметрі 100 мм-хх
15019
16546
59252
75387
63110
63174
291839
5
18073
25708
128436
160881
173030
148667
1046626
10
21889
37156
210403
267748
310431
25
33339
71506
462304
588346
722632
50
52423
128757
882139
100
90590
243257
1721809
Ампулды ШИК-ны арнаулы автомобильмен тасымалдаудың құны сағатына 944,6 теңге. Жұмыс құны 1995 жылғы 16 маусымдағы жағдайға байланысты келтірілген және материалдарға, қосымша заттар мен қондырғыларға, сондай-ақ тапсырыс берушімен келісімге тұрғандағы жұмыстың өзіндік құнына әсер ететін басқа да бағалар өзгерген жағдайда реттеліп отырады.
Арнаулы дайындалған және арналған ( радиоизотопты қондырғылы) ампулды гамма - әрі нейтронды көздермен істелетін жұмыс құны жеке жағдайда анықталады, бірақ терапевтік және гамма қондырғылы жұмыс құнынан артпайды.
Ескерту: х) Альфа, бета, гамма көзді контейнерлер деп, О,8x0,8x1.0 м көлеміндегі жәшіктерді түсінеміз.

хх

Хх) Контейнердіқ диаметрі (изотоптық ұшының мөлшері) контейнер (зат) болу мен ампулды ИШК-ны шығарып алуға берілетін "ыстық камераның" технологиялық саңлау диаметрімен анықталады.

13. 1999 жылға арналған қоршаған ортаны қорғаудың облыстық қорының СМЕТАСЫ

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 25 қаңтардағы
№ 17 шешіміне 4 қосымша
1999 жылға арналған қоршаған ортаны қорғаудың облыстық қорының СМЕТАСЫ
А. Үстіміздегі жылдың түсімдері
мың теңге
1. Ластаушы заттарды тастау, қүю қалдықтарды орналастыруда төлемдер төлеу жөніндегі түсімдер
231100
2. Зиянды өтеу туралы айыппұл бойынша өндірілетін сома есебінен алынатын түсімдер
2000
3. Лауазымдық тұлғалар мен жеке азаматтардан әкімшілік жолымен және соттасу ретімен өндіріліп, айыппұл есебінен алынатын түсімдер
400
4. Мемлекеттік экологиялық сараптаудан түсетін түсімдер
1500
ЖИЫНТЫҒЫ:
235000
оның ішінде Лисаков арнайы экономикалық аймағы (АЭА)
6050
(АЭА бюджетінің табиғат қорғау шараларына есептеледі)
Б. Шығыстар
Республикалық бюджетке аудару (79 процент)
180870
Облыстық бюджетке аудару (қоршаған ортаны қорғау қорына) (21 процент)
48080
олардың ішінде:
жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру
12361
оның ішінде:
қор басқармасының аппаратын және оның материалдық-техникалық базасын ұстау
7317
қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық атқарушы органдардың материалдық-техникалық базасын нығайту
4470
оның ішінде:
жүргізушілер құрамын және техникалық қызметкерлерді ұстау
2769
автокөлікті ұстау
1701
экологиялық тәрбие мен білім беруді дамытуға кететін шығындар
574